"Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 362 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 ақпанда № 5365 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 362 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4778 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қарашада “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “1. Жалпы ережелер” деген бөлімде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      “10. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).”;
      “2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері” деген бөлімде:
      16-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      “4-1) “Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізу;”;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      “9) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау;”;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      “14-1) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдау;”;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      “19) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.”.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев