Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі N 258 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 335 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 қазанда № 3270 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН: 
      1. Шиелі кентінде N 23 геологиялық барлау экспедициясы елді мекеніндегі атау берілмеген көшеге, еңбек ардагері, N 97 "Бәйгеқұм" кәсіптік техникалық училищесін 1964-1974 жылдары аралығында басқарған, ардагер-ұстаз Ыбырайхан Нәлібайұлының есімі берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1102 Шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1102 Шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.

      Кент әкімі                              М.Молдабаев