"Қазақстан Республикасының Халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6 - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (28328 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
7 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталық ауруханалар (бұдан әрі –АОА), ауданаралық ауруханалар (бұдан әрі – ААА) және ауылдық аурухана (бұдан әрі – АА) МО бөлімшелері (төсектік);";
18, 19 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ересектер мен балаларға барлық кезеңдерде МО көрсету медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге ұсынылатын МО көлемінде жүзеге асырылады.
19. МО-ның көлемі төмендегідей бөлінеді:
1) І оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес реанимация және қарқынды терапия немесе мамандандырылған бейінді бөлімшелерде ұсынылатын емдеу-диагностикалау және жекелеген оңалту қызметтерінің көлемі;
2) ІІ А оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес республикалық орталықтардың, көп бейінді стационарлардың, ОО МО бөлімшелерінде БӘФ бұзылушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;
3) ІІ Б оңалту - бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың, ОО МО бөлімшелерінде БӘФ ауыр бұзылушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;
4) амбулаториялық І оңалту - бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес АЕҰ-да, санаторийлерде пациенттерге ұсынылатын емдеу-диагностикалау және жекелеген оңалту қызметтерінің көлемі;
5) амбулаториялық ІІ оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемге сәйкес АЕҰ, АОА, ААА, АА, ОО емханаларының күндізгі стационарларында және (немесе) емханалық бөлімшелерінде, санаторийлерде БӘФ бұзушылықтары бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;
6) қолдаушы оңалту (мүгедектер мен балалар үшін) – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес АЕҰ, АОА, ААА, АА, ОО емханаларының күндізгі стационарларында және (немесе) емханалық бөлімшелерінде, үй стационарында және санаторийлерде БӘФ бұзушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;
7) қайта оңалту (балалар үшін) – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес, халықаралық өлшемдер бойынша ОО, МО-ның бөлімшелерінде, санаториийлерде БӘФ бұзушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі.";
екінші бөлімнің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) екінші кезең (жалғастырушы) - медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес, ерте қалпына келтіру кезеңі ішінде немесе жарақаттануда МО көрсетуді нозологияға, пациенттің ауырлық жағдайына, халықаралық өлшемдерге сәйкес БӘФ бұзылушылығына байланысты және "ІІ А оңалту" немесе "ІІ Б оңалту" көлемінде және республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың, ОО-ның МО бөлімшелерінде МТК өткізеді.
Медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттер "ІІ А оңалтудың" екінші кезеңіне бастан өткерген аурудан кейінгі (операциялық араласу) алғашқы алты ай ішінде бастан өткерген жарақатынан кейінгі он екі айда жіберіледі.
Медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттер "ІІ Б оңалтудың" екінші кезеңіне бастан өткерген аурудан кейін (операциялық араласу) алғашқы он екі айдың ішінде бастан өткерген жарақатынан кейін жиырма төрт айда жіберіледі.";
бесінші бөлімнің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қолдаушы оңалту – аурудың резуальды кезеңінде МО-ның екінші және үшінші кезеңдерін аяқтаған БӘФ тұрақты бұзылушылығы бар мүгедектерге және балаларға халықаралық критерийге сәйкес жүзеге асырылады.
Қолдаушы оңалтуды жылына бір рет МТК мамандары "Қолдаушы оңалту" көлемінде МО-ны тағайындаумен амбулаториялық жағдайларда және санаторийлерде медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес АОА, ААА, АА-ның күндізгі стационарларында, санаторийлерде АЕҰ жағдайында жүзеге асырылады.
Өз беттерінше қозғала алмайтын, бірақ қалпына келтіру болашағы бар немесе функциясын компенсациялауға болатын, зерттеудің нақты әдістері расталған пациенттерге, МО-ны үй жағдайында АЕҰ-ның МДК мамандары жүзеге асырады (көшпелі нысаны).
Медициналық оңалтудың негізгі кезеңдерінде емделуге жатқызу аурудың бүкіл кезеңіне бір рет жүргізіледі.";
27 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Бір медициналық ұйымның ішінде МО-ның екінші кезеңін өткізу үшін пациент порталда тіркелмей МО бөлімшесіне (төсек) ауыстырылады және бір емделген жағдай болып есептеледі. МО бөлімшесі (төсек) болмаған жағдайда пациентті бөлімшеде (төсек) МО бар ұйымға ауыстыру Портал арқылы жүзеге асырылады. Пациентті МО бейінді бөлімшесіне ауыстыру қабылдаушы ұйымның МТК үйлестіруші дәрігерімен алдын ала келісу арқылы бағыттаушы ұйымның үйлестіруші-дәрігері жүзеге асырады.
МО-ның екінші кезеңі Порталға тіркеу арқылы жүргізіледі.";
29 - тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ІІІ дәрежеден аса тыныс алу функциясының жетіспеушілігі;";
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 9-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 10-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 11-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 13-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 14-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 17-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 20-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 23-қосымша осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталлондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Екінші кезең " II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)
р/с № |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Миокард инфаркты | СН I–III ФК (NYHA); |
2. | Стенокардия: I 20.8; | Күш түсу стенокардиясы III ФК(NYHA); |
3. |
Оң және сол қарыншаның қанайналымын қолдайтын нақтыланған қосымша құрылғыларды имплантаттау немесе жүрек және қантамыр импланттары мен транспланттарының болуы: | СН I–III ФК (NYHA); |
4. |
Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік ақаулары: | СН II- I II ФК (NYHA); |
5. | Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7; | СН III ФК (NYHA); |
6. |
Өкпенің бастапқы гипертензиясы: | СН I–III ФК (NYHA); |
Екінші кезең " II А оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
р/с № |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Аяқ - қол сүйектері сынғаннан кейін: |
Barthel индексі > 45 балл; |
2. |
Буынды ауыстыру операциясынан кейін: |
Barthel индексі > 45 балл; |
3. |
Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынуын операциялық емдеуден кейін: |
Barthel индексі > 45 балл; |
4. |
Буындарға артроскопиялық операция жасағаннан кейін: |
MRC- scale – 2 - 3 балдан жоғары; |
Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Жұлынның зақымдануы: |
Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %; |
2. |
Операциялық араласудан кейін: |
Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %; |
3. |
Бассүйек-ми жарақатынан, омыртқа-жұлын жарақатынан және перефириялық нервтердің және оның өрімдерінің жарақатынан кейін: |
Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %; |
4. |
Мидың зақымдануы: |
Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %; |
Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Жұлынның зақымдануы: |
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %; |
2. |
Операциялық араласудан кейін: |
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %; |
3. |
Ауыр бассүйек-ми жарақатынан, омыртқа-жұлын жарақатынан және перефириялық нервтердің және оның өрімдерінің жарақатынан кейін: |
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %; |
4. |
Мидың зақымдануы: |
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %; |
Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
р/с№ |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Аяқ-қол сүйектері сынғаннан кейін: |
Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес; |
2. |
Буынды ауыстыру операциясынан кейін: |
Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес; |
3. |
Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған қисаюларын және сынуларын операциялық емдеуден кейін: |
Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес; |
4. |
Буындарға артроскопиялық операция жасағаннан кейін: |
MRC- scale – 2 - 3 балдан жоғары; |
Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)
р/с | Нозологиялық нысан (АХЖ-Х бойынша коды) |
Халықаралық өлшем |
1. |
Жұлынның зақымдалуы: |
Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %; |
2. |
Операциялық араласудан кейін: |
Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %; |
3. |
Ауыр бассүйек-ми жарақатынан, омыртқа-жұлын жарақатынан және перефириялық нервтердің және оның өрімдерінің жарақатынан кейін: |
Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %; |
4. |
Мидың зақымдануы: |
Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %; |
"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)
р/с№ |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Аяқ-қол сүйектері сынғаннан кейін: |
Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес; |
2. |
Буынды ауыстыру операциясынан кейін: |
Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес; |
3. |
Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған қисаюларын және сынуларын операциялық емдеуден кейін: |
Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес; |
"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. |
Жұлынның зақымдануы: |
Тетраплегия ASIA - B, C, D; |
2. |
Мидың зақымдануы: |
Mini Mental Тест - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс); |
3. |
Ауыр бассүйек-ми жарақатынан, омырқа-жұлын жарақатынан кейін: |
ASIA - B, C, D; |
Екінші кезең "II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
4. |
Қайталама өкпе гипертензиясы: | ЖЖ I-III ФК (NYHA) |
Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. | Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың салдары: | |
Бассүйекішілік жарақат салдары: |
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл; | |
Жұлын жарақаттарының салдары: |
Аяқ-қолға жасалған микрохирургиялық операциялардан кейін бұлшықеттің бір тобындағы күш 3 балдан төмен болмаса; | |
2. |
Жекелеген нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы: |
Жекелеген нервтердің парездерінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстары кезінде; |
Полиневропатиялар мен шеткі нерв жүйесінің басқа зақымданулары: |
Нерв –психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 0 -1,75 балл; | |
3. |
Орталық нерв жүйесінің асқынған аурулары және олардың салдары: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
4. |
Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
5. |
Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
6. |
Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар: |
Сан, омыртқа, аяқ-қолға жасалған түзету операцияларынан кейін Barthel индексі мод. 80 және одан төмен балдар |
7. |
Операциялық араласудан кейін: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
8. | Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту: H 90.3; | Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай; |
Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. | Ауыр бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың зақымдары: | |
Бассүйекішілік жарақаттың салдары: | НПДШ 0 - 1,75 балл; | |
Barthel индексі мод. 30 - 90 балл және одан төмен; | ||
Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары: |
Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында; | |
2. |
Жұлын жарақатының салдары: |
ASIA - A, B, C зақымы |
3 |
Орталық нерв жүйесінің асқыну аурулары және олардың салдары: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
4. |
Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
5. |
Операциялық араласудан кейін: |
НПДШ 0 - 1,75 балл; |
Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
р/с |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. | Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың салдары: | |
Бассүйекішілік жарақаттың салдары: |
Нерв –психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 1 - 1,75 балл; | |
Жұлын жарақатының салдары: |
Barthel индексі мод. 60 - 125 балл; | |
2. |
Жеке нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы: |
Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында; |
Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары: |
НПДШ 1 - 1,75 балдан жоғары; | |
3. |
Орталық нерв жүйесінің асқынған аурулары және олардың салдары: G 09; |
НПДШ – 1 - 1,75 балл; |
4. |
Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар: |
НПДШ - 0,5 - 1,75 балл; |
5. |
Эпизодтық және пароксизмалдық бұзылулар: |
НПДШ - 0,5 - 1,75 балл; |
6. |
Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары: |
НПДШ - 0,5 - 1,75 балл; |
7. |
Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар: |
Ashworth спастикалық шкаласы 1 -2, GMFCS 1 - 2, GMFМ шкаласы; |
8. |
Операциялық араласудан кейін: |
НПДШ – 0,5 - 1,75 балл; |
9. |
Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары: |
НПДШ 1 - 1,75 балдан жоғары; |
10. | Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту: H 90.3; | Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай; |
"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
р/с№ |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. | Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың зақымдары: | |
Бассүйекішілік жарақат салдары: |
Нерв - психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 1 балл; | |
Жұлын жарақатының салдары: |
Barthel индексі мод. 60 балл; | |
2. |
Жеке нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы: |
Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында; |
Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары: |
НПДШ 1 - 1,75 балл; | |
3. |
Орталық нерв жүйесінің асқынған ауруларының салдары: |
НПДШ - 1 балл; |
4. |
Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
5. |
Эпизодтық және пароксизмалдық бұзылыстар: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
6. |
Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
7. |
Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар: |
Ashworth спастикалық шкаласы |
8. |
Операциялық араласудан кейін: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
9. |
Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары: |
НПДШ 1 - 1,75 баллдан жоғары; |
10. |
Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту: | Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай; |
"Қайта оңалту" қайта оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)
р/с№ |
Нозологиялық нысан |
Халықаралық өлшем |
1. | Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың зақымдары: | |
Бассүйекішілік жарақат салдары: |
Нерв - психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 0,5 - 1 балл; | |
Жұлын жарақатының салдары: |
Barthel индексі мод. 60 балл; | |
2. |
Жеке нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы: |
Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында; |
Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары: |
НПДШ 0,5 - 1,75 балл; | |
3. |
Орталық нерв жүйесінің асқынған ауруларының салдары: |
НПДШ - 0,5 - 1 балл; |
4. |
Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
5. |
Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
6. |
Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар: |
Ashworth спастикалық шкаласы 1 -2, GMFCS 1 - 2, GMFМ шкаласы; |
7. |
Операциялық араласудан кейін: |
НПДШ 0,5 - 1 балл; |
8. |
Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары: |
НПДШ 0,5 - 1 балл және жоғары; |
9. |
Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту: | Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай; |