Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған электрондық қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығымен бекітілген |
Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағида Қазақстан Республикасының аумағында білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүзеге асыратын аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін регламенттейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттелген білім беру бағдарламасы – аккредиттеу органдарында мазмұны мен бағыттарының (міндеттерінің) белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімінен өткен білім беру бағдарламасы (мамандығы);
2) Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-Тізілім) – аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтардың) тізбесі;
3) аккредиттелген білім беру ұйымдары – аккредиттеу органдарында білім беру қызметтерінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімінен өткен білім беру ұйымдары;
4) Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-Тізілім) – аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізбесі;
5) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;
6) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
7) білім беру бағдарламаларын аккредиттеу - білім беру бағдарламаларының (мамандығының) сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;
8) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;
9) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
10) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
11) Республикалық аккредиттеу кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – уәкілетті орган құрған тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық орган.
12) Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
13) уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
14) ұлттық аккредиттеу – 1-Тізілімге енгізілген ұлттық аккредиттеу органы өткізетін білім беру ұйымдары қызметінің (институционалдық аккредиттеу) және жекелеген білім беру бағдарламаларының (мамандандырылған аккредиттеу) білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігін бағалау процесі;
15) ұлттық және шетелдік аккредиттеу органын тану – заңды тұлғаның білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеуден және (немесе) білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу өкілеттігін ресми тану тәртібі;
16) халықаралық аккредиттеу – 1-Тізілімге енгізілген ұлттық немесе шетелдік аккредиттеу органы өткізетін білім беру ұйымдары қызметінің (институционалдық аккредиттеу) және жекелеген білім беру бағдарламаларының (мамандандырылған аккредиттеу) білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігін бағалау процесі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-бөлім. Аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар
4. Аккредиттеу органы танылып, уәкілетті органмен 1-Тізілімге енгізілу үшін мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) коммерциялық емес нысанда заңды тұлға мәртебесінің болуы;
2) ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру;
3) білім беру ұйымдарын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу міндеттерін орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстарының болуы;
4) Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері үшін сараптамалық комиссия құрамында кем дегенде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу агенттіктері үшін комиссия құрамының үштен бір бөлігі қазақстандық ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, (РhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында не аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандар даярлау бейіні бойынша тәжірибесі бар кәсіби қауымдастықтардың өкілдері болып табылатын сарапшылардың болуы;
5) білім беру сапасын кепілдендіру үшін стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келетін аккредиттеу стандарттарының (регламенттері) болуы қажет.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-бөлім. Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі
5. Аккредиттеу органы осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;
3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдары тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына енгендігін растайтын құжат;
4) материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;
5) тартылған сарапшылар туралы құжаттар.
Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастықтың, Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит желілері және АҚШ Жоғары білім беру жүйесін аккредиттеу кеңесінің Халықаралық сапа тобының толық құқылы мүшесі болып табылатын шетелдік аккредиттеу органы Республикалық аккредиттеу кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) шешімімен білім беру ұйымының ұсынысы негізінде 1-тізілімге енгізіледі.
Білім беру ұйымы шетелдік аккредиттеу органының осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарға аккредиттеу органының уәкілетті тұлғасы қол қояды, мөрмен расталады.
7. Аккредиттеу органының тану үшін ұсынған құжаттары уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының және білім беру саласы қызметкерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен қалыптастырылатын Кеңесте қаралады. Кеңес мүшелерінің саны кемінде 9 адам болуы тиіс. Кеңестің құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кеңестің қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Аккредиттеу органын тану үшін құжаттарды қарастыру мерзімі осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күнінен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.
9. Құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша аккредиттеу органын тану үшін Кеңес аккредиттеу органын тану және 1-Тізілімге қосу немесе танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10. Уәкілетті орган Кеңестің шешімі негізінде аккредиттеу органын 5 жылға тану және 1-Тізілімге қосу туралы бұйрық шығарады.
11. Аккредиттеу органын 1-Тізілімде тану бес жылда бір рет расталады.
1-Тізілімдегі аккредиттеу органының өкілеттігін растау үшін аккредиттеу органы тану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын уәкілетті органға осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту бойынша құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
12. Аккредиттеу органы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу органы өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 1-Тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді.
13. Осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, бес жұмыс күнінің ішінде аккредиттеу органының өтініші пысықтау үшін қайтарылады.
14. Аккредиттеу органына өзімен үлестес тұлға болып табылатын білім беру ұйымдарына институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу жүргізуіне тыйым салынады.
4-бөлім. 1-Тізілім, 2-Тізілім, 3-Тізілімдерді қалыптастыру тәртібі
15. 1-Тізілім осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның деректемелері мен байланыстары туралы ақпаратты, аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың күні мен нөмірін және оның әрекет ету мерзімін, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желінің толыққанды мүшелігі туралы мәліметтерді қамтиды.
16. Аккредиттеу органы білім беру ұйымын аккредиттеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға аккредиттелген білім беру ұйымын осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес 2-Тізілімге енгізу үшін ақпарат (аккредиттеу туралы куәлік) ұсынады және оны аккредиттеу органының интернет-ресурсында орналастырады.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде аккредиттелген білім беру ұйымдарын 2-Тізілімге енгізеді.
17. Аккредиттеу органы білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға аккредиттелген білім беру бағдарламасын осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес 3-Тізілімге енгізу үшін ақпарат (аккредиттеу туралы куәлік) ұсынады және оны аккредиттеу органының интернет-ресурсында орналастырады.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде аккредиттелген білім беру бағдарламаларын 3-Тізілімге енгізеді.
18. Аккредиттеу органдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде уәкілетті органға өткен кезең бойынша осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы ақпарат ұсынады.
19. Аккредиттеу нәтижелері бойынша аккредиттеу органы қажеттілігіне қарай уәкілеті органға білім беру ұйымының қызметінде анықталған жүйелі олқылықтарды жою жөніндегі ұсынымдардың көшірмесін жібереді (бар болған жағдайда).
5-бөлім. Аккредиттеу органдарының 1-Тізілімдегі өкілеттігін
тоқтату және 1-Тізілімнен шығару тәртібі
20. 1-Тізілімдегі аккредиттеу органдарының өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) уәкілетті органға осы Қағиданың 15, 20, 21 және 23-тармақтарына сәйкес ақпарат уақытылы ұсынылмаса;
2) білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға анық емес немесе бұрмаланған мәлімет берілгені анықталса;
3) аккредиттелген білім беру ұйымымен үлестестік фактісі анықталса.
1-Тізілімдегі аккредиттеу органының өкілеттігін тоқтату мерзімі тоқтату туралы шешім қабылдауға негіз болған бұзушылықтарды жойғанға дейін, бірақ алты айдан артық емес мерзімге белгіленеді.
21. Аккредиттеу органы:
1) аккредиттеу органы өз еркімен қызметін тоқтату туралы өтініш берген немесе аккредиттеу органы таратылған;
2) аккредиттеу органы ЭЫДҰ аккредиттеу органдарының тізілімдерінен және (немесе) қауымдастықтарынан шығарылған жағдайда 1-тізілімнен шығарылады.
1-тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аккредиттеу органдары жыл сайын қызметтің негізгі нәтижелері сипатталған және сарапталған талдамалық ақпарат ұсынады.
Уәкілетті орган бес жылда бір рет аккредиттеу органы қызметінің нәтижелеріне сырттай бағалау жүргізеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Аккредиттеу органының 1-Тізілімдегі өкілеттігін тоқтату, аккредиттеу органын 1-Тізілімнен шығару Кеңестің шешімі негізінде шығарылатын уәкілетті органның бұйрығымен жүргізіледі.
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігіне
(білім беру саласындағы уәкілетті орган)
_______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________
(мекен жайы, БСН)
Өтініш ________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
аккредиттеу органы ретінде тануды (растауды) және аккредиттеу органдарының 1-Тізіліміне енгізуді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекен-жайы ______________________________
Электрондық поштасы ____________________________________
Телефондары ____________________________________________
Факс ___________________________________________________
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Аккредиттеу органдарының тізілімі
(1-Тізілім)
№ | Аккредиттеу органының атауы | Аккредиттеу органының деректемелері мен байланыстары | Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың берілген күні мен нөмірі | Аккредиттеу органын танудың қолданыс мерзімі | Кіру мерзімінің басталуын көрсете отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болуы. |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі
(2-Тізілім)
№ | Білім беру ұйымы | Аккредиттелген білім беру ұйымының деректемелері | Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі
(3-Тізілім)
№ | Білім беру ұйымының атауы, деректемелері | Білім беру бағдарламасының атауы | Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі |
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аккредиттеу органының аккредиттеу туралы есебі
___________________________________________________
(ұйымның атауы)
1) Аккредиттеу органының толық атауы, орналасқан жері, заңды мекен жайы, құрылымы, қызметкерлер штаты;
2) Аккредиттелген білім беру ұйымдарының, білім беру бағдарламаларының атаулары, аккредиттеудің өткізілу мерзімі, аккредиттеу стандарттарына (регламенттерге) сәйкестігі, ұсынымдар;
3) Аккредиттеу органының білім беру ұйымдарына немесе олардың білім беру бағдарламаларына сырттай аудит жүргізілгендігі туралы есеп берілген интернет-ресурстарға сілтемелер.