Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ІХ (кезектен тыс) сессияның төрайымы |
Қ.Өміртаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ө.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімі | Т.Ташмағамбетов |
9 желтоқсан 2016 жыл
Бурабай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-9/6 шешіміне қосымша |
Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтырулардың тізбесі
1. "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінде:1) аталған шешімнің кіріспесі:
мемлекеттік тілде "2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319" сөздерінен кейін "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген)" сөздерімен толықтырылсын;
орыс тілінде "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" сөздерінен кейін "(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 12 мая 2015 года № 11015)" сөздерімен толықтырылсын.
2) аталған шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ:

2. "Бурабай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 шілдедегі № 5С-44/2 "Бурабай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5397 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінде:
1) аталған шешімнің кіріспесі:
мемлекеттік тілде "2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319" сөздерінен кейін "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген)" сөздерімен толықтырылсын;
орыс тілінде "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" сөздерінен кейін "(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 12 мая 2015 года № 11015)" сөздерімен толықтырылсын.
2) аталған шешімнің 1 тармағының 3 азат жолы:

3. "Бурабай аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 6С-1/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінде:
1) аталған шешімнің кіріспесі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 13 бұйрығына" сөздерінен кейін "(Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12705 болып тіркелген)" сөздерімен толықтырылсын;
2) "Бурабай аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 6С-1/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімімен бекітілген, Бурабай аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 1 тармағы "(Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде" сөздерінен кейін "2015 жылғы 31 желтоқсанда" сөздерімен толықтырылсын.