"Қазақстан Республикасының Халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1083 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 14686 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен

"Қазақстан Республикасының Халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6 - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (28328 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      7 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталық ауруханалар (бұдан әрі –АОА), ауданаралық ауруханалар (бұдан әрі – ААА) және ауылдық аурухана (бұдан әрі – АА) МО бөлімшелері (төсектік);";

      18, 19 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ересектер мен балаларға барлық кезеңдерде МО көрсету медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге ұсынылатын МО көлемінде жүзеге асырылады.

      19. МО-ның көлемі төмендегідей бөлінеді:

      1) І оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес реанимация және қарқынды терапия немесе мамандандырылған бейінді бөлімшелерде ұсынылатын емдеу-диагностикалау және жекелеген оңалту қызметтерінің көлемі;

      2) ІІ А оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес республикалық орталықтардың, көп бейінді стационарлардың, ОО МО бөлімшелерінде БӘФ бұзылушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;

      3) ІІ Б оңалту - бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың, ОО МО бөлімшелерінде БӘФ ауыр бұзылушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;

      4) амбулаториялық І оңалту - бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес АЕҰ-да, санаторийлерде пациенттерге ұсынылатын емдеу-диагностикалау және жекелеген оңалту қызметтерінің көлемі;

      5) амбулаториялық ІІ оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемге сәйкес АЕҰ, АОА, ААА, АА, ОО емханаларының күндізгі стационарларында және (немесе) емханалық бөлімшелерінде, санаторийлерде БӘФ бұзушылықтары бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;

      6) қолдаушы оңалту (мүгедектер мен балалар үшін) – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес АЕҰ, АОА, ААА, АА, ОО емханаларының күндізгі стационарларында және (немесе) емханалық бөлімшелерінде, үй стационарында және санаторийлерде БӘФ бұзушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;

      7) қайта оңалту (балалар үшін) – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес, халықаралық өлшемдер бойынша ОО, МО-ның бөлімшелерінде, санаториийлерде БӘФ бұзушылығы бар пациенттерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі.";

      20-тармақта:

      екінші бөлімнің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) екінші кезең (жалғастырушы) - медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес, ерте қалпына келтіру кезеңі ішінде немесе жарақаттануда МО көрсетуді нозологияға, пациенттің ауырлық жағдайына, халықаралық өлшемдерге сәйкес БӘФ бұзылушылығына байланысты және "ІІ А оңалту" немесе "ІІ Б оңалту" көлемінде және республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың, ОО-ның МО бөлімшелерінде МТК өткізеді.

      Медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттер "ІІ А оңалтудың" екінші кезеңіне бастан өткерген аурудан кейінгі (операциялық араласу) алғашқы алты ай ішінде бастан өткерген жарақатынан кейінгі он екі айда жіберіледі.

      Медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттер "ІІ Б оңалтудың" екінші кезеңіне бастан өткерген аурудан кейін (операциялық араласу) алғашқы он екі айдың ішінде бастан өткерген жарақатынан кейін жиырма төрт айда жіберіледі.";

      бесінші бөлімнің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қолдаушы оңалту – аурудың резуальды кезеңінде МО-ның екінші және үшінші кезеңдерін аяқтаған БӘФ тұрақты бұзылушылығы бар мүгедектерге және балаларға халықаралық критерийге сәйкес жүзеге асырылады.

      Қолдаушы оңалтуды жылына бір рет МТК мамандары "Қолдаушы оңалту" көлемінде МО-ны тағайындаумен амбулаториялық жағдайларда және санаторийлерде медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес АОА, ААА, АА-ның күндізгі стационарларында, санаторийлерде АЕҰ жағдайында жүзеге асырылады.

      Өз беттерінше қозғала алмайтын, бірақ қалпына келтіру болашағы бар немесе функциясын компенсациялауға болатын, зерттеудің нақты әдістері расталған пациенттерге, МО-ны үй жағдайында АЕҰ-ның МДК мамандары жүзеге асырады (көшпелі нысаны).

      Медициналық оңалтудың негізгі кезеңдерінде емделуге жатқызу аурудың бүкіл кезеңіне бір рет жүргізіледі.";

      27 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Бір медициналық ұйымның ішінде МО-ның екінші кезеңін өткізу үшін пациент порталда тіркелмей МО бөлімшесіне (төсек) ауыстырылады және бір емделген жағдай болып есептеледі. МО бөлімшесі (төсек) болмаған жағдайда пациентті бөлімшеде (төсек) МО бар ұйымға ауыстыру Портал арқылы жүзеге асырылады. Пациентті МО бейінді бөлімшесіне ауыстыру қабылдаушы ұйымның МТК үйлестіруші дәрігерімен алдын ала келісу арқылы бағыттаушы ұйымның үйлестіруші-дәрігері жүзеге асырады.

      МО-ның екінші кезеңі Порталға тіркеу арқылы жүргізіледі.";

      29 - тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ІІІ дәрежеден аса тыныс алу функциясының жетіспеушілігі;";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 9-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 10-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 11-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 13-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 14-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 17-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 20-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 23-қосымша осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталлондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
1 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
1 - қосымша

Екінші кезең " II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (ересектер)

р/с №

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Миокард инфаркты
(2 айға дейінгі жіті кезеңде):
I 21–I 22;

СН I–III ФК (NYHA);

2.

Стенокардия: I 20.8;

Күш түсу стенокардиясы III ФК(NYHA);

3.

Оң және сол қарыншаның қанайналымын қолдайтын нақтыланған қосымша құрылғыларды имплантаттау немесе жүрек және қантамыр импланттары мен транспланттарының болуы:
Z 95;

СН I–III ФК (NYHA);

4.

Жүрек қақпақшаларының ревматизмдік ақаулары:
I 05–I 08;

СН II- I II ФК (NYHA);

5.

Кардиомиопатия I 42.0–5; I 42.7;

СН III ФК (NYHA);

6.

Өкпенің бастапқы гипертензиясы:
I 27.0;

СН I–III ФК (NYHA);

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
2 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
2 - қосымша

Екінші кезең " II А оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)

р/с №

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Аяқ - қол сүйектері сынғаннан кейін:
S 42, S 42.0, S 42.2, S 42.3,
S 42.4, S 42.7, S 42.8,
S 52.0 - 9, S 58, S 62, S 68,
S 72, S 82.1 – 9; Z 54.0;

Barthel индексі > 45 балл;
MRC - scale – 2 - 3 балдан жоғары;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

2.

Буынды ауыстыру операциясынан кейін:
М 15, М 16.0 - 9, М 17.0 - 9,
М 19, М 24.6; Z 54.0;

Barthel индексі > 45 балл;
MRC- scale – 2 - 3 балдан жоғары;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

3.

Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған деформациялары мен сынуын операциялық емдеуден кейін:
S 22.0, S 22.1, S 23.0, S 23.1,
S 32.0, S 32.7, S 33.0,
S 33.1; М 40.0 -5, M 41;
Q 67.5, Q 76.3, Q 77.9;
Z 54.0;

Barthel индексі > 45 балл;
MRC- scale – 2 - 3 балдан жоғары;
 

4.

Буындарға артроскопиялық операция жасағаннан кейін:
M 23; S 46.0; S 83.4, S 83.5,
S 83.7; Z 54.0;

MRC- scale – 2 - 3 балдан жоғары;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
3 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
3 - қосымша

Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Жұлынның зақымдануы:
G 04, G 95.0, G 95.1, G 95.8,
G 99.2;
S 14.0, S 24.0, S 34.0,
B 02.2;

Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %;
ASIA - A, B, C, D немесе 2 бұлшықет топтарындағы күш 4 балдан төмен;

2.

Операциялық араласудан кейін:
B 67.9, B 69.0;
С 41.2, С 70.0, С 70.1, С 71, С 72.0,
С 72.1, С 72.2, С 72.3, С 72.4,
С 72.5, С 72.8; (G I-II)
D 16.6, D 32.0, D 32.1, D 33.0,
D 33.1, D 33.3, D 33.4, D 35.2,
D 35.3, D 35.4, D 35.5, D 36.1;
М 43.1, М 47.1, М 47.2, М 48.0,
M 50.0, M 50.1, M 51.0, M 51.1,
М 51.3, М 53.2;
Q 07.0, Q 07.8, Q 28.2, Q 28.3;
G 06.0, G 06.1, G 06.2, G 20, G 21,
G 23, G 40.0, G 40.1, G 40.2, G 80.0,
G 91.0, G 91.1, G 91.2, G 91.3,
G 93.0, G 95.0, G 95.8, G 97.2;
S 06, S 14, S 24, S 34;
Т 90.1, Т 90.2, Т 90.3, Т 90.5,
Т 90.8, Т 91.1, T 91.3, T 92.4,
T 93.4; Z 50.8;

Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %;
Карновский индексі - 40 - 90%;
Mini Mental test (ММТ) - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);
ASIA - А, В, C, D немесе 2 бұлшықет топтарындағы күш 4 балдан төмен;

3.

Бассүйек-ми жарақатынан, омыртқа-жұлын жарақатынан және перефириялық нервтердің және оның өрімдерінің жарақатынан кейін:
T 90.1, Т 90.2, Т 90.3, Т 90.5, Т 90.8,
T 91.3, T 92.4, T 93.4, T 98.3; Z 50.9;

Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %;
Mini Mental test (ММТ) - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);
ASIA - А, В, C, D немесе 2 бұлшықет топтарындағы күш 4 балдан төмен;

4.

Мидың зақымдануы:
A 84 - 85, 87, 89; B 02.1 - 2;
G 00, 02.0, 03 - 04, G 83, G 93.1,
G 97.2;
I 60 - 64; I 69;
S 06;

Barthel индексі - 30 - 80 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 75 %;
Mini Mental test (ММТ) - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
4 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
4 - қосымша

Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Жұлынның зақымдануы:
В 02.2;
G 04, G 95.0, G 95.1, G 95.8, G 99.2;
S 14.0, S 24.0, S 34.0;

Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %;
ASIA - А, В, C, D;     

2.

Операциялық араласудан кейін:
B 67.9, B 69.0;
С 41.2, С 70.0, С 70.1, С 71, С 72.0,
С 72.1, С 72.2, С 72.3, С 72.4,
С 72.5, С 72.8; (G I-II)
D 16.6, D 32.0, D 32.1, D 33.0,
D 33.1, D 33.3, D 33.4, D 35.2,
D 35.3, D 35.4, D 35.5, D 36.1;
М 43.1, М 47.1, М 47.2, М 48.0,
M 50.0, M 50.1, M 51.0, M 51.1,
М 51.3, М 53.2;
Q 07.0, Q 07.8, Q 28.2, Q 28.3;
G 06.0, G 06.1, G 06.2, G 20, G 21,
G 23, G 40.0, G 40.1, G 40.2, G 80.0,
G 91.0, G 91.1, G 91.2, G 91.3,
G 93.0, G 95.0, G 95.8, G 97.2;
S 06, S 14, S 24, S 34;
Т 90.1, Т 90.2, Т 90.3, Т 90.5,
Т 90.8, Т 91.1, T 91.3, T 92.4,
T 93.4; Z 50.8;

Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %;
Mini Mental test (ММТ) - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс); Карновский индексі - 40 - 70%;
ASIA - А, В, C, D;

3.

Ауыр бассүйек-ми жарақатынан, омыртқа-жұлын жарақатынан және перефириялық нервтердің және оның өрімдерінің жарақатынан кейін:
T 90.1, Т 90.2, Т 90.3, Т 90.5, Т 90.8,
T 91.3, T 92.4, T 93.4, T 98.3; Z 50.9;

Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %;
Mini Mental test (ММТ) -10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс); ASIA - А, В, C, D;

4.

Мидың зақымдануы:
A 84 - 85, 87, 89; B 02.1 - 2;
G 00, 02.0, 03 - 04, G 83, G 93.1,
G 97.2;
I 60 - 64, I 69;
S 06;

Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 50 %;
Mini Mental test (ММТ) -10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
5 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
6 - қосымша

Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)

р/с№

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Аяқ-қол сүйектері сынғаннан кейін:
S 42, S 42.0, S 42.2, S 42.3, S 42.4,
S 42.7, S 42.8, S 52.0 - 9, S 58,
S 62, S 68, S 72, S 82.1 – 9; Z 54.0;

Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес;
MRC- scale – 3 балдан артық;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

2.

Буынды ауыстыру операциясынан кейін:
М 15, М 16.0 - 9, М 17.0 - 9,
М 19, М 24.6; Z 54.0;

Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес;
MRC- scale – 3 балдан артық;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

3.

Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған қисаюларын және сынуларын операциялық емдеуден кейін:
S 22.0, S 22.1, S 23.0, S 23.1,
S 32.0, S 32.7, S 33.0, S 33.1,
М 40.0 - 5, M 41; Q 67.5, Q 76.3,
Q 77.9; Z 54.0;

Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес;
MRC- scale – 3 балдан артық;

4.

Буындарға артроскопиялық операция жасағаннан кейін:
M 23; S 46.0, S 83.4, S 83.5,
S 83.7; Z 54.0;

MRC- scale – 2 - 3 балдан жоғары;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
6 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
7 - қосымша

Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" (ересектер)

р/с

Нозологиялық нысан (АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Жұлынның зақымдалуы:
В 02.2;
G 04, G 95.0, G 95.1, G95.8, G 99.2;
S 14.0, S 24.0, S 34.0;

Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %;
ASIA - В, C, D;

2.

Операциялық араласудан кейін:
B 67.9, B 69.0;
С 41.2, С 70.0, С 70.1, С 71, С 72.0,
С 72.1, С 72.2, С 72.3, С 72.4,
С 72.5, С 72.8; (G I-II)
D 16.6, D 32.0, D 32.1, D 33.0,
D 33.1, D 33.3, D 33.4, D 35.2,
D 35.3, D 35.4, D 35.5, D 36.1;
М 43.1, М 47.1, М 47.2, М 48.0,
M 50.0, M 50.1, M 51.0, M 51.1,
М 51.3, М 53.2;
Q 07.0, Q 07.8, Q 28.2, Q 28.3;
G 06.0, G 06.1, G 06.2, G 20, G 21,
G 23, G 40.0, G 40.1, G 40.2, G 80.0,
G 91.0, G 91.1, G 91.2, G 91.3,
G 93.0, G 95.0, G 95.8, G 97.2;
S 06, S 14, S 24, S 34;
Т 90.1, Т 90.2, Т 90.3, Т 90.5,
Т 90.8, Т 91.1, T 91.3, T 92.4,
T 93.4; Z 50.8;

Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %;
Mini Mental test (ММТ) - 10 -25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);
Карновский индексі - 70 - 90%;
ASIA - В, C, D;

3.

Ауыр бассүйек-ми жарақатынан, омыртқа-жұлын жарақатынан және перефириялық нервтердің және оның өрімдерінің жарақатынан кейін:
T 90.1, Т 90.2, Т 90.3, Т 90.5, Т 90.8,
T 91.3, T 92.4, T 93.4, T 98.3; Z 50.9;

Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %;
Mini Mental test (ММТ) - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);
ASIA - В, C, D;

4.

Мидың зақымдануы:
A 84 - 85, 87, 89;
B 02.1 - 2;
G 00, G 03 - 04, G 83, G 93.1, G 97.2;
I 60 - 64, I 69;
S 06;

Barthel индексі - 30 - 90 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 90 %;
Mini Mental test (ММТ) - 10 -25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
7 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
9 - қосымша

"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Травматология және ортопедия" бейіні (ересектер)

р/с№

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Аяқ-қол сүйектері сынғаннан кейін:
S 42, S 42.0, S 42.2, S 42.3, S 42.4,
S 42.7, S 42.8, S 52.0 - 9, S 58, S 62,
S 68, S 72, S 82.1 – 9; Z 54.0;

Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес;
MRC- scale – 3 балдан артық;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

2.

Буынды ауыстыру операциясынан кейін:
М 15, М 16.0 - 9, М 17.0 - 9, М 19,
М 24.6; Z 54.0;

Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес;
MRC- scale – 3 балдан артық;
Гониометрия – қалыпты жағдайда 30% кем емес;

3.

Омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған қисаюларын және сынуларын операциялық емдеуден кейін:
S 22.0, S 22.1, S 23.0, S 23.1,
S 32.0, S 32.7, S 33.0, S 33.1;
М 40.0 - 5, M 41; Q 67.5, Q 76.3,
Q 77.9; Z 54.0;

Barthel индексі > 80 - 95 балдан кем емес;
MRC- scale – 3 балдан артық;


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
8 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
10 - қосымша

"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (ересектер)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Жұлынның зақымдануы:
С 70.1, С 72.0; D 32.1, D 33.4;
G 04, G 95.0 - 2, G 99.2;
M 43.1, М 48.0, М 50 - 51,
М 47.1; Z 50.8;

Тетраплегия ASIA - B, C, D;
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 70 %;
Карновский индексі - 40 - 70%;

2.

Мидың зақымдануы:
A 84 - 85, 87, 89;
B 02.1 - 2;
С 70.0, 72.2 - 8;
D 32.0, 33.0;
G 00, 03;
I 69;
Z 50.8;

Mini Mental Тест - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 70 %;
Карновский индексі - 40 - 70%;

3.

Ауыр бассүйек-ми жарақатынан, омырқа-жұлын жарақатынан кейін:
T 91.3, Т 90.5; Z 50.9;

ASIA - B, C, D;
Barthel индексі - 30 - 60 балл немесе функционалдық тәуелсіздік шкаласы, FIM - 25 - 70 %;
Тест Mini Mental - 10 - 25 балл (афазияға байланысты ММТ жүргізу мүмкін болмаса, науқас нұсқауларды орындауы, оңалту үдерісіне белсенді қатысуы тиіс);

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
9 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
11 - қосымша

Екінші кезең "II А оңалту" "Кардиология және кардиохирургия" бейіні (балалар)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

4.

Қайталама өкпе гипертензиясы:
Q21.0, 21.1, 25.0, 25.1;

ЖЖ I-III ФК (NYHA)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
10 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
13 - қосымша

Екінші кезең "II А оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың салдары:

Бассүйекішілік жарақат салдары:
Т 90.5;

Barthel индексі мод. 40 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 30 - 90 балл;

Жұлын жарақаттарының салдары:
T 91.3, T 93.4, T 92.4;

Аяқ-қолға жасалған микрохирургиялық операциялардан кейін бұлшықеттің бір тобындағы күш 3 балдан төмен болмаса;
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 30 - 90 балл; ASIA шкаласы - В, C, D;

2.

Жекелеген нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы:
G 53.0, G 51.8, G 54, G 54.0, G 54.1,
G 54.8, G 56, G 56.0, G 56.1, G 56.2,
G 56.3, G 56.8, G 57, G 5 7.0, G 57.2;

Жекелеген нервтердің парездерінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстары кезінде;
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл; Wee Fim шкаласы 30 - 90 балл;

Полиневропатиялар мен шеткі нерв жүйесінің басқа зақымданулары:
G 60, G 60.0, G 60.2, G 60.8, G 61.0,
G 61, G 62, G 62.0, G 62.2,
G 71, G 71.0, G 71.1, G 72.0;

Нерв –психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 0 -1,75 балл;
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 30 - 90 балл және одан төмен балдар;

3.

Орталық нерв жүйесінің асқынған аурулары және олардың салдары:
G 09;
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары:
G 91, G 91.0, G 93, G 93.0, G 93.1,
G 95;
Цереброваскулярлық аурулардың салдары:
I 69, I 69.0, I 69.1, I 69.2, I 69.3;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл; Wee Fim шкаласы 30 - 90 балл;

4.

Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар:
G 11, G 11.0, G 11.1, G 11.2, G 11.3,
G 11.4, G 11.8, G 23, G 24, G 35,
G 37;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 30 - 90 және одан төмен балдар;

5.

Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары:
Q 02, Q 03, Q 03.8, Q 04.0, Q 04.1,
Q 04.2, Q 04.3, Q 04.4, Q 04.5,
Q 04.6, Q 05, Q 06.1, Q 06.8, Q 07.0;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 40 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 30 - 90 және одан төмен балдар

6.

Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2, G 80.3,
G 80.4, G 81, G 81.0, G 81.1, G 81.9,
G 82, G 82.0, G 82.1, G 82.3, G 82.4,
G 83, G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4;

Сан, омыртқа, аяқ-қолға жасалған түзету операцияларынан кейін Barthel индексі мод. 80 және одан төмен балдар
Wee Fim шкаласы 54 және одан төмен балдар
Ashworth спастика шкаласы 3 және одан жоғары;

7.

Операциялық араласудан кейін:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2, G 80.3,
G 80.4, G 81, G 81.0, G 81.1, G 81.9,
G 82, G 82.0, G 82.1, G 82.3, G 82.4,
G 83, G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4;
G 91, G 91.0, G 93, G 93.0, G 93.1,
G 95; Q 07.8; I 69;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 30 - 125 балл;
WeeFim шкаласы 20 - 90 және одан төмен балдар
 

8.

Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту: H 90.3;

Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай;

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
11 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
14- қосымша

Екінші кезең "II Б оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Ауыр бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың зақымдары:

Бассүйекішілік жарақаттың салдары:
T 90.5     

НПДШ 0 - 1,75 балл;

Barthel индексі мод. 30 - 90 балл және одан төмен;
Wee Fim шкаласы 20 - 65 балл және одан төмен;


Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары:
G 61, G 62;

Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында;
Barthel индексі мод. 30 - 90 балл;
Wee Fim шкаласы 20 - 65 балл және одан төмен;
ASIA - А, В, C, D;

2.

Жұлын жарақатының салдары:
T 91.3, T 93.4, T 92.4;

ASIA - A, B, C зақымы
кезінде тетраплегия;
ASIA D зақымы кезінде тетраплегия;
ASIA - A, B, C зақымы кезінде параплегия;
ASIA D зақымы кезінде параплегия
Barthel индексі мод. 50 балдан артық емес;

3

Орталық нерв жүйесінің асқыну аурулары және олардың салдары:
G 09;
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары:
G 35, G 37, G 83, G 91.0, G 91.1,
G 91.2, G 91.3, G 93.0, G 95.0,
G 95.1, G 95.2, G 95.8, G 97.2;
Цереброваскулярлық ауруларының салдары:
I 69, I 69.0, I 69.1, I 69.2, I 69.3;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 30 - 90 балл және одан төмен;
WeeFim шкаласы 20 - 65 балл және одан төмен;

4.

Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары:
Q 07, Q 28.2, Q 28.3;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 30 - 90 балл және одан төмен;
WeeFim шкаласы 20 - 65 балл және одан төмен;

5.

Операциялық араласудан кейін:
G 40, G 83, G 91.0, G 91.1, G 91.3,
G 91.2, G 93.0, G 95.0, G 97.2;
Q 07.8, Q 28.2, Q 28.3; I 69;

НПДШ 0 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 30 - 90 балл және одан төмен;
WeeFim шкаласы 20 - 65 балл және одан төмен;

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
12 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
17 - қосымша

Үшінші кезең "II Амбулаториялық оңалту" "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)

р/с

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың салдары:

Бассүйекішілік жарақаттың салдары:
T 90.5     

Нерв –психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 1 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балдан жоғары;

Жұлын жарақатының салдары:
T 91.3, T 93.4, T 92.4;

Barthel индексі мод. 60 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 40 - 90 балл;
ASIA шкаласы - В, C, D;

2.

Жеке нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы:
G 53.0, G 51.8, G 54, G 54.0,
G 54.1, G 54.8, G 56, G 56.0,
G 56.1, G 56.2, G 56.3, G 56.8,
G 57, G 57.0, G 57.2;

Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында;
НПДШ 1,75 балдан жоғары;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балдан жоғары;

Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары:
G 60, G 60.0, G 60.2, G 60.8,
G 61.0, G 61, G 62, G 62.0, G 62.2,
G 71, G 71.0, G 71.1, G 72.0;

НПДШ 1 - 1,75 балдан жоғары;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 54 – 90 балдан жоғары;

3.

Орталық нерв жүйесінің асқынған аурулары және олардың салдары: G 09;
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары:
G 35, G 37, G 83, G 91.0, G 91.1,
G 91.2, G 91.3, G 93.0, G 95.0,
G 95.1, G 95.2, G 95.8, G 97.2;
Цереброваскулярлық аурулардың салдары:
I 69, I 69.0, I 69.1, I 69.2, I 69.3;

НПДШ – 1 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балдан жоғары;

4.

Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар:
G 11, G 11.0, G 11.1, G 11.2,
G 11.3, G 11.4, G 11.8, G 23, G 24,
G 35; G 37;

НПДШ - 0,5 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балл;

5.

Эпизодтық және пароксизмалдық бұзылулар:
G 40, G 43 - G 47;

НПДШ - 0,5 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балл;

6.

Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары:
Q 02, Q 03, Q 03.8, Q 04.0, Q 04.1,
Q 04.2, Q 04.3, Q 04.4, Q 04.5,
Q 04.6, Q 05, Q 06.1, Q 06.8,
Q 07.0;
Даун ауруы Q 90;

НПДШ - 0,5 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 -125 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балдан жоғары;

7.

Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2,
G 80.3, G 80.4, G 81, G 81.0,
G 81.1, G 81.9, G 82, G 82.0,
G 82.1, G 82.3, G 82.4, G 83,
G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4;

Ashworth спастикалық шкаласы 1 -2, GMFCS 1 - 2, GMFМ шкаласы;
Қолдардың қызметінің шкаласы МACs 1 - 2;

8.

Операциялық араласудан кейін:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2,
G 80.3, G 80.4, G 81, G 81.0,
G 81.1, G 81.9, G 82, G 82.0,
G 82.1, G 82.3, G 82.4, G 83,
G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4;

НПДШ – 0,5 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балл;

9.

Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары:
F 80.8, F 84.0, F 84.1, F 84.2,
F 84.5;

НПДШ 1 - 1,75 балдан жоғары;
Barthel индексі мод. 60 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 90 балдан жоғары;

10.

Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту: H 90.3;

Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай;

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
13 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
20 - қосымша

"Қолдаушы оңалту" қолдаушы оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)

р/с№

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың зақымдары:

Бассүйекішілік жарақат салдары:
T 90.5;

Нерв - психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 60 балл;

Жұлын жарақатының салдары:
T 91.3, T 93.4, T 92.4;

Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл;
ASIA шкаласы - В, C, D;

2.

Жеке нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы:
G 53.0, G 51.8, G 54, G 54.0,
G 54.1, G 54.8, G 56, G 56.0,
G 56.1, G 56.2, G 56.3, G 56.8,
G 57, G 57.0, G 57.2;     

Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында;
НПДШ 1 балл ;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балл;

Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары:
G 60, G 60.0, G 60.2, G 60.8,
G 61.0, G 61, G 62, G 62.0, G 62.2,
G 71, G 71.0, G 71.1, G 72.0;

НПДШ 1 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 балл;
 

3.

Орталық нерв жүйесінің асқынған ауруларының салдары:
G 09;
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары:
G 91, G 91.0, G 93, G 93.0, G 93.1,
G 95;
Цереброваскулярлық аурулардың салдары:
I 69, I 69.0, I 69.1, I 69.2, I 69.3;

НПДШ - 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 балл;

4.

Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар:
G 11, G 11.0, G 11.1, G 11.2,
G 11.3, G 11.4, G 11.8, G 23, G 24,
G 35, G 37;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 балл;

5.

Эпизодтық және пароксизмалдық бұзылыстар:
G 40, G 43 - G 47;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 - 125 балл;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балл;

6.

Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары:
Q 02, Q 03, Q 03.8, Q 04.0, Q 04.1,
Q 04.2, Q 04.3, Q 04.4, Q 04.5,
Q 04.6, Q 05, Q 06.1, Q 06.8,
Q 07.0;
Даун ауруы: Q 90;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 балл;
 

7.

Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2,
G 80.3, G 80.4, G 81, G 81.0,
G 81.1, G 81.9, G 82, G 82.0,
G 82.1, G 82.3, G 82.4, G 83,
G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4;

Ashworth спастикалық шкаласы
1 - 2, GMFCS 1 - 2, GMFМ шкаласы;
Қолдардың қызметінің шкаласы МACs 1 - 2;

8.

Операциялық араласудан кейін:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2,
G 80.3, G 80.4, G 81, G 81.0,
G 81.1, G 81.9, G 82, G 82.0,
G 82.1, G 82.3, G 82.4, G 83,
G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4,
G 91, G 91.0, G 93, G 93.0, G 93.1,
G 95; Q 07.8; I 69;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 балл;
 

9.

Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары:
F 80.8, F 84.0, F 84.1, F 84.2, F 84.5;

НПДШ 1 - 1,75 баллдан жоғары;
Barthel индексі мод. 60 балдан жоғары;
Wee Fim шкаласы 90 балдан жоғары;

10.

Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту:
H 90.3;

Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай;

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1083 бұйрығына
14 - қосымша
  Қазақстан Республикасының
халқына медициналық оңалту
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
23 - қосымша

"Қайта оңалту" қайта оңалтуы "Неврология және нейрохирургия" бейіні (балалар)

р/с№

Нозологиялық нысан
(АХЖ-Х бойынша коды)

Халықаралық өлшем
(биоәлеуметтік функциялар бұзылыстарының дәрежесі)

1.

Бассүйек-ми және омыртқа-жұлын жарақаты, олардың зақымдары:

Бассүйекішілік жарақат салдары:
T 90.5     

Нерв - психикалық дамуының шкаласы (бұдан әрі-НПДШ) 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 55 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл ;

Жұлын жарақатының салдары:
T 91.3, T 93.4, T 92.4;

Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл;
ASIA шкаласы - В, C, D;

2.

Жеке нервтердің, нерв түбіршіктері мен өрімдерінің зақымдануы:
G 53.0, G 51.8, G 54, G 54.0,
G 54.1, G 54.8, G 56, G 56.0,
G 56.1, G 56.2, G 56.3, G 56.8,
G 57, G 57.0, G 57.2;

Жеке нервтердің парезінде, өзіне-өзі қызмет ету функцияларының бұзылыстарында;
НПДШ 1 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 - 90 балл;

Полиневропатиялар мен шеткі нервтер жүйесінің басқа зақымданулары:
G 60, G 60.0, G 60.2, G 60.8,
G 61.0, G 61, G 62, G 62.0, G 62.2,
G 71, G 71.0, G 71.1, G 72.0;

НПДШ 0,5 - 1,75 балл;
Barthel индексі мод. 60 балл;
Wee Fim шкаласы 54 балл;
 

3.

Орталық нерв жүйесінің асқынған ауруларының салдары:
G 09;
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары:
G 91, G 91.0, G 93, G 93.0, G 93.1,
G 95;
Цереброваскулярлық аурулардың салдары:
I 69, I 69.0, I 69.1, I 69.2, I 69.3;

НПДШ - 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 55 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл;
 

4.

Жүйелік атрофиялар, экстрапирамидалық бұзылыстар, демиелинизирленуші аурулар:
G 11, G 11.0, G 11.1, G 11.2,
G 11.3, G 11.4, G 11.8, G 23, G 24,
G 35, G 37;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 55 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл;
 

5.

Нерв жүйесі дамуының туа біткен ауытқулары:
Q 02, Q 03, Q 03.8, Q 04.0, Q 04.1,
Q 04.2, Q 04.3, Q 04.4, Q 04.5,
Q 04.6, Q 05, Q 06.1, Q 06.8,
Q 07.0;
Даун ауруы: Q 90;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 55 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл;
 

6.

Церебралдық паралич, басқа параличтік синдромдар:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2,
G 80.3, G 80.4, G 81, G 81.0,
G 81.1, G 81.9, G 82, G 82.0,
G 82.1, G 82.3, G 82.4, G 83,
G 83.0, G 83.1, G 83.2, G 83.4;

Ashworth спастикалық шкаласы 1 -2, GMFCS 1 - 2, GMFМ шкаласы;
Қолдардың қызметінің шкаласы МACs 1 - 2;

7.

Операциялық араласудан кейін:
G 80, G 80.0, G 80.1, G 80.2,
G 80.3, G 80.4, G 81, G 81.0,
G 81.1,G 81.9, G 82, G 82.0, G 82.1,
G 82.3, G 82.4, G 83, G 83.0,
G 83.1, G 83.2, G 83.4, G 91,
G 91.0, G 93, G 93.0, G 93.1,
G 95; Q 07.8; I 69;

НПДШ 0,5 - 1 балл;
Barthel индексі мод. 55 балл;
Wee Fim шкаласы 40 балл;
 

8.

Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары:
F 80.8, F 84.0, F 84.1, F 84.2,
F 84.5;

НПДШ 0,5 - 1 балл және жоғары;
Barthel индексі мод. 55 балл және жоғары;
Wee Fim шкаласы 70 балдан жоғары;

9.

Кохлеарлық импланттаудан кейінгі нейросенсорлық есту мүкістігін оңалту:
H 90.3;

Есту мүкістігінің IV дәрежесі немесе саңыраулық, кохлеарлық импланттаудан кейінгі жағдай;