"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2016 жылғы 3 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________ А. Мырзахметов
2016 жылғы 5 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2016 жылғы 4 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 26 қазан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________________ С. Жасұзақов
2016 жылғы 7 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________ Е. Ыдырысов
2016 жылғы 13 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
__________________ К. Мәсімов
2016 жылғы 21 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 21 қазан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 14 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 1 қараша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 719 бұйрығымен бекітілген |
Эскпорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органның экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортының жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану мақсатында жүргізіледі.
3. Осы Ереженің күші барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты саласындағы Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша (бұдан әрі - лицензия) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бермейді.
6. Лицензия көрсетілетін қызметті алушыға 8 осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде лицензияның қолданылу шарттарында экспорттық бақылауға жататын экспорттауға немесе импорт өнімдеріне рұқсат беретін ресми құжат болып табылады.
7. Экспорты немесе импорты лицензиялануға тиіс өнімнің тізбесі халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген.
8. Лицензия көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Лицензияның қолданылу мерзімі осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімімен шектеледі.
9. Лицензия шартқа (келісімшартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес тауардың әрбір түріне беріледі. Берілген лицензияларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
10. Өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ СЭҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі, өйткені сол немесе өзге өнімді сәйкестендіру және екі немесе әскери мақсатқа сәйкестендіру жөніндегі түпкілікті шешім бақылау тізімдері бойынша белгілі бір кодқа сәйкес келетін осы тізімнің бақыланатын өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады.
11. Лицензия Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде де, үшінші елдерге де, үшінші елдерден де экспорттық бақылауға жататын өнімдерді тасымалдау үшін ресімделеді.
12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген.
14. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі:
лицензияны беру кезінде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалығын тексеруді Растауды алу қажет болған жағдайды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей. Мұндай жағдайда лицензия осындай растауды алғаннан кейін беріледі;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
18. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
19. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.
Жауапты орындаушы тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салумен бір мезгілде оның түпнұсқалығын тексеруді Растауды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін жібереді.
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген 1С350 немесе 10С905 бақылау кодтарына сәйкес келетін экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау кезінде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының:
келісім-шартына сәйкес контрагентке бастапқы экспорттың;
уәкілетті органның мемлекеттік органдардан экспортты жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат алуы.
Көрсетілетін қызметті алушы экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алуға құжаттар ұсынылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне түпкілікті пайдаланушы сертификатының түпнұсқасын ұсынады.
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 16-бабы 1) тармағының негізінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады.
Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда лицензия беру келісілген болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе тараптардың импорттаушымен (түпкі пайдаланушымен) ниетін растайтын өзге де құжаттың талаптарына сәйкес әскери мақсаттағы өнімнің экспортын жасағаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге экспорттық бақылауға жататын өнімнің жеткізілуін растау сертификатын ұсынуға міндетті.
21. Жауапты орындаушы өтінішті қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия, өнімнің экспорты мен импортына қайта ресімделген лицензия немесе дәлелді бас тарту ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
22. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
25. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
26. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау ережесіне 1-қосымша |
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
лицензияны беру кезінде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалығын тексеруді Растауды алу қажет болған жағдайды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей. Мұндай жағдайда лицензия осындай растауды алғаннан кейін беріледі; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына Лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК); |
7 | жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
1-нысан |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алу үшін өтініш.
1. Лицензия № | |
2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН)) | |
3. Дайындаушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН (Қазақстан Республикасының резиденті үшін)) | |
4. Сатып алушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) | |
5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)) | |
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органы | 7. Лицензияның қолданылу мерзімі |
8. Лицензияны (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен айыру құжаты) сұрау салу үшін негіздеме) | |
9. Өнімнің атауы | |
10. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауар коды | 11. Бақылау тізімдері бойынша тауардың коды |
12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосымша) | 13. Жиынтық саны |
14. Келісім-шарт валютасы | 15. Келісім-шарт валютасындағы жалпы құны |
16. Есеп айырысу (валюталық) шоттардың нөмірлері, банктің атауы | |
17. Осымен: | |
18. Өтініш берушіден | |
19. Лицензияның ерекше шарттары |
2-нысан |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алу үшін өтініш.
1. Лицензия № | |
2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН)) | |
3. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН)) | |
4. Сатушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) | |
5. Шығарылған елі | |
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органы | 7. Лицензияның қолданылу мерзімі |
8. Лицензияны (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен айыру құжаты) сұрау салу үшін негіздеме) | |
9. Өнімнің атауы | |
10. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауар коды | 11. Бақылау тізімдері бойынша тауардың коды |
12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосымша) | 13. Жиынтық саны |
14. Келісім-шарт валютасы 15. Келісім-шарт валютасындағы жалпы құны | 14. Келісім-шарт валютасы 15. Келісім-шарт валютасындағы жалпы құны |
16. Есеп айырысу (валюталық) шоттардың нөмірлері, банктің атауы | |
17. Осымен: | |
18. Өтініш берушіден | |
19. Лицензияның ерекше шарттары |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау ережесіне 2-қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан | |
Нұр-Сұлтан қ. | г. Нур-Султан | |
Нөмір: [Құжаттың нөмірі] | Берілген күні: [берілген күні] жыл |
[Ұйымның атауы, | |
заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] |
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.:
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.(бар болса)]
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау ережесіне 3-қосымша |
|
1-нысан |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия
1. Өтініш № | |||
2. Өтінішберуші (толықатауы, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы, БСН / ЖСН) | |||
3. Әзірлеуші (толықатауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы, БСН / ЖСН (ҚазақстанРеспубликасыныңрезидентіүшін) | |||
4. Сатыпалушы (толықатауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы) | |||
5. Соңғытұтынушы (толықатауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы) | |||
6. ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіккірістер органы | 7. Лицензияныңәрекететумерзімі | ||
8. Лицензиянысұрауүшіннегіз (шарт, келісімшарт, келісімнемесесыртқысаудамәмілесініңқатысушыларыарасындағыөзгеиеліктеншығаруқұжаты) | |||
9. Өнімніңатауы | |||
10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды | 11. Тауардыңбақылаутізімдерібойынша коды | ||
12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойыншаөлшембірлігі (негізгінемесеқосалқы) | 13. Жиынтық саны | ||
14. Келісімшартвалютасы | 15. Келісімшартвалютасындағыжалпықұны | ||
16. Есепайырысу (валюталық) шоттарыныңнөмірлері, банк атауы | |||
17. Келісілді | |||
| |||
20. Лицензияның ерекше шарттары |
2-нысан |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына лицензия
1. Өтініш № | |||
2. Өтінішберуші (толықатауы, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы, БСН / ЖСН) | |||
3. Соңғытұтынушы (толықатауы, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы БСН/ЖСН) | |||
4. Сатушы (толықатауы, ел, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы) | |||
5. Шыққанелі | |||
6. ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіккірістер органы | 7. Лицензияныңәрекететумерзімі | ||
8. Лицензиянысұрауүшіннегіз (шарт, келісімшарт, келісімнемесесыртқысаудамәмілесініңқатысушыларыарасындағыөзгеиеліктеншығаруқұжаты) | |||
9. Өнімніңатауы | |||
10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды | 11. Тауардыңбақылаутізімдерібойынша коды | ||
12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойыншаөлшембірлігі (негізгінемесеқосалқы) | 13. Жиынтық саны | ||
14. Келісімшартвалютасы | 15. Келісімшартвалютасындағыжалпықұны | ||
16. Есепайырысу (валюталық) шоттарыныңнөмірлері, банк атауы | |||
17. Келісілді | |||
| |||
20. Лицензияның ерекше шарттары |