Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14481 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес анықталған Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7676 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 1 қараша



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 453 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Тексеру нәтижелері туралы №_______ акт

20__ жылғы "___" ________

"____" сағат "_____" минут


______________________

жасалған орны


      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бақылау органының атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы

      20__ жылғы "___" ________ тексеру тағайындау туралы № ____ актінің

      негізінде, __________________________________________________________

      _________________________________________________________ қатысуымен

      тексеру жүргiзу кезiнде болған жеке немесе заңды тұлға

      өкiлiнiң лауазымы

      _____________________________________________________________________

      тексеру жүргізілген орын

      _________________ бастап ______________________________________ дейін

      _____________________________________________________________________

      тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      тексеру жүргіздім.

      Тексеру нәтижелері бойынша мынадай "Асыл тұқымды мал

      шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының

      Заңын бұзушылықтар анықталды: _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар,

      олардың сипаты туралы мәлiметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың

      тармақтары

      _______________________________

       тексерудi жүргiзген лауазымды

       адамның (адамдардың) қолы

      Тексеру нәтижелері туралы актімен таныстым, акт бойынша

      ескертулер мен қарсылықтар __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу

      кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас

      тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы

      Қосымшаларының көшірмелерімен бірге актінің бір данасын алдым _____

      (қолы)

      ____________________________________

       тексерілетін субъекті өкілінің тегі,

       аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

       куәландыратын құжатта көрсетілсе)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 453 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Анықталған Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою
жөніндегі №________ нұсқама

      20___ жылғы "____" __________ ________________________

       жасалған орны

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін субъектінің атауы)

      мынадай "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі

      Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталды ______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (тексеру нәтижелері туралы акт немесе өзге де мемлекеттік бақылау

      нысандарының қорытындылары бойынша бұзушылықтардың сипатын жазу)

      Көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жою үшін:

      1. Мынадай іс-шаралар орындалсын:

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

1




      2. Іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты растаушы

      құжаттармен ______________ кеш емес мерзімде ________________________

      мекенжайы бойынша ұсынсын.

      _______________________ ______________ _______________________

      тексеру жүргізген қолы тегі, аты, әкесінің аты

       адамның лауазымы (егер ол жеке басын

       куәландыратын құжатта

       көрсетілсе)

      Нұсқамамен таныстым және бір данасын алдым ____________________

      басшысы

      Осы нұсқаманың орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан

      Республикасының Кодексі 462-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік

      жауапкершілік көзделгені маған түсіндірілді.

      __________________ ______________________________

       қолы тексерілетін субъект басшысының

       тегі, аты, әкесінің аты (егер ол

       жеке басын куәландыратын құжатта

       көрсетілсе)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 453 бұйрығына
3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың
актілерін жасау және беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру тәртібін айқындайды.

      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды тексеру нысанында және өзге де нысандарда асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы жөніндегі мемлекеттік инспектор (бұдан әрі – мемлекеттік инспектор) жүзеге асырады. Тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады және оның нәтижелері бойынша мынадай актілер шығарылады:

      1) тексеру нәтижелері туралы акт (бұдан әрі – акт);

      2) анықталған Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама (бұдан әрі – нұсқама).

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік
инспектордың актілерді жасау және беру тәртібі

      3. Мемлекеттік инспектор асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша екі данада 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабында көрсетілген мынадай мәліметтерді қамтитын актіні жасайды:

      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;

      2) бақылау органының атауы;

      3) негiзінде тексеру жүргiзiлген тексеру тағайындау туралы актінің күнi мен нөмiрi;

      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргiзу кезiнде болған жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;

      6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;

      7) тексеру нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;

      8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;

      9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде болған адамдардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;

      10) тексеру жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.

      Тексеру нәтижелерi туралы актiге, бар болған жағдайда, өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеп қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.

      4. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, олардың сипаты бұзылған Заң нормаларын міндетті көрсету арқылы жазылады.

      5. Актіге мемлекеттік инспектор, тексеруге қатысқан адамдар қол қояды, одан кейін ол тексерілетін субъектінің өкілдеріне, сондай-ақ тексеру кезінде болған адамдарға танысу үшін беріледі. Актімен танысу немесе танысудан бас тарту олардың қолы арқылы расталады.

      6. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерiмен бірге тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.

      Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.

      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, бұл туралы тиiстi белгi жасалады.

      7. Егер бұзушылықтар сипаты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейтін болса, онда акт әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін негіз болады.

      8. Жоспардан тыс тексерулер кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың толтырылуы Заңның 16-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес анықталған заңдылықты бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы беруге кедергі келтірмейді. Бұл ретте, нұсқамада жазылған бұзушылықтар акт бойынша бұзушылықтардың сипатына сәйкес келуі тиіс.

      9. Сондай-ақ, нұсқама мемлекеттік бақылаудың өзге нысанын жүргізу нәтижелері бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмастан, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, беріледі.

      10. Нұсқамада бұзылған Заң нормалары көрсетілген бұзушылықтар сипаты, сондай-ақ оларды жою іс-шаралары көрсетіледі.

      11. Нұсқама екі данада жасалады және оған мемлекеттік инспектордың қолы қойылады. Бір данасы жеке тұлғаға, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге не тексерілетін субъектінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға қол қою арқылы беріледі.