"Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 14749 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10831 тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың екінші абзацының күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 507 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында:

      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.

      МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;

      2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде);

      3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);

      4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);

      5) біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық қарап-тексеру актілерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);

      6) заңды тұлғаның мөрімен расталған МеӨҚҚ-нің ұйымдық-штаттық құрылымын;

      7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;

      8) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;

      9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе МеӨҚҚ-дағы (кадр қызметі растаған) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелерін, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізім көшірмесін;

      10) МеӨҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттар көшірмелерін (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);

      11) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 тіркелген) МеӨҚҚ мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктер көшірмесін;

      12) жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін (жүргізушілер үшін);

      13) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) 086/У нысанындағы қызметкерлердің медициналық анықтамаларын;

      14) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларын;

      15) гараж боксының, қызметтік үй-жайлардың фотосуреттерін қоса отырып, қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектіні пайдалану құқығының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.".

      5. МеӨҚҚ қайта аттестаттауды жүргізу үшін өтініш беруші құжаттарды Комитетке алдыңғы аттестаттауда анықталған кемшіліктерді ескере отырып, ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комитет өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, Комитет құжаттарды өтініш берушіге бере отырып, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.";

      7-9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аттестаттау комиссиясына ұсынылатын құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі, өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      8. Ұсынылған құжаттардың негізінде аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасын жасайды.

      9. Комиссия ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бас тарту себептері туралы өтініш берушіге хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Аттестатты беруден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы негізінде жүзеге асырылады".";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аттестаттау комиссиясының аттестатты беруден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ тіркеу журналына (тізіліміне) енгізіледі. МеӨҚҚ тізілімі Комитеттің сайтында орналастырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Аттестаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

      1) МеӨҚҚ аттестаттың қолданысын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсыну;

      2) заңды тұлғаны тарату;

      3) қолдану мерзімінің аяқталуы (берілген уақыттан бастап 3 жыл).";

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 1, 2, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 507 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккерге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2016 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 26 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 1108 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 бұйрығына
1-қосымша

Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 507 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 1108 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
ІІМ Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасына
______________________

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және _______________________

      ________________________________________________________________________________

      (МӨҚҚ атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (өртке қарсы қызмет түрі)

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін

      қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу

      құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.

      БСН: ______________________________________________

      МӨҚҚ орналасқан жері: ______________________________

      М.О.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы _________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      __________________ (күні)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 1108 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
(аттестаттауды өткізуге жауапты
органның лауазымды адамы)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________
(күні)

№ ____ аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасы

      20___жылғы "___"__________және 20___жылғы "___"__________аралығында

      ________________________________________________________________________негізінде

      (аттестаттауды өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)

      комиссия мынадай құрамда:

      Комиссия

      төрағасы________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Комиссия төрағасының орынбасары

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия

      хатшысы________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      аттестаттаудан өткізді

      (аттестаттау түрі)

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді:

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (өртке қарсы қызмет түрі)

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі

      жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталады (аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтпеді)

      мынадай негіздер бойынша (аттестаттаудан бас тартқан жағдайда толтырылады):

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      Комиссия төрағасы________________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Комиссия төрағасының орынбасары_________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Комиссия хатшысы_______________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 1108 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы (тізілімі)

р/с

Аттестаттың тіркеу нөмірі

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрылтайшылары (заңды тұлғаның атауы)

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары

Ескертпе

1

2

3

4

5

6