1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 маусымдағы № 3219 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2015 жылдың 26 маусымында № 28 жарияланған) № 11-400 қаулысымен бекітілген "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Ереженің 17-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге".
2. "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялануын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Қарасаев |