Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлерін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 97 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 мамырда № 3056 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11223 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
      3. "Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлерін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2839 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Мамытбеков
      "06" сәуір 2016 жыл

  Жамбыл облысы облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "31" наурыз
№ 97 қаулысына қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың шекті нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 14.11.2016 № 333 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
1 тоннаға (литр, килограмм) субсидиялар нормалары, теңге
Отандық тыңайтқыш түрлері
1.
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
34 000
2.
Аммофос (N-10%: P2О5-46%)
тонна
50
62 500
3.
Суперфосфат (P2О5-19%)
тонна
50
32 500
4.
"Б" маркалы суперфосфат (P2О5-15%: К2О-2%)
тонна
50
21 281
5.
Фосфоритті ұн (P2О5-17%)
тонна
50
12 385
6.
Хлорлы калий (К2О-42%; KCL-65%)
тонна
50
105 000
7.
Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) (К2О 50%)
тонна
50
140 000
8.
Күрделі азотты-фосфорлы-калийлі минералды тыңайтқыш (NPK тукоқоспалары)
тонна
50
80 000
9.
"Супрефос-NS" азот-күкірт бар супрефосы
тонна
50
64 000
10.
Yara Liva Calcinit (кальций нитраты)
тонна
50
140 000
11.
Kristalon Cucumber 14-11-31
тонна
50
416 500
12.
Kristalon Special 18-18-18
тонна
50
355 500
13.
Kristalon Red 12-12-36
тонна
50
384 500
14.
Kristalon Yellow 13-40-13
тонна
50
398 000
15.
Құрамында азот- фосфор-күкірт бар тыңайтқыш А, Б, В маркалы
тонна
50
45 100
16.
Құрамында азот- фосфор- калий-күкірті бар тыңайтқыш (NPKS-тыңайтқыш)
тонна
50
49 160
17.
Байытылған суперфосфат
тонна
50
17 000
18.
"МЭРС" микротыңайтқыштары" құрамында микроэлементтерібар қоректендіретін ерітінділер
литр
50
5 000
 
Шетелдік тыңайтқыш түрлері
19.
Карбамид (N-46,3%)
тонна
30
36 000
20.
Сұйық азотты тыңайтқыштар (КАҚ) (N-27-33%)
тонна
30
25 500
21.
Аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
30
28 500
22.
15:15:15 маркалы азотты-фосфорлы-калийлы тыңайтқыш
тонна
30
54 000
23.
Нитроаммофоска (N-16: P-16: К-16)
тонна
30
54 000
24.
Аммиакты селитра
тонна
30
20 400
25.
А маркалы арнайы суда еритін моноаммонийфосфат (N-12% P 2О 5-61%)
тонна
30
114 000
26.
Калий сульфаты (Krista SOP)
тонна
30
134 400
27.
Магний сульфаты (Krista MgS)
тонна
30
90 300
28.
Krista MAG (магний нитраты)
тонна
30
111 600
29.
Krista K Plus (калий нитраты)
тонна
30
162 300
30.
Krista MKP (монокалий фосфат)
тонна
30
258 600
31.
YaraVita Rexolin D12, темір хелаты DTРA
килограмм
30
1 308
32.
YaraVita Rexolin Q40, темір Хелаты EDDHA
килограмм
30
1 127,7
33.
YaraVita Rexolin Cu15, мыс Хелаты EDTA
килограмм
30
1 303,2
34.
YaraVita Rexolin Mn13, марганец Хелаты EDTA
килограмм
30
965,4
35.
YaraVita Rexolin Zn15, мырыш Хелаты EDTA
килограмм
30
965,4
36.
Vara Vita Tenso Coctail
килограмм
30
1 296,9
37.
YaraVita Rexolin APN
килограмм
30
1 286,1
38.
YaraVita Rexolin, AВС
килограмм
30
1 026,9
39.
YaraLiva Brassitrel
килограмм
30
753
40.
Yara Vita Bortrac
литр
30
462,6
41.
Верхнекамск А, Б, В маркалы фосфрорит ұны, (P2О5-23-25%)
тонна
50
7 431
42.
Нитроаммофоска (N-23: P-13: К-8)
тонна
30
39 000
43.
Құрамында күкірті бар азот-фосфор тыңайтқыштар кешені, маркасы 20:20
тонна
30
37 500
44.
Мастер 13:40:13
килограмм
30
1 275
45.
Мастер 20:20:20
килограмм
30
1 230
46.
Мастер 3:11:38+4
килограмм
30
1 208
47.
Плантафол 20:20:20
килограмм
30
1 788
48.
Плантафол 5:15:45
килограмм
30
2 011
49.
Брексил Кальции
килограмм
30
4 217
50.
Брексил Цинк
килограмм
30
3 770
51.
Мастер 3.3.37
килограмм
30
1 600
52.
Мастер 15.5.30+2
килограмм
30
1 100
53.
Мастер 18:18:18
килограмм
30
1 100