"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 14575 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Ереже):

      40-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат бөлуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі - ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.";

      52-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бекітіледі.";

      70-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;";

      74-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі тиісті ҚБШ-ның немесе шоттың қолданылуы қажеттігі туралы хатты хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда бұл ҚБШ немесе шот жабылмайды.

      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылуы не қолданылуын ұзарту жөнінде хабарлама бере отырып, өзі жабады.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 61-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:

      1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен

      шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн

      алып тастаған;

      4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;

      5) ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;

      6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.

      Жабылатын ҚБШ және/немесе шоттарда ақша қалдығы болған кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісі ұсынған мемлекеттік мекемелер кодтарының әрекеттерін тоқтатуға өтінім (квазимемлекеттік сектор субъектісі ұсынған квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының әрекеттерін тоқтатуға және шоттарын жабуға арналған өтінім) қайтарылуы тиіс.";

      139-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем құжатының "Бюджеттік сыныптама кодтары" деген ашық жолағындағы деректемелер ҚР ББС-на сәйкес толтырылады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚР ҰБ) назарына жеткізеді.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145 ҚР ББС бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.

      Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi - қайтару және (немесе) есептеу) үшiн мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша "Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13275 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 30 қаулы) белгiленген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам және мемлекеттік кірістер органының уәкілетті қызметкері ЭЦҚ қойған төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.

      Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот ақпараттық жүйесінен интеграциялық шина арқылы ҚБАЖ АЖ-ға қайтаруға және есепке жатқызуға төлем тапсырмаларын беру кезінде мемлекеттік кірістер бойынша орталық уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған төлем тапсырмаларының электрондық тізілімін жолдайды.

      Аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын қағаз тасығышта тапсырған кезде мемлекеттік кірістер органдары екі данада:

      1) осы Ереженiң 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тiзiлiмiн;

      2) № 30 қаулымен бекітілген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.

      Мемлекеттік кірістер органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынытын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізу үшін төлем тапсырмасын толтыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ақшаны алушылар анықтамалығында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға деректемелер болмаған немесе өзгерген жағдайда мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ-да осы Ереженің 64-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің шынайылығын және дұрыстығын мемлекеттік кірістер органы қамтамасыз етеді.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 16.00-ге дейін "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейін түскен құжаттар орындалады немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.";

      154-тармақ алынып тасталсын;

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты орталық уәкiлеттi органдар есепке алуды, бақылау мен мониторингті, сондай-ақ бюджеттен қайтару және (немесе) артық (қате) бюджетке төленген сомаларды өтеу есебіне есептеуді жүзеге асыруы үшін "е-Қаржымині" ИААЖ және/немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бюджетке түскен сомалар туралы, кейіннен өздерінің аумақтық және/немесе құрылымдық бөлімшелеріне ақпаратты жеткізуімен, ресми ақпаратты алады.

      Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты және өздеріне "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы қызмет көрсетілетін уәкілетті органдар бюджетке түскен, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызу сомалары туралы ақпаратты алу үшін осы Ереженің 70, 71-қосымшаларына сәйкес 2-14 "Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп" және 2-43 "Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер" нысандары бойынша есептерді дербес қалыптастырады.";

      159-тармақта:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.";

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Мемлекетік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісінің табиғи монополия субъектісіне және сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың тиісті нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие, осы нарықта олардың үлесі өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері) жүз пайызға тең субъектіге ақы төлеуіне жол беріледі.";

      189-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 188-тармағында көзделген құжаттардан басқа, "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Ереженің 64, 73-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлға үшін:

      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшірмесі/резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шотының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      2) жеке тұлға үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың/шетелдіктің ықтиярхат құжатының немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, растау хабарламасын (электрондық үкімет порталынан);

      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасын;

      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжатты;

      4) ақшаны шетел валютасында алушы үшін:

      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжатты (бар болса);

      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық үкімет порталынан растау құжаттарының қолданылу мерзімі күнтізбелік он күннен аспайды.";

      192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "192. Егер мемлекеттік мекеме коммуналдық қызметтерді төлеу үшін басқа мемлекеттік мекеменің теңгерімінде жалданатын үй-жайға орналасқан жағдайда, мемлекеттік мекеме (жалға беруші) қызметтерді жеткізуші, үй-жайдың теңгерім ұстаушысы мен үй-жайды жалға алушы (жалға беруші) арасында жасалатын 151 "Коммуналдық қызметтерді төлеу" ерекшелігі бойынша үш жақты шартты жасайды.";

      194-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК" ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК, атауы және БСК) көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында жасалған шартты тіркеген жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта жолақта делдал-банктің деректемелері көрсетіледі;

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-да "Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК" ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдап алынады;";

      198-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-да өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күні, шарт талаптарының өзгеру себебі, сондай-ақ өзгерген жағдайда шарт сомасы көрсетілетін мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.";

      199-тармақта:

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) шарт деректерінде шарт күшіне енген кезден бастап кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімде қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу) туралы міндетті талаптың болуы;";

      20) тармақша алынып тасталсын;";

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Ақша алушы тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны алған кезде кейіннен мемлекеттік мекемеге берілетін хабарламаға қол қояды және дәл және анық мөр бедерімен куәландырады. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр бедерін басуды мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізуі үшін жүзеге асырады.

      Егер ақша алушы жеке кәсіпкер немесе мөрі жоқ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.

      Мемлекеттік мекеме тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша соманы тиісті бюджет кірісіне аударған жағдайда ақша алушы 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қоймайды.";

      213-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган "Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14310 болып тіркелді) және "Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14333 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына сәйкес ҚБЕО төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.";

      220-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 64, 73-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген үлгілерін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):

      1) заңды тұлға үшін:

      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың (электрондық үкімет порталынан) көшiрмесiн/салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      2) жеке тұлға үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін/шетелдіктің тұру ықтиярхатын немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікті, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлікті/ растау хабарламасын (электрондық үкімет порталынан);

      қолданыстағы банк заңнамасына сәйкес банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы;

      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан

      тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 65, 75-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде бередi.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық үкімет порталынан растау құжаттарының қолданылу мерзімі он күнтізбелік күннен аспайды.";

      222-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағаз жеткізгіштегі төлеуге берiлетiн шот және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот:

      1) төлеуге берiлетiн шоттың нысаны мен мазмұны бойынша осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) растайтын және осы Ережеде көзделген өзге құжаттардың мазмұны бойынша осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;

      4) ұсынылған МТ102 форматтағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай - деректеріне сәйкес болмаған:

      атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;

      төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ102 хабарламасының жалпы сомасы;

      төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;

      төлеуге берілетін шоттағы төлеу кезеңі мен МТ102 хабарламасындағы "РЕRІOD" түйін сөзінде көрсетілген кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар үшін);

      5) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;

      6) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) тасығыштарда қосымшасыз немесе мемлекеттік мекеме басшысының немесе уәкілеттік берілген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;

      7) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;

      8) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;

      9) түпнұсқалылығын тексеру кезiнде ЭЦҚ-ның болмауы немесе дұрыс еместiгi айқындалған;

      10) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;

      11) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;

      12) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;

      13) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына, бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасына сәйкес келмеген;

      14) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;

      15) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен, сондай-ақ төлем сомасы растайтын құжаттардың сомасынан асып кеткен;

      16) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 168-181-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;

      17) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;

      18) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;

      19) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;

      20) ҚБЕО белгiлеген хабарламалар форматында магниттiк (электрондық) жеткізгіште қателер анықталған;

      21) осы Ереженің 210-тармағының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша хабарлама бекітілген;

      22) сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік мекемелер ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлемдер жүргізген кезде төлем шоттарымен берілетін сот актілерінің төлем шотының деректеріне сәйкес келмеген.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдау кезеңінде қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.";

      224-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      9) "Ақшаны алушы" бөлiмiнде:

      "Атауы" ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы және жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол берiледi;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      16) "Төлемнiң мақсаты" ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың атауы, нөмiрi мен күнi (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша:

      тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;

      жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерiн төлеу кезiнде – жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнiң мөлшерi;

      сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру – ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімі не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақ, сот бұйрығы;

      төлем жүзеге асырылатын кезең (зейнетақы жарналары мен әлеуметтік

      аударымдарды аудару кезінде көрсетiледi);

      осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде – ақшаны соңғы алушы – резидент еместің атауы және деректемелері;";

      236-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "236. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде ақша алушылардың тізімін және тиісінше ақша алушылардың ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударылған соманы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексеруді жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.";

      238-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "238. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме қағаз жеткізгіште төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, төлеуге берілетін шоттарды және:

      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде - шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) көшірмелерін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде - акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде қосымша құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін;

      осы Ережеге 98-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды ұлттық валютада жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді ұсынады.";

      239-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "239. Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алдын ала (аванстық) төлеуді қоспағанда, жүргізген кезде растайтын құжаттың барғандығын тексеру үшін және төлеуге берілетін шотқа берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу мақсатында мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қойған қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі, аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен Келісім жасалған жағдайда – "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондыққ түрде мемлекеттік мекеменің басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған құжатты растайтын түпнұсқадан сканерлеген бейне қоса тіркеледі. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында күнделікті немесе апта сайынғы қажеттіліктерді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ұзарту жағдайларын, сондай-ақ құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайтын шарттар жасасу жағдайларын қоспағанда, шарт (қосымша келісім) күшіне енген күннен бұрын оның негізінде сатып алынған тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге төлем жүргізілетін растайтын құжаттың күнін көрсетуге жол берілмейді.";

      243-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "243. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженің 234-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелуді талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізу үшін төлеуге берілетін шотты қалыптастыру мен ұсыну негіздеме болып табылады:

      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акті), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акті жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі - растаушы құжаттар);

      қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінім;

      сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым, не қаулы, не сот бұйрығы;

      инкассалық өкім;

      осы Ережеге 98-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды ұлттық валютада жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiм.";

      267-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "267. Ағымдағы жылдың деректемелері дұрыс көрсетілмеген төлемдерін немесе өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі мұндай төлемдерді 902 "Анықталғанға дейін өзара есеп айырысу бойынша ұлттық валютада аударылған сомалар" шотына (бұдан әрі - 902-шот) есептейді.";

      268-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақша алушыға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің қайтару сомасын кейіннен қайтаруы үшін не өткен жылдардың дебиторлық берешегі расталған кезде қайтару сомасын тиісті бюджет кірісіне кейіннен аудару үшін нақтыланған деректемелер көрсетілген хат жібереді.

      Тиісті бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аударуға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің 2-38-нысаны бойынша төлем тапсырмасы мемлекеттік мекеменің есептегі дебиторлық берешек сомасын есептен шығару үшін негіз болып табылады.";

      269-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағымдағы қаржы жылының соңында зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар, жәрдемақылар, іссапар және қызметтік сапарлар бойынша төлемдерді қайтару өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.";

      296-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "296. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:

      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:

      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:

      жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде техникалық персонал бойынша;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;

      мiндеттi зейнетақы жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтiк аударымдар;

      банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;

      2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассалық өкiм қойылған жағдайда;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассалық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.

      Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қызметкерлерге жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді қоспағанда, басқа міндеттемелерді іске асыруға тыйым салатын атқару құжатын орындау бойынша шара қолдану туралы қаулы келіп түскенде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің атқарушы орындаушысы қызметкерлерге жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ Қазақстаннның жоғарғы оқу орындары алушылары болып табылатын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жүргендерге степендиялық қамтамасыз етуге ақшалай қаражатты және халыққа зейнетақыны, жәрдемақыны аударуды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жауып тастайды.

      Мемлекеттік мекемеде мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) болмаған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында берілген шығыстарды қоспағанда, ол арқылы қаулыда көрсетілген мемлекеттік мекемені ұстау жүзеге асырылатын, ол бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі не мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) оқшаулауға жатады. Оқшаулау сот орындаушысы Ереженің осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген қаулыларды кері қайтарғанға дейін жүзеге асырылады.";

      316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "316. № 36 Қаулымен белгіленген шетел валютасының лимитінен артатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валюталарын қайта айырбастау аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне мемлекеттік мекемемен валюта түрі мен сомасын көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынғаннан кейін, қайта айырбастау күніне дейінгі келесі мерзімде:

      АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі, ресей рублі - үш жұмыс күні ішінде;

      жапон иенасы - бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      353-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "353. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары қаржы ұйымдарының, Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есептеумен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ең аз мөлшерінде қалыптастыру кезінде пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.";

      356-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "356. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы ұйымдарының, Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жарғылық капиталдарын қалыптастыру немесе ұлғайту жағдайларын қоспағанда, олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға пайдалану үшін шығыстарды жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтудың ең аз мөлшерін қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚБАЖ-ға жеті мәнді код береді.";

      367-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолда төлем түрін көрсету қажет:

      1-қарапайым төлем;

      2-қосымшасы бар жиынтық 10 пайыздық зейнетақы төлемі;

      3-еңбекақыны және дивидендтерді аудару;

      4-қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар.";

      371-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ағымдағы қаржы жылының сомасынан 30 пайызға дейінгі мөлшердегі аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелерін.

      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі.

      Бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен шығыстарды және/немесе тартылған қарыз қаражатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан, өтеген жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының көшірмесін және қарыз қаражатын тарту кезінде қосымша – кредиттік шарттың көшірмесін ұсынады.

      "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде бөлінген жобалардың тізбесі, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";

      374-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:

      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;

      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;

      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;

      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);

      талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;

      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;

      түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;

      құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;

      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;

      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;

      ҚБЕО белгіленген хабарламалар форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;

      төлем тапсырмасында көрсетілген мақсаты қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады;

      растау құжатына сілтеменің болмауы;

      төлем тапсырмасындағы соманың растау құжатындағы сомадан асып түсуі;

      төлем тапсырмасы нөмірінің қосарлануы;

      төлем тапсырмасындағы төлем мақсатының файлмен (шығын түрі, төлем мерзімі және "PERIOD" міндетті ашық жолағының сәйкес келмеуі) сәйкес келмеуі;

      төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын бұза отырып, төлем тапсырмасында міндетті ашық жолақтардың толтырылуы;

      төлем мақсатында қатенің болуы (жыл, ай, төлем кезеңі дұрыс көрсетілмеген және/немесе төлем кезеңі көрсетілмеген);

      төлемнің мақсаты бюджет түсiмдерi сыныптамасының кодына (төлемдерді бюджетке аудару кезінде) сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.";

      375-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "375. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ереженің 54-қосымшасына сәйкес 5-20-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-20-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі.";

      392-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "392. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция мәміле паспортымен ресімделеді, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректерді: орналастыру сомасының мерзімін, орналастыруды бастау және аяқтау күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиіс. Сыйақы ставкасын "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес ҚР ҰБ белгілейді.";

      458-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сынан сот актілерін орындау жөніндегі ақшаны қайтаруды/аударуды атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті аумақтық орган атқарушы құжаттардың атқарылуын қамтамасыз ету саласында аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесі қоса қыстырылған қағаз тасығыштағы ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да атқару парағының түпнұсқасынан сканерленген көшірмені қоса тіркейді) төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.";

      472-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "472. Сайлау, республикалық референдум дайындау және өткізу уақытында жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қойылған қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі, екінші қол қою құқығы тиісті аппарат әкімінің бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі болады.

      Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін – оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделуге тиіс. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыруға арналған шоттан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттан қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлауларды, республикалық референдумды, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу мерзіміне, қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күнге дейін ғана белгіленеді.";

      502-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "502. Белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлуі Бюджет кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      12-тараудың 5-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарды қарыз қаражаты есебінен өткізу";

      842-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "842. Үкіметтік қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру қаражатын жұмсау бюджеттік бағдарлама әкімшісі/мемлекеттік мекеме төлеуге берілген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімнің негізінде жүргізіледі. Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған қағаз жеткізгіштегі өтінім екі қойылған қол тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа – мөр бедері бар жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі/мемлекеттік мекеме қол қояды. Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.

      Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді он жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына және келісілу рәсімінен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелерін қабылдауға жоспарлы тағайындаулардың келісімшарттар талаптарына сәйкестігін қарайды, қол қояды ("Қазынашылық-клиент" АЖ келіседі) және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне/мемлекеттік мекемеге қайтарып береді.

      Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға қағаз жеткізгіште өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекеме басшысы және бас бухгалтер қол қойған ЭЦҚ, 833-тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрін тіркеп, осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің электрондық түрі қалыптасады, өтінімнің растамасы бюджетті атқару жөніндегі органның уәкілетті органының уәкілетті тұлғасының келісімі болып табылады.

      Үкіметтік қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру қаражатын шетел валютасында жұмсауды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі/мемлекеттік мекеме осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынатын ақшаны шетел валютасында аударуға өтініштің және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімнің негізінде жүргізеді.

      Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісуден кейінгі күнтізбелік он бес күн ішінде жарамды болады.";

      Ереженің 47-қосымшасына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Ереженің 60 және 99-1-қосымшалары осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Ереженің 72-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы қараша 30
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
________________ Д. Ақышев
2016 жылғы қараша 18

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 597 бұйрығына
1-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
47-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

"__" ___________жылғы
қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға
арналған өтінім

Р/с

Мемлекеттiк мекеме

Бюджет түрi

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері

Қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашу үшiн негiздеме (рұқсат етiлген күнi мен нөмiрi, тармақшасының, тармағының, бабының нөмірлері көрсетiлген заңнамалық актiнiң атауы мен күнi)

атауы

коды

1

2

3

4

5

6

I. Ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


II. Қайырымдылық көмектiң қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


III. Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


IV. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару қолма-қол ақшасының бақылау шоты:


      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның

      (бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның

      аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң)/

      мемлекеттік мекеменің басшысы ________ _______________________

       М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 597 бұйрығына
2-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
60-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________

       (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/ бюджетті атқару

       жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

      ___________________________________________________________________

       (бюджеттік бағдарламалар әкімшісі)

______жылғы "__"____________
мемлекеттік мекемелердің кодтарының әрекеттерін
тоқтатуға өтінім

Мемлекеттік мекеменің атауы

Мемле-кеттік мекеменің коды

Бюджет түрі

Салықтық түсімдерді есепке алу үшін өңірдің салық органының коды

Экономика секторы

Мемлекеттік мекеменің БСН

Заң тіркеліміне енгізілген мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, телефон, факсі

Кодтың әрекетінің тоқтатылуына негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8

      Бюджеттік бағдарламалар

      әкімшісінің басшысы _________ ___________________________

       М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 597 бұйрығына
3-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
99-1-қосымша

Корпоративтiк төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуға
рұқсат етiлген шығыстары мен шығындарының экономикалық
сыныптамасының ерекшелiктер тізбесі

Санаты

Cыны-бы

Кiшi сы-нып

Ерек-шелiк

Ерекшелiктер атауы

Шығындар тiзбесi

1

2

3

4

5

6

1







1







110


Жалақы





111

Еңбекақы

Әскери қызметшiлердiң лауазымдық еңбекақысы




113

Өтемақы төлемдерi

Шұғыл қызметтегi әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетiн бiр жолғы жәрдемақы және әскери қызметшiлерге - шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарының түлектерiне сауықтыруға арналған жәрдемақы



140


Сақтаулы қор сатып алу





141

Тамақ өнімдерін сатып алу

- спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының каникул және олардың оқу-жаттығу жиындарында болуы кезеңiнде тамақтануымен;
- донорларға ақысыз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн энергетикалық шығындарын толтыруға арналған тегiн тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша




142

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу

Қанды сатып алу;
дәрi қобдишасын толықтыру үшін - дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын сатып алу




144

Жанар-жағар май, отын сатып алу

мемлекеттiк мекемелердiң:
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерiнде қызметтiк iссапарларда болу кезiнде жанар-жағар май құю үшiн материалдар құнын төлеумен байланысты;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тiзбеге енгiзiлген ерекше қауiптi мал ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көлiктерiне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын төлеу кезiнде ветеринарлық бақылау посттарында көлiк құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ сатып алу ЖЖМ, малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатындағы шығыстары бойынша;




149

Өзге де сақтаулы қорлар сатып алу

Мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары бойынша:
- мемлекеттiк саясатты және тауарлар үлгiлерiнiң сатылу саласындағы сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалауды iске асыру үшiн оларды сатып алумен байланысты техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау–қадағалау өкiлеттiктерiн iске асыратын;
- көлiк құралдарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алумен, байланысты шығыстары бойынша бiрақта айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес.



150


Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу





159

Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлеу

Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери-көлiк авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерде iссапарларда болғанда қызмет көрсету жөнiндегi әуежай қызметтерiн төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығындары бойынша



160


Басқа да ағымдағы шығындар





161

Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар




162

Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар




163

Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету




167

Ерекше шығындар

Мемлекеттік құпиялар, жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген міндеттер мен өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік органдар іске асыратын іс-шараларға арналған шығындар




169

Өзге де ағымдағы шығындар

- заңнамалық актілерге сәйкес мәдени, спорттық және баска да іс шаралардың жеңімпаздары мен қатысушыларына әр түрлі сыйақылар, жүлделер, естелік сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға баска да ақшалай төлемдер төлеуге;
- бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшін тұратын жеріне дейін жол жүру билеттерін сатып алуға;
- мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар шығыстарынан баска, сапарға шығу арқылы іс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткізуге;
- бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің өткізетін іс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлі аймақтары, жақын, алыс шет ел өкілдерінің) жол жүру шығындарын өтеу бөлігіндегі өкілдік шығыстармен;
- нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
- қызметтік автокөлікке техникалық тексеру жүргізуге және қызметтік автокөлікке мемлекеттік нөмірлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша



320


Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер





322

Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер

Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына почта аударымдары үшін ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери (арнаулы) оку орындарының курсанттарына демалысқа кетуі кезінде азық-түлік үлесінің орнына төленетін ақшалай өтемақы бойынша




324

Стипендиялар

Кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларына стипендиялар және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері тындаушыларының ақшалай ырыздық ақысын төлеуге байланысты