"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 14534 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 10-тармағына, 11-тармағының 2) және 5) тармақшаларына, 43-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) "А" корпусының кадр резервіне алу үшін кандидаттың қызметтік тізімінің нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13443 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 1-қосымша
  Нысан

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр
резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.

      Іріктеу "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
("А" корпусының санаттары, топтары, топшалары және егер Ұлттық комиссиямен белгіленсе, "А" корпусы лауазымдарының әрбір санаттары, топтары, топшалары бойынша "А" корпусының кадр резервіне алынатын тұлғалардың шекті саны көрсетіледі) бойынша алу үшін өткізіледі.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар:

      ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын талаптары көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары:

      20____ж. "____"________ бастап,

      20____ж. "____"________ дейінгі кезеңде құжаттарды қабылдайды.

      Құжаттар қолма-қол, поштамен немесе электрондық пошта арқылы келесі мекен-жайда__________________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының пошта және электронды пошта мекен-жайы көрсетіледі) қабылданады.

      Толық ақпаратты ______________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының қала коды және телефондары мен факс номірлері көрсетіледі) телефондары бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында ________________________ алуға болады.

       (интернет-ресурс көрсетіледі)

      Қосымша ақпарат:______________________________________________
____________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда "А" корпусының кадр резервіне іріктеу өткізумен байланысты қосымша ақпарат көрсетіледі)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы
кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің
кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш

      Мен, ____________________________________, ЖСН ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
____________________________________________________________________
(келесілердің бірі көрсетіледі: бірінші санаттың бірінші тобы немесе бірінші санаттың екінші тобының бірінші не екінші не үшінші топшасы немесе екінші санаттың бірінші немесе екінші тобы көрсетіледі) мені іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.

      Мен:

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;

      өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      "А" корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым және әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, "А" корпусының лауазымдар тобы, топшасы және санаты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;

      атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.________________________________________________________

      2.________________________________________________________

      3.________________________________________________________

      4.________________________________________________________

      5.________________________________________________________

      6.________________________________________________________

      7.________________________________________________________

      Байланыс деректері:

      Қаланың коды, телефон______________________________________

      Ұялы телефон ______________________________________________

      Тұратын жерінің мекен-жайы (пошта мекен-жайы): ________________

      Тіркелген жерінің мекен-жайы: ________________________________

      Электронды мекен-жайы: _____________________________________

      ___________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ ж. "____"_______________

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның "А" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін
кандидатпен әңгімелесу парағы

       Ұлттық комиссияның мүшесі:_____________________

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Санаты,
тобы,
топшасы

Қорытынды шешім ("ұсынамын" немесе "ұсынбаймын") өз қолымен толтырылады

1.



2.



3.



...



...



      ____________________ 20 __ жылғы "___" ______________

       қолы

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 4-қосымша
  Нысан

__________________________________________ кадр комиссиясының
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала көрсетіледі) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы

       Ұлттық комиссияның мүшесі:_____________________

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Баға ("оң" немесе "теріс"),
өз қолымен толтырылады

1.


2.


3.


...




      ____________________ 20 __ жылғы "___" ______________

       қолы

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 5-қосымша
  Нысан

"А" КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ
ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ
В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА "А"

_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))/
фамилия, имя, отчество (при его наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3,5х4,5)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения


2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)


3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения


4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание


5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками


6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/
Государственные награды, почетные звания


7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин


8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/
Вид взыскания, дата и основания его наложения


9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күнімен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения


 
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
күні/дата


Тексерілді/
Проверено _______________________
қолы/подпись

 
 _________________
күні/дата

Мөрдін орны
место печати

____________________________________________
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты
Фамилия, имя, отчество работника службы управления персоналом (кадровой службы)