Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 570 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 14750 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰИЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 570
бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газ шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) квоталар көлемінің резервінен квоталарды бөлу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолдануы үшін әзірленді.

      2. Әдістеме тиісті Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде қолданылады.

      3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары мыналар:

      1) жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу;

      2) Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квоталар беру;

      3) Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілік субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу;

      4) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін беру;

      5) аукцион шартымен квоталарды сату үшін квоталар резервінің көлемін (бұдан әрі - Резерв) қамтиды.

      4. Квоталар көлемінің резервін басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Осы Әдістеменің 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымына сатуды ұйымдастыру үшін беріледі.

      Резервтегі парниктік газдарға квоталарды сатудан алынған қаражат мемлекеттік бюджеттің кірісіне түседі.

      5. Резервтен квоталар алуға негізделген парниктік газдар шығарындыларының көлемінің есептеулерін жасаған кезде тиісті Ұлттық жоспарда квоталау мақсатында қарастырылған парниктік газдар шығарындылары ескеріледі.

      6. Осы Әдістемеде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.

2-тарау. Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталарды бөлу

      7. Резервтегі квоталар көлемі Резерв санаттары арасында тең бөліктермен мынадай формула бойынша бөлінеді:


      Vi= V / n; мұндағы,


      Vi - Резервтің бір санаты үшін Резервтегі квоталар көлемі,

      V = Резерв көлемі,

      n = Резерв санаттарының саны.

      8. Жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу, сұртылғын квота көлемін негіздейтін, верификацияланған есептер негізінде Резервтен жүзеге асырылады.

      Жаңа қондырғылар үшін Резерв санатында қалған квоталар көлемі мынадай түрде есептеледі:

      Vai=Va -

ai; мұндағы,

      Vаі - жаңа қондырғылар үшін Резервте қалған квоталар көлемі;

      Vа - Резервтегі жаңа қондырғылар үшін квоталар көлемі;

      аi - жаңа қондырғы үшін сұратылған квоталар көлемі.

      9. Реттелетін қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталарды бөлу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14012 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен Резервтен жүзеге асырылады.

      Қосымша квоталарды беру үшін Резерв санатында қалған квоталар көлемі мынадай түрде есептеледі:


      Vbi= Vb -

bi; мұндағы,

      Vbi - қосымша квоталарды беру үшін Резервтегі қалған квоталар көлемі;

      Vb - қосымша квоталарды беру үшін Резервтегі квоталар көлемі;

      bі - сұратылған қосымша квотаның көлемі.

      10. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін квоталар бөлу, сұратылған квота көлемін негіздейтін, верификацияланған есептер негізінде Резервтен жүзеге асырылады

      Қосымша квоталарды беру үшін Резерв санатында қалған квоталар көлемі мынадай түрде есептеледі:


      Vci = Vc -

ci; мұндағы,

      Vсі - реттелетін санатқа көшетін әкімшілендіру субъектілеріне беру үшін Резервте қалған квоталар көлемі;

      Vс - реттелетін санатқа көшетін әкімшілендіру субъектіліріне беру үшін Резервтегі квоталар көлемі;

      сi - реттелетін санатқа көшетін әкімшілендіру субъектілеріне беру үшін сұратқан квоталар көлемі.

      11. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалардың өтініш берушілері үшін квоталарды бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 мауысымдағы № 841 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қосымша квоталарды беру үшін Резерв санатында қалған квоталар көлемі мынадай түрде есептеледі:


      Vdi = Vd -

di; мұндағы,

      Vdі - шығарындыларды азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту бойынша ішкі жобалардың өтініш берушілері үшін Резервте қалған квоталар көлемі;

      Vd - шығарындыларды азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту бойынша ішкі жобалардың өтініш берушілері үшін Резервтегі квоталар көлемі;

      dі - шығарындыларды азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту бойынша ішкі жобалардың өтініш берушілер сұратылған квоталар көлемі.

      12. Кодекстің 94-5-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген аукцион шартымен сату үшін квоталар көлемін бөлу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымына беру жолымен сатуды ұйымдастыру үшін жүзеге асырылады.

      Квоталарды аукцион шартымен сату үшін Резервте қалған квоталар көлемі мынадай түрде есептеледі:


      Vei = Ve -

ei; мұндағы,

      Vei - аукцион шартымен сату үшін Резервтегі қалған квоталар көлемі;

      Ve - аукцион шартымен сату үшін Резервтегі квоталар көлемі;

      еi - аукцион шартымен сатылған квоталар көлемі.

      13. Осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген Резерв санаттарының бірінде квоталар көлемі көзделген көлемнің бірден бесін құраған жағдайда, уәкілетті органның хабарлауы бойынша Көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген Резерв санаттарында қалған барлық квоталар көлемін осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген формула бойынша қайта бөледі.

      Сонымен бірге, аукцион шартымен квоталарды сатуға қарастырылған квоталар көлемі қайта бөлуге жатпайды.