Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 5235 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова
      "12" желтоқсан 2016 жыл

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 12 желтоұсандағы
  № 513 қаулысына 1-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі


Лауазымдар атауы
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1
Облыстық, аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысы;
2
Облыстық, аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары;
3
Бөлімшенің басшысы;
4
Барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5
Акушер;
6
Тәрбиеші;
7
Диеталық мейіргер;
8
Тіс дәрігері (дантист);
9
Тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы);
10
Мейіргер;
11
Зертханашы (медициналық);
12
Провизор (фармацевт);
13
Психолог маман;
14
Рентген зертханашысы;
15
Фельдшер;
16
Дәріхананың меңгерушісі;
17
Барлық мамандықтағы мұғалімдер;
18
Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
19
Фармацевт;
20
Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман;
21
Зертхана маманы;
22
Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер);
23
Сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер;
24
Нұсқаушы-дезинфектор.
 
Білім беру мамандарының лауазымдары:
1
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы;
2
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары (басшының ӘШБ жөніндегі орынбасарынан басқа);
3
Жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері;
4
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
5
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның әдіскері;
6
Аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің), концертмейстер (негізгі қызметтердің), тәлімгер, тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер (негізгі қызметтердің), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог;
7
Барлық мамандықты дәрігерлер;
8
Мейірбике (мейіргер);
9
Емдік денешынықтыру бойынша нұсқаушы, емдәмдік мейірбике;
10
Кітапхананың, шеберхананың, оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушісі);
11
Әдіскер, кітапханашы.
 
Спорт мамандарының лауазымдары:
1
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы; 
2
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары; 
3
Барлық мамандықтағы мұғалімдер;
4
Тәрбиеші; 
5
Кітапхана басшысы (меңгерушісі), кітапханашы;
6
Нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер;
7
Барлық мамандықтағы дәрігер; 
8
Медициналық бике/аға;
9
Диеталық бике;
10
Психолог;
11
Облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы;
12
Облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы;
13
Жаттықтырушы.
 
Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы;
2
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;
3
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК филиалының басшысы;
4
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК бөлімінің басшысы;
5
Музей басшысы (меңгерушісі);
6
Облыстық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы;
7
Аға ғылыми қызметкер;
8
Ғылыми қызметкер;
9
Кіші ғылыми қызметкер;
10
Қор сақтаушы;
11
Экскурсовод;
12
Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
13
Барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
14
Кітапханашы;
15
Музейлер қорын есепке алу архивисті;
16
Өнертанушы;
17
Инструктор;
18
Мұрағатшы.
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер басшысы;
2
Облыстық маңызы бар ММ басшысының орынбасары;
3
Мәдени ұйымдастырушы;
4
Музыкалық жетекші;
5
Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман;
6
Мейіргер;
7
Психолог;
8
Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
9
Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
10
Фармацевт;
11
Фельдшер;
12
Барлық мамандықтағы дәрігерлер.

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ММ – мемлекеттік мекеме;
      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      ӘШБ – әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 513 қаулысына 2-қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3267 тіркелген, 2008 жылғы 19 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 335"Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3270 тіркелген, 2008 жылғы 4 қарашадағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 296 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4034 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 473 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4719 тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).