Мәслихаттың 2015 жылғы 8 шілдедегі № 329 "Амангелді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 404 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 6236 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 8 шілдедегі № 329 "Амангелді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5785 тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген ережедегі 21-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Кезектен тыс сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
Ә. Саматов