1. Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 "Стальная гвардия" газетінде жарияланған, 2016 жылдың 16 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 18 тармақ мемлекеттік тілде келесі редакцияда мазмұндалсын:
"18. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі жеке дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.";
2) 19 тармақ мемлекеттік тілде келесі редакцияда мазмұндалсын:
"19. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз даусының мүмкіндігімен) жол беріледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
В. Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. |
_______________ Э. Казимова |
"6" қазан 2016 жыл