РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құрық селосы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 "Құрық селосы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйекте № 42 "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің:
1) тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы";
2) кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
3) 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Құрық – Ералиев станциясы автокөлік жолының батыс жағында орналасқан жерге "Маңғыстау" атауы берілсін.";
4) 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Арқалықов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";
5) 3 тармақпен толықтырылсын:
"Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Сарқұл |