"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14739 болып тіркелді.

Қолданыстағы

       "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10293 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, сату, бөлу, пайдалану, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдарының қорытындысы

"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші алады

4

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорларының айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайту талаптарына сәйкес келетін есірткі құралдарын және (немесе) психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау үшін тағайындалған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде арнайы жабдықталған үй-жайлар

Заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлінісінің келісім-хаты
 

Техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлінісінің келісім-хатымен расталады

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларын сақтау үшін арналған үй-жайды күзету

Меншік нысанына қарамастан Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларын сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшарты

Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады

      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

       "

12

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндірумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, сатумен, пайдаланумен, жоюмен байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде

Осы біліктілік талаптардың 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтары және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бойынша құжаттар ұсынылады

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 9-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес

      ";

      реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде жолдау;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 22 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      ______________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 14 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 20 желтоқсан

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 26 желтоқсан