"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 қарашада № 14459 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне қарыз туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 115000000 (бір жүз он бес миллион) АҚШ долларына дейін баламалы сомада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы» автомобиль жолының «Орталық – Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау» 2152 – 2214 км (Күрті – Бурылбайтал учаскесі)» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев