"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 129 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3068 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. "Ауыл шаруашылығы саласындағы Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 219 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2786 болып тіркелген, 2015 жылдың 27 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "18" cәуір
№ 129 қаулысымен бекітілген

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және Тараз қаласының әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) кеңселері;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мыналардың:
      1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тәкелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
      2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге арналған төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және тіркейді.
      Өтінімді қабылдап алғаннан кейін, оны "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
      Өтінімді қабылдап алғаннан кейін оны Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
      Өтінім Қағидалардың шарттарына сәйкес болған жағдайда, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Егер теріс шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Бөлімнің жауапты орындаушысы жолдаған өтінімді қабылдайды, тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 1 (бір) сағат ішінде ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және оған өтінімді 2 (екі) сағат ішінде ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ақы төлеуге төлем құжаттарын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ақы төлеуге төлем құжаттарын бекітеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне 2 (екі) сағат ішінде ұсынады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді қабылдау, тіркеу, Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
      2) Бөлімнің жауапты орындаушысы жолдаған өтінімді қабылдау, тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
      3) жауапты орындаушыны анықтау және оған өтінімді ұсыну;
      4) ақы төлеуге төлем құжаттарын қалыптастыру және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жолдау;
      5) ақы төлеуге төлем құжаттарын бекіту және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне ұсыну;
      6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      Бөлімнің жауапты орындаушысы
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және тіркейді.
      Өтінімді қабылдап алғаннан кейін оны Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
      Өтінім Қағидалардың шарттарына сәйкес болған жағдайда, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Егер теріс шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Бөлімнің жауапты орындаушысы жолдаған өтінімді қабылдайды, тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 1 (бір) сағат ішінде ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және оған өтінімді 2 (екі) сағат ішінде ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ақы төлеуге төлем құжаттарын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ақы төлеуге төлем құжаттарын бекітеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне 2 (екі) сағат ішінде ұсынады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:
      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды.
      Өтінімді қабылдап алғаннан кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті беруші стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарламаны мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
      11. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің және парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау процесі) енгізуі;
      3) 1-шарт - порталда жеке сәйкестендіру нөмірімен / бизнес сәйкестендіру нөмірімен және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;
      4) 2- процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 – процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныстың нысанын шығарады, үлгі талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, нысанды (мәліметтерді енгізу) толтырады, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғайды, сондай-ақ сұранысты куәландыру үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін алады;
      6) 2-шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ бірдейлендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес сәйкестендіру нөмірі арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4- процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      8) 5- процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысы) электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау;
      9) 3-шарт-көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының стандартта көрсетілген, қызмет көрсетуге негіз болатын жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексереді;
      10) 6- процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7- процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңба мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен және порталмен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1, 2 және 3- қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының диаграммасы осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында және көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында (http://ush.zhambyl.kz) орналастырылады.

  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Шартты белгілер:

      


  "Тыңайтқыштар
(органикалықтарды
қоспағанда) құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары графикалық нысанының диаграммасы

      


Шартты белгілер: