Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 22.11.2016 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың
4-қосымшасына сәйкес;
5) «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімінің нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Донақов
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.
Іріктеу «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(«А» корпусының санаттары, топтары, топшалары және егер Ұлттық комиссиямен белгіленсе, «А» корпусы лауазымдарының әрбір санаттары, топтары, топшалары бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынатын тұлғалардың шекті саны көрсетіледі) бойынша алу үшін өткізіледі.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі және оның аумақтық департтаменттері:
20____ж. «____»________ бастап
20____ж. «____»________ дейінгі кезеңде құжаттарды қабылдайды.
Құжаттар қолма-қол, поштамен немесе электрондық пошта арқылы келесі мекен-жайда__________________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының пошта және электронды пошта мекен-жайы көрсетіледі) қабылданады.
Толық ақпаратты ______________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының қала коды және телефондары мен факс номірлері көрсетіледі) телефондары бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында ________________________ алуға болады.
(интернет-ресурс көрсетіледі)
Қосымша ақпарат:______________________________________________
____________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізумен байланысты қосымша ақпарат көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 29 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы
кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш
Мен, ____________________________________, ЖСН ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
____________________________________________________________________
(келесілердің бірі көрсетіледі: бірінші санаттың бірінші немесе бірінші санаттың екінші тобының бірінші, екінші, үшінші топшасы не екінші санат көрсетіледі) мені іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.
Мен:
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;
мемлекеттік қызметке менің кіруіме және «А» корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;
өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;
мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және «А» корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
«А» корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым, әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, «А» корпусының лауазымдар тобы, топшасы және санаты, байланыс телефондарым) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;
атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей хабарлаймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. ________________________________________________________
2. ________________________________________________________
3. ________________________________________________________
4. ________________________________________________________
5. ________________________________________________________
6. ________________________________________________________
7. ________________________________________________________
Байланыс деректері:
Қаланың коды, телефон______________________________________
Ұялы телефон ______________________________________________
Тұратын жерінің мекен-жайы (пошта мекен-жайы): ____________
Тіркелген жерінің мекен-жайы: _____________________________
Электронды мекен-жайы: ____________________________________
___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
20__ ж. «____»_______________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 29 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының
мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен
әңгімелесу парағы
Кандидаттың |
Санаты, тобы, топшасы |
Қорытынды балл |
Шешім (резервке алу/алудан бас тарту) |
1. |
|||
2. |
|||
3. |
|||
... |
|||
20 __ жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 29 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
__________________________________________ кадр комиссиясының
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала көрсетіледі) «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен
әңгімелесу парағы
Кандидаттың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
Баға («оң» немесе «теріс») |
Ұлттық комиссияға ұсыныс (мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыну/ұсынбау) |
1. |
||
2. |
||
3. |
||
... |
||
Күні 20__ жыл «___»_________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 29 бұйрығына
5-қосымша
Нысан
«А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА «А»
_____________________________________________ |
ФОТО |
_____________________________________________ |
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||
1. |
Туған күні және жері/ |
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
|
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ |
|
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/ |
|
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
|
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/ |
|
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені/ |
|
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/Вид взыскания, дата и основания его наложения |
|
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/ |
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
|
____________________ |
_______________ |
|
Тексерілді/ |
|
|
мөрдін орны |
__________________________________________ |
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 29 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 06-7/43 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8396 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 3 сәуірде № 98 (28037) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 06-7/184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9030 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 285 (28224) жарияланған).