БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті дайындау кезінде мынадай құрылымдық бөлімшелер ұсынған деректерді пайдаланады:
есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімше – жоспарларды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдаумен төлеушілер бөлінісінде дивидендтер төлеу жоспарын орындау бойынша талдамалық ақпаратты;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшесі - есепті жылда республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түсім жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы себептеріне факторлық талдауды (сыртқы сауда айналымы көлемінің өзгеруі, минералдық шикізатқа әлемдік бағаның өзгеруі, салық салу базасының өзгеруі, жүйелік сипаттағы салықтық және кедендік заңнамадағы өзгерістер және басқа да факторлар).
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлімшесі – есепті жылда жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түсім жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы себептеріне факторлық талдауды;
есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін:
салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімше:
ұйымдар бөлінісінде бересінің төмендеу немесе ұлғаюына әсер еткен факторлар мен бересіні төмендету және кірістерді әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы салықтар мен төлемдер бөлінісінде республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер бойынша бересі сомасының өзгерістерін алдыңғы жылмен салыстырма талдауды;
кірістерді әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданған шаралар тұралы ақпаратты пайдаланады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері салықтардың, кедендік және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешікпейтін мерзімде жеке сәйкестендiру нөмiрдерін (бизнес-сәйкестендiру нөмiрдерін) көрсете отырып, мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтық, салықтық емес түсімдерді, өндiрiп алуға жауапты ведомстволары олардан алынған тізімдердің негізінде 5 ақпаннан кешіктірмей көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінен бюджет түскен түсімдер туралы ақпаратты ұсынады.".
4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын талдау
43. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті осы Нұсқаудың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.
Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде әрбір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) бөлінісінде оған түсіндірме жазба мен қағаз және магнитті (электрондық) тасығыштарда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға беріледі.
44. Осы Нұсқауға 14-қосымшада көрсетілген өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы есеп былайша толтырылады:
"Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджетттік сыныптамаға сәйкес бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң толық атауы және оның коды көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды және атауы көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның түрi" деген жолда "мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай", "мазмұнына қарай", "iске асыру тәсiлiне қарай" "ағымдағы/даму" деген жолдар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10176 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарына сәйкес әзірленген бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламадан (бұдан әрі – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарлама) деректер көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты" деген жолда бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзу болжанатын мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық мақсаттарымен, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарымен, мемлекеттік органдардың ережелерінде және басқа да нормативтік құқықтық актілерде айқындалған өкілеттіктермен байланыстырылған белгiлi бiр нәтиже келтіріледі (бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес);
"Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)" деген жол бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес толтырылады;
"Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарының жиыны" деген жолда есепті қаржы жылындағы жоспарлы және нақты бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың қорытынды сомасы мың теңгеде көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері" деген жолда мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді сандық өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіштері көрсетіледі. Жоспарлы көрсеткіштер бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес толтырылады.
"Бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттiк кіші бағдарламаның коды және атауы көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
"Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі" деген жолда мазмұнына байланысты бюджеттік кіші бағдарламаның түрі көрсетіледі, сондай-ақ ағымдағы кіші бюджеттiк бағдарлама не кіші бюджеттiк даму бағдарламасы көрсетіледі;
"Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)" деген жолда кіші бағдарламаның қысқаша сипаттамасы және кіші бағдарламаны іске асырудың бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге ықпалын бағалау келтіріледі.
Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасын (негiздемесін) қайталамауы тиіс.
Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл жол көрсетілмейді;
"Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi" деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы көрсетіледі. Жоспарлы көрсеткіштер бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес толтырылады.
Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болған жағдайда, бұл кесте бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес әрбір кіші бағдарлама бойынша толтырылады.
Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі.
"Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар жиыны" деген жолда бюджеттік кіші бағдарлама бойынша есепті қаржы жылындағы жоспарлы және нақты шығыстардың қорытынды сомасы мың теңгеде көрсетіледі;
Қажет болған кезде бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес бағыттар бөлінісінде көрсетілуі мүмкін.
45. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы есеппен бір уақытта ұсынылатын түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:
1) бюджеттік бағдарламаның атауы;
2) бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы; бюджет қаражатын үнемдеу сомасы, игерілмеу себептері көрсетілген игерілмеу сомасы;
3) бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері:
бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі - БИЖ) бөлінісіндегі ағымды бюджеттік бағдарламалар бойынша көздеген қаражаттар пайдаланылған іс шаралар;
қол жеткізілген тікелей, түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiн сипаттай отырып, сондай-ақ қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткiштерi себептерін көрсете отырып,қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткіштердің бюджеттік бағдарламасының нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау;
бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілу пайызына қатысты нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, нәтижелер мен бюджет қаражатының игерілу пайызында алшақтық болған жағдайда себептерiне түсініктеме беру және тиісті ұйғарым жасау;
болған жағдайда бюджеттік бағдарламаны тиімсіз басқару туралы ақпаратты келтіру.
Республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлері, өткен жылмен салыстырғанда өзгерістер серпінін ескере отырып ел, өңір, сала дамуына, экономикалық-әлеуметтік саласына, халықтың тұрмыс деңгейiне бюджеттік бағдарлама шеңберінде орындалған іс-шаралардың ыкпал етуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады, атап айтқанда:
субсидия беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
есепті жылы субсидия алған кәсiпорындар бөлінісінде төленген салықтардың жалпы сомасы;
құрылған жұмыс орнының саны, оның ішінде тұрақты;
оңалту рәсімінен өткен кәсіпорындар саны;
өз қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартқан кәсіпорындар саны;
субсидияланатын қызметтермен қамтылған халықтың саны;
субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнімінің көлемі (алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеу немесе ұлғайу);
қолданбалы және іргелі ғылымның дамуына бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру (ғылыми зерттеулер нәтижелерінің практикалық тұрғыдан жүзеге асырылуы, өнеркәсіп арасындағы байланыс);
басқа дамыған елдерімен салыстырғанда ғылыми нәтижелердің деңгейі (рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар бойынша);
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының белсене қатысуы арқылы экономиканы инновациялық дамыта отырып, ғылымды синхрондау;
зертханаларды жарақтандыру шеңберінде сатып алынған құрал-жабдықтардың тиімділігі;
БИЖ іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
іске асырылған БИЖ-дердің, оның ішінде есепті жылда пайдалануға берілген объектілердің саны;
құрылған жұмыс орнының саны (БИЖ іске асыру кезінде және /немесе объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін);
БИЖ-ді іске асырудан негізгі пайда алушыларды көрсете отырып, ел, өңір, саланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне есепті кезеңде іске асырылатын БИЖ-дің ықпал етуі.
жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
жұмсаудың басым бағыттары, яғни инвестициялық жобалар (іс-шаралар) бөлінісінде;
квазимемлекеттік сектор субъектілермен жобаларды (іс-шараларды) іске асырудан әлеуметтік-экономикалық нәтиже, ел, өңір, саланың дамуына ықпал етуі (төленген салықтардың жалпы сомасы, құрылған жұмыс орнының саны, нәтижеде қандай өңірлік (ғаламдық) мәселелер шешілді);
олардың пайдаланылмау себептерін көрсете отырып, ағымдағы жыл мен өткен жылдардың қалдықтарына бөле отырып квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (бұдан әрі – ҚҚАБШ) қаражат қалдықтары;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екiншi деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастырған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаты туралы ақпарат;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы, оның ішінде сыртқы борышы туралы ақпарат;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соңғы үш жылдағы бюджеттен бөлiнген қаражатты пайдалану бойынша серпіні;
бюджеттік кредиттеуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беру арқылы іс- шараларды іске асырудын экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша;
іске асырылған БИЖ-дердің, оның ішінде есепті жылда пайдалануға берілген объектілердің саны;
құрылған жұмыс орнының саны (БИЖ іске асыру кезінде және /немесе объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін);
өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер.
4) соңғы үш жылда бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын игеру серпіні;
5) бюджет тәртібінің жағдайы туралы (жылдың басымен салыстырғанда дебиторлық және кредиторлық берешектердің болуы туралы (пайда болған берешектердің себептерін көрсете отырып, ұлғаюын немесе төмендеуін, оның ішінде өткен жылдар берешегі және дебиторлық және кредиторлық берешектерді өтеу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қабылдайтын шаралары);
6) бақылау органдары жүргізген (тексерулер бөлінісінде) бюджет қаражатын пайдаланудың атаулылығы мен нысаналы сипаттығы, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы, бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шараларды баяндай отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігі тұрғысынан) тексерулер бойынша ақпарат;
46. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған ақпараты, ішкі бақылау қызметтерінің материалдары, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау негізінде негізінде бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде талдау жүргізеді;
47. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган оның негізінде алынған ақпаратты тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепке енгізу үшін бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге талдауды жүзеге асырады.";
14 және 21-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы |
|
2016 жылғы 26 қазандағы |
|
Бюджеттік мониторинг |
|
нысан |
_____ қаржы жылында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп
Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы ____________________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы ____________________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның түрi: мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай________________________________________________________________
мазмұнына қарай ________________________________________________
iске асыру тәсiлiне қарай _________________________________________
ағымдағы/даму _____________________ ____________________________
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты______________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі) _______________________
Бюджеттік бағдарламаның шығыстары |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4бағ. 3-бағ. шегеру) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған 3баған*100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
… |
мың теңге |
|||||
Бюджеттік бағдарламаның шығыстары, жиыны |
мың теңге |
|||||
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижесі |
Бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы ____________________________________________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:
мазмұнына қарай : _____________________________________________
ағымдағы/даму ________________________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздеме) _______________________________________________________________
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4бағ. 3-бағ. шегеру) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған 3баған*100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
… |
||||||
… |
||||||
Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4бағ. 3-бағ. шегеру) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған 3баған*100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
… |
мың теңге |
|||||
Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары, жиыны |
мың теңге |
Бюджеттiк кіші бағдарламаның коды мен атауы ____________________________________________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:
мазмұнына қарай : ______________________________________________
ағымдағы/даму _________________________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздеме) ____________________________________________________________________
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4бағ. 3-бағ. шегеру) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған 3баған*100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
… |
||||||
… |
||||||
Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4бағ. 3-бағ. шегеру) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған 3баған*100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
… |
мың теңге |
|||||
Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары, жиыны |
мың теңге |
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы/
Мәслихат хатшысы/
тексеру комиссиясының төрағасы __________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бас бухгалтер __________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы |
|
Бюджеттік мониторинг |
|
нысан |
__________жылы _________________________бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы туралы деректер
Негізгі көрсеткіштері |
Сомасы, мың тенге |
1 |
2 |
БАРЛЫҒЫ, онын ішінде: |
|
- тиісті бюджет бойынша бюджет қаражатының игерілмеуі |
|
- нысаналы мақсатта пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару |
|
- пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару |
|
- өткен қаржы жылында бөлінген Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті уәкілетті органдарының шешімдері бойынша толық пайдалануға рұқсат берілген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерін қайтару |
|
- нысаналы мақсатта пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару |
|
- республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару |
|
- республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттерінен пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару |
|
- есепті қаржы жылында жарғылық капиталын қалыптастырылуға және ұлғайтуға бөлінген және есепті кезеңде пайдаланылмай қалған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат қалдықтары |
|
- есепті қаржы жылында мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінген және есепті кезеңде пайдаланылмай қалған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат қалдықтары |