2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тексеру парақтары.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау, сонымен қатар, осы бірлескен бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрі______________ Қ.Бишімбаев |
______________ К.Мәсімов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
________________С. Айтпаева
2016 жылғы 11 қараша
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар (бұдан әрі - АТҚ) салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12389 болып тіркелген) сәйкес, тексеру жүргізу мақсатында әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) елеулі бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарының бұзылуы, атап айтқанда мынадай белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: журналдарының болмауы немесе белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі, есепті ұсынбау немесе есепті белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, әзірленген және бекітілген әдістемелердің болмауы, техникалық іздестіру құралдарын беру тәртібінің бұзылуы, сонымен қатар, әзірленген, өткізілген және жөнделетін АТҚ-ды және оған қатысты құжаттамаларды үшінші тұлғаларға беру;
2) елеусіз бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарының бұзылуы, оның ішінде, электрондық нысанда мәліметтерді қате ұсыну, үшінші тұлғаларға лицензиардың келісімінсіз тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген әдістемелерді беру, АТҚ әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу, жөндеу шарттарын бұзу;
3) өрескел бұзушылық – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікті талап ететін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарының бұзылуы, атап айтқанда мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: маманның болмауы, арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болмауы, мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге рұқсаттың болмауы, ең аз қажетті жабдығының болмауы, лицензиарды ескерту тәртібінің бұзылуы, сонымен қатар расталған шағымдар мен өтініштердің болуы;
4) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
6) тексеру субъектілері – ақпараттық қауіпсіздікті және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тексеру парағы – орындалмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
3. Өлшемшарттар объективті және (немесе) субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.
4. Объективті өлшемшарттар бойынша тексерілетін субъектілер лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру мерзіміне байланысты жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған:
1) жоғары тәуекел деңгейіне тиісті лицензияны үш жылдан кем иеленген субъектілерге;
2) жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылмаған тиісті лицензияны үш жылдан аса иеленген субъектілерге бөлінеді.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған субъектілерге (объектілерге) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
5. Ішінара тексерулер жүргізудің жылсайынғы тізімдерін реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам бекіткеннен соң, тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Ішінара тексеру жүргізу еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты бұрын есепке алынған және қолданылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
7. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
8. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) лицензиаттардың қызметтеріне қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
2) бұрынғы тексерулер нәтижелері, сонымен бірге бұзушылықтар ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын бұзған жағдайда белгіленеді;
3) тексерілетін лицензиаттың ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, нағыз Өлшемшарттарға қосымшасына сәйкес.
9. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және елеусіз дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
10. Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициент есепке алынады және аталған көрсеткіш төмендегідей формула бойынша есептеледі:
онда:
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициент есепке алынады және аталған көрсеткіш төмендегідей формула бойынша есептеледі:
онда:
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (
онда:
11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға:
1) 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;
2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмегенде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
№ р/с | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
І. Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) әзiрлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге | ||
АКҚҚ-ы әзiрлеу бойынша қызметтің кіші түрі | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
1.1 | АКҚҚ-ы әзiрлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей | ||
2.1 | Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар маманның (-дардың) болуы | өрескел |
2.2 | АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
2.3 |
Үй-жай: | елеулі |
2.4 | Әзірленген АКҚҚ-ы есепке алу журналдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №4 бұйрығымен (бұдан әрі – ҰҚК Төрағасының бұйрығы) бекітілген (№ 10473 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген), ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның iшiнде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі – АКҚҚ-ың біліктілік талаптары) 2-қосымшасындағы үлгіге сәйкес болуы | елеулі |
3. Тексерілетін лицензиаттың ұсынатын есептілік пен мәліметтерді | ||
3.1 | АКҚҚ-ың біліктілік талаптарының 3-қосымшасындағы үлгіге сәйкес әзірленген АКҚҚ туралы жыл сайынғы есепті ұсынбау | елеулі |
3.2 |
Лицензиарды: | елеулі |
АКҚҚ-ы өткізу бойынша (оның ішінде өзге де беру) қызметтің кіші түрі | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
1.1 | АКҚҚ-ы өткізу (оның ішінде өзге де беру) бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей | ||
2.1 | Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар маманның (-дардың) болуы | өрескел |
2.2 | АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
2.3 |
Үй-жай: | елеулі |
2.4 | Өткізілген АКҚҚ-ын есепке алу журналдарының АКҚҚ-ың біліктілік талаптарының 6-қосымшасындағы үлгіге сәйкес болуы | елеулі |
3. Тексерілетін лицензиаттың ұсынатын есептілік пен мәліметтерді | ||
3.1 | Өткізілген АКҚҚ туралы жыл сайынғы есеп АКҚҚ-ың біліктілік талаптарының 7-қосымшасындағы үлгіге сәйкес ұсынбау | елеулі |
ІІ. Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
1.1 | Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей | ||
2.1 | Жоғары немесе орта кәсіптік техникалық білімі бар маманның (-дардың) болуы | өрескел |
2.2 |
Іздестіру техникалық құралдардың ең аз түрлерінің болуы: | өрескел |
2.3 | Іздестіру қызметі саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
2.4 |
Үй-жай: | елеулі |
2.5 |
Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар: | елеулі |
2.6 | Іздестіру бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттарды (келісімшарттардың) есепке алу журналының, техникалық іздестіру құралдарын есепке алу журналының ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілген, ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі – іздестіруге біліктілік талаптарының) 3 және 4-қосымшасындағы нысандарға сәйкес болуы | елеулі |
2.7 | Техникалық іздестіру құралдарын үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру | елеулі |
2.8 | Әзірленген әдістемелерді үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру | елеусіз |
3. Есептілік мониторингінің нәтижелері және | ||
3.1 |
Лицензиарды: | өрескел |
3.2 | Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау бойынша көрсетілген қызметтер бойынша жыл сайынғы есепті ҰҚК Төрағасы бұйрығымен бекітілген, іздестіруге біліктілік талаптарының 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес ұсынбау | елеулі |
ІІІ. Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын лицензиаттардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары | ||
Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
1.1 | Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы әзiрлеу және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей | ||
2.1 | Жоғары техникалық білімі бар маманның (-дардың) болуы | өрескел |
2.2 |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | өрескел |
2.3 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
2.4 |
Үй-жай: | елеулі |
2.5 | Әзiрленген және өндірілген АТҚ-ы есепке алу журналының ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілген, жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі – АТҚ-ға біліктілік талаптарының) 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес болуы | елеулі |
2.6 |
АТҚ-ы әзірлеуді келесі шарттармен жүзеге асыру: | елеулі |
2.7 |
АТҚ-ы өндіруді мынадай шарттармен жүзеге асыру: | елеулі |
2.8 | Үшінші тұлғаларға, меншік түріне қарамастан, лицензиардың келісімінсіз тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген АТҚ-ды, сонымен қатар, оған қатысты құжаттамаларды беру | елеулі |
3. Есептілік мониторингінің нәтижелері және | ||
3.1 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы | өрескел |
3.2 | АТҚ-ға біліктілік талаптарының 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес әзірленген және өндірілген АТҚ-ы туралы есепті жартыжылда бір рет ұсынбау | елеулі |
Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | ||
1.1 | Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді) | ||
2.1 | Жоғары техникалық білімі бар маманның (-дардың) болуы | өрескел |
2.2 |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | өрескел |
2.3 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
2.4 |
Үй-жай: | елеулі |
2.5 | Жөнделген және өткізілген АТҚ-ы есепке алу журналының АТҚ-ға біліктілік талаптарының 5 және 6-қосымшасындағы нысандарға сәйкес болуы | елеулі |
2.6 |
Лицензиарды: | елеулі |
2.7 | Үшінші тұлғаларға, меншік түріне қарамастан, тек лицензиардың келісімімен тұрақты немесе уақытша пайдалануға өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ-ы, сонымен қатар, оған қатысты құжаттамаларды беру | елеулі |
3. Есептілік мониторингінің нәтижелері және | ||
3.1 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы | өрескел |
3.2 | АТҚ-ға біліктілік талаптарының 7 және 8-қосымшасындағы нысандарға сәйкес өткізілген АТҚ жөніндегі тоқсандық есепті және жөнделген АТҚ туралы жылсайынғы есепті ұсынбау | елеулі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)
АКҚҚ-ы әзiрлеу бойынша лицензиаттардың қызметіне (қызметтің кіші түрі) қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
________________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН _______________________________
Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар маманның (-дардың) болуы | ||||
2. | АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
3. |
Үй-жай: | ||||
4. | АКҚҚ-ың біліктілік талаптарының 2-қосымшасындағы үлгіге сәйкес әзірленген АКҚҚ-ны есепке алу журналдарының болуы |
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _______________ ________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(бар болғанда))
Тексерілетін субъектінің жетекшісі ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы) (қолы)
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)
АКҚҚ-ы өткізу бойынша (оның ішінде өзге де беру) лицензиаттардың қызметіне (қызметтің кіші түрі) қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ______________________________
Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі |
Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар маманның (-дардың) болуы | ||||
2. | АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
3. |
Үй-жай: | ||||
4. | АКҚҚ-ың біліктілік талаптарының 6-қосымшасындағы үлгіге сәйкес әзірленген АКҚҚ-ны есепке алу журналдарының болуы |
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _______________ ________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(бар болғанда))
Тексерілетін субъектінің жетекшісі ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы) (қолы)
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)
Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттардың қызметіне қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН _______________________________
Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жоғары немесе орта кәсіптік техникалық білімі бар маманның (-дардың) болуы | ||||
2. |
Іздестіру техникалық құралдардың ең аз түрлерінің болуы: | ||||
3. | Іздестіру қызметі саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
4. |
Үй-жай: | ||||
5. |
Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар: | ||||
6. |
Іздестіруге біліктілік талаптарының | ||||
7. | Техникалық іздестіру құралдарын үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру | ||||
8. | Әзірленген әдістемелерді үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру |
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _______________ ________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(бар болғанда))
Тексерілетін субъектінің жетекшісі ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы) (қолы)
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)
Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы әзiрлеу және өндіру бойынша (қызметтің кіші түрі) лицензиаттардың қызметіне қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ______________________________
Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жоғары техникалық білімі бар маманның (-дардың) болуы | ||||
2. |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | ||||
3. | Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
4. |
Үй-жай: | ||||
5. | АТҚ-ға біліктілік талаптарының 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес әзiрленген және өндірілген АТҚ есепке алу журналының болуы | ||||
6. |
АТҚ-ы әзірлеуді мынадай шарттармен жүзеге асыру: | ||||
7. |
АТҚ-ы өндіруді мынадай шарттармен жүзеге асыру: | ||||
8. | Үшінші тұлғаларға, меншік түріне қарамастан, тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген АТҚ-ды, сонымен қатар, оған қатысты құжаттамаларды тек лицензиардың келісімімен беру |
Лауазымды тұлға (тұлғалар) _______________ ________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.(бар болғанда))
Тексерілетін субъектінің жетекшісі ____________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы) (қолы)
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)
Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ы жөндеу және өткізу бойынша (қызметтің кіші түрі) лицензиаттардың қызметіне қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН _______________________________
Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жоғары техникалық білімі бар маманның (-дардың) болуы | ||||
2. |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | ||||
3. | Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
4. |
Үй-жай: | ||||
5. | АТҚ-ға біліктілік талаптарының 5 және 6-қосымшасындағы нысандарға сәйкес жөнделген және өткізілген АТҚ-ы есепке алу журналының болуы | ||||
6. |
Лицензиарды: | ||||
7. | Үшінші тұлғаларға, меншік түріне қарамастан, тұрақты немесе уақытша пайдалануға өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ-ы, сонымен қатар, оған қатысты құжаттамаларды тек лицензиардың келісімімен беру |