Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы

Қарақия ауданы әкімдігі Құрық селосы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 шешімі. Қарақия ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 8 қыркүйектегі № 11-4-65 тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Мақат ауданы Мақат поселке әкімінің 2010.11.01 № 142 шешімімен.

      Мақат ауданының ономостикалық комиссиясының 2008 жылғы 16 сәуірдегі ұйғарымы негізінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы" туралы Заңының 14 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:

      1. Аудан орталығы Мақат поселкесінің "Мұнайшы" газеті редакциясының ғимаратынан бастап, Мақат желілік өндірістік басқармасына дейінгі аралықтағы көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Бекжанов Сәтқұлдың есімі берілсін.

      2. Осы шешімнен туындайтын мәселелердің орындалуын қадағалауды поселке әкімінің орынбасары Н. Төлегеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 


      Поселке әкімі            Е. Қардаров