Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда № 14491 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 87 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1.Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысаны бектілісін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2016 жылғы 8 қарашадағы
№ 470 бұйрығына
қосымша
  Нысан

№ ___микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты

      ____________ қаласы 20__ ж. "____" __________

      Бұдан әрі "Қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және бұдан әрі "микроқаржы ұйымы" деп аталатын

      "________________________________ микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің атынан_____________ негізінде әрекет ететін ___________________________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын ____________________, атынан___________________________________ бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар,

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына;

      ________________жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы___________ № ____ хаттамасына сәйкес осы микрокредит беру бойынша субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жоба – табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның аясында бірнеше микрокредит алуға болады;

      2) кәсіпкер – өз қызметін кәсіпкерлік мақсатта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      3) микрокредит – микроқаржы ұйымы жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретін ақша;

      4) микрокредит беру туралы шарт – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша микроқаржы ұйымы кәсіпкерге жобаны іске асыру үшін микрокредит береді;

      5) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50 (елу) %-ына бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;

      7) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде микрокредит бойынша сыйақы ретінде МҚҰ кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      8) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша Қаржы агенттігі ______________ (МҚҰ атауы) алынған микрокредит бойынша Алушының сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды осы Шартқа 1 қосымшаға сәйкес талаптарда жүзеге асырады.

      3. Субсидиялау республикалық бюджет қаражатының есебінен Субсидиялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      4. МҚҰ осы Шарт жасалғаннан кейін Қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды:

      1) өтеу кестесін қоса бере отырып, Алушымен жасалған Микрокредит беру туралы шартты (лауазымды тұлғаның қолымен және МҚҰ мөрімен расталған көшірме);

      2) жаңа микрокредиттің берілген туралы МҚҰ-ның анықтамасын не Алушының жаңа микрокредитті алу фактісін растайтын құжатты береді.

      5. Субсидиялау Бағдарламаның "_______________________" (бағыттың атауы) ____________________ бағытының шеңберінде жүзеге асырылады.

      6. Микрокредит бойынша ________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялануы тиіс, бұл ретте ________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін Қаржы агенттігі төлейді, ал ________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігін Алушы осы Шартқа 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының өтеу кестесімен сәйкес төлейді.

      7. МҚҰ есептеген және Алушы мерзімі өткен берешек бойынша төлемеген сыйақылар субсидияланбауы тиіс.

      8. Субсидиялау мерзімі ______ ж. "___" ________ бастап саналады.

      9. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенттігі банк-төлем агентінде ашылған ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен осы Шартқа 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

      10. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ______ ж. "___" ________

      11. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін Қаржы агенттігі субсидияларды төлейді.

      12. Тараптар осы Шарттың шеңберінде төлем жасалатын күн жұмыс істемейтін күнге немесе мереке күніне сәйкес келген жағдайда төлем одан кейінгі жұмыс күні жасалады деп келісті.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Қаржы агенттігі осы Шарттың талаптарында субсидиялау үшін жеткілікті соманы банк-төлем агентінде ашылған ағымдағы шотқа уақтылы толтыруға міндетті.

      14. Қаржы агенттігі:

      1) республикалық бюджеттен қаражат алмаған жағдайда субсидияларды аудармауға;

      2) қаражаттың нысаналы пайдаланылуы тұрғысында Алушыға тексерулер жүргізуге құқылы. Алушыдан микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) МҚҰ Алушы туралы, сондай-ақ Бағдарламаға қатысатын микрокредит беру туралы шарттың іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) МҚҰ мен Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, МҚҰ мен Алушының арасындағы микрокредит беру туралы шартта көзделген құқықтар шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге жарты жылда кемінде 1 (бір) рет бара отырып, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне мониторингті, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға;

      5) уәкілетті органға есеп беру мақсатында микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға құқылы. Осыған байланысты осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Алушыдан оның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;

      6) Тараптар үшін көзделген, осы Шартта белгіленген Алушының міндеттемелерді орындау мерзімін сақтауына бақылауды жүзеге асыруға және Алушының оларды уақтылы орындауын талап етуге;

      7) МҚҰ жазбаша хабарлай отырып, оның жедел қызметіне араласпай, МҚҰ барумен осы Шарттың іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;

      8) жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі, жаңа микрокредитті мақсатқа сай пайдаланбау, микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешектің болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Алушының шоттарына тыйым салу фактілері анықталған жағдайда субсидиялауды тоқтата тұруға;

      9) Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы мәселені ӨҮК-тің қарауына шығаруға;

      10) жарнама науқанын жүргізген кезде, ақпаратты Қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде Алушыдан немесе МҚҰ алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ Алушыдан алынған келісіммен оны үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      15. Алушы:

      1) микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өтеу кестесі бойынша субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігінде МҚҰ сыйақыларын төлеуді жүргізуге;

      3) жазбаша сұрау салу бойынша Қаржы агенттігіне микрокредиттің нысаналы пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына сәйкес келуіне жоба іске асырылатын аумақта тексерулер жүргізу құқығын беруге;

      4) Қаржы агенттігінің жазбаша сұрау салуы бойынша Бағдарламаның, микрокредит беру туралы шарттың және осы Шарттың талаптарын орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға осы Шарттың талаптары және іске асырылуы туралы ақпаратты бермеуге және жария етпеуге міндетті.

      16. Алушы Қаржы агенттігінен МҚҰ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды төлеуді талап етуге құқылы.

      17. МҚҰ:

      1) осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушының микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;

      2) осы Шартты Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімде уақтылы жасамаған жағдайда, Қаржы агенттігіне кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабарлауға;

      3) Қаржы агенттігінің тиісті хабарламасы негізінде Алушының жобасы бойынша субсидиялардың сомасын Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте МҚҰ шоттардағы қаражаттың ағымдағы жалпы қалдықтардан есептен шығаруға құқығы жоқ;

      4) Алушы микрокредит бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан МҚҰ алдында төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбеуге және бұл туралы Қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. МҚҰ осы тармақшада көзделген жағдайлар басталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда Қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      5) Алушының микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған жағдайда, Алушының микрокредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қаржы агенттігіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте МҚҰ салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал Қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған күні мен сомасын көрсетеді. Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, МҚҰ Қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      6) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда кейіннен Қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде Қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруға және Алушының ағымдағы шотына аударуға;

      7) Қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын микрокредитінің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;

      8) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, Қаржы агенттігімен және Алушымен мониторингтік есептерге қол қоюға;

      9) Қаржы агенттігін осы Шарттың талаптарын орындауға әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы уақтылы хабардар етуге;

      10) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде микрокредит бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін және (немесе) микрокредиттің сомасын өзгертпеуге;

      11) ӨҮК қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламада көзделген МҚҰ тарапынан алынуы мүмкін комиссияларды қоспағанда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы өзге де төлемдерді өтеуге;

      12) Алушы микрокредит бойынша негізгі борышын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, Қаржы агенттігіне микрокредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы хабарлауға міндетті.

      Алушының микрокредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, МҚҰ микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасасу кезінде Қаржы агенттігіне негізгі борышты ішінара өтеу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімнің көшірмесін жібереді;

      13) Қаржы агенттігінен субсидиялардың сомасын атаулы аудару туралы хабарламаны алмаған жағдайда Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға міндетті.

      18. МҚҰ:

      1) Қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;

      2) қолданыстағы микрокредит бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда Алушыға бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдер мен басқа да талаптарды) белгілеуге құқылы.

4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      19. Осы Шарт субсидиялау мерзімінің басталуын ескере отырып, Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы _____________ қоса алғанда, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданылады.

      20. Қаржы агенттігі Субсидиялау қағидаларында көзделген жағдайларда осы Шартты біржақты тәртіппен бұзады.

5-тарау. Жауапкершілік

      21. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      22. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес микрокредитті уақтылы және толық қайтару және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін МҚҰ алдында Алушы жауапты болады. Бұл ретте мұндай жауапкершілікті ешбір жағдайда Қаржы агенттігіне жүктеуге болмайды.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      23. Егер еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан орындау мүмкін болмаса, Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      24. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай жағдайлар орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай жағдайлар туралы уақтылы хабарлайды. Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      25. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген зиянды өтейді.

      26. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы осы Шартты орындау мерзімін олардың орын алу кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

      27. Егер осындай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

7-тарау. Дауларды шешу

      28. Осы Шартты орындауға байланысты туындаған қандай да бір дау болған жағдайда, кез келген Тарап барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеуге күш-жігерлерін салады.

      29. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

8-тарау. Құпиялылық

      30. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты болатын ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау барысында өздері алған басқа да ақпараттың құпия болып табылатынына және осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге болмайтынымен келіседі.

      31. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, оны жариялауына немесе басқа да жолмен жария етуіне болады.

      32. Тараптар осы Шарттың болуын және оның талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғаларына және жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге немесе беруге тыйым салынады.

      33. Кез келген Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен немесе таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария етудің салдарынан басқа Тарапқа келтірілген ықтимал зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

      34. Алушы осы Шартқа қол қоя отырып, Қаржы агенттігіне бұқаралық ақпарат құралдарында Алушы туралы мәліметтерді орналастыруға, сондай-ақ осы Шарттың шеңберінде алынған Алушы туралы кез келген мәліметтерді (оның ішінде банктік құпияны) Алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге келісім береді.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      35. Алушы Қаржы агенттігіне мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:

      1) Алушы осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайы екенін және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      2) Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шындыққа сәйкес келетінін тексеруге міндетті емес;

      3) Алушы өз бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін ешқандай жағдайлардан хабардар емес.

      36. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.

      37. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.

      38. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері

Қаржы агенттігі:
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
Мекенжай_____________________________________________________________________
тел._______________________
БСН______________________
БСК _______________________
ЖСК ______________________
КБе_____________________

МҚҰ
Мекенжай___________________________________________________________________
тел.________________
БСН_______________
БСК ___________________
ЖСК ___________________
КБе________________

Алушы
Мекенжай_____________________________________________________________
тел.____________________
БСН___________________
БСК ___________________
ЖСК _______________________
КБе____________________

Мөр орны

_______________
Мөр орны

_______________
Мөр орны.

  Микрокредит беру бойынша
субсидиялау шартына
1-қосымша

      Микрокредит бойынша Алушының сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды талаптары

Микрокредит беру туралы шарт

______________ ж. № ____

Нысаналы мақсаты


Осы Шарт жасалған күндегі микрокредиттің сомасы


Микрокредит валютасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Микрокредиттің мерзімі


  Микрокредит беру бойынша
субсидиялау шартына
2-қосымша
  Нысан

Субсидиялау шартына өтеу кестесі

      Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Негізгі борышты өтеу күні

Негізгі борыштың қалдық сомасы

Негізгі борышты өтеу сомасы

Қаржы агенттігі төлейтiн сыйақы сомасы

Алушы төлейтiн сыйақы сомасы

Есептелген сыйақы сомасының жиыны


























Қаржы агенттігі:
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
Мекенжай_____________________________________________________________________
тел._______________________
БСН______________________
БСК _______________________
ЖСК ______________________
КБе_____________________

МҚҰ
Мекенжай___________________________________________________________________
тел.________________
БСН_______________
БСК ___________________
ЖСК ___________________
КБе________________

Алушы
Мекенжай_____________________________________________________________
тел.____________________
БСН___________________
БСК ___________________
ЖСК _______________________
КБе____________________

Мөр орны

_______________
Мөр орны

_______________
Мөр орны.