Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 47-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Нормативтік құқықтық актінің деректемелері: |
Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және нысаны |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынған орган: | Мемлекеттік органның атауы |
| Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының нақты нормасына сілтеме |
| Әділет органдарына Нормативтік құқықтық актінің келіп түскен күні |
Нормативтік құқықтық актіге жүргізілген заң сараптамасының нәтижелері бойынша осы нормативтік құқықтық акт азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбайтыны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтіні анықталды.
Сондай-ақ, осы нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды.
1) Жазылғанның негізінде:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________ тіркеуді;
(Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және нысаны)
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № ___ енгізуді;
3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін нормативтік құқықтық актінің бір данасы (төлнұсқалар) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен
_____________________________________________________________________________
___________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауы) ресми жариялау міндеттемесімен жіберуді (егер тіркелген нормативтік құқықтық акт ресми жариялануға жатса);
4) нормативтік құқықтық актінің бір данасын (көшірмелерін) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен Республикалық (өңірлік) құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
5) актінің бір данасын (көшірмелерін) қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындымен
____________________________________________________
__________________________________________________________________
(әділет органының атауы) қалдыруды мүмкін деп есептеймін.
___________________________ __________________ ____________________
(қорытындыны дайындаған (қолы) (тегі және аты-жөні)
маманның лауазымы)
Құжаттарды алған кезде әділет органында қалатын қазақ және орыс тілдеріндегі қорытындылар даналарында мыналар толтырылады:
Мемлекеттік орган қызметкерінің лауазымы | А.Ж.Т.(болған жағдайда) | Күні | Қолы | |
Төлнұсқалар |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1007 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмi
№ | Мемлекеттік тіркеу күні | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | НҚА қабылдаған мемлекеттік органның (-дардың) атауы | НҚА қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және атауы | Эталондық бақылау банкiнде ресми жарияланған күні | Эталондық бақылау банкiнде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА-ға өзгеріс (-тер) және/немесе толықтыру (-лар) енгізуді көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | Эталондық бақылау банкiнде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА-ны (немесе оның құрылымдық элементін) қолданысын тоқтата тұруды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | Эталондық бақылау банкiнде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА (немесе оның құрылымдық элементін) күші жойылды деп тануды көздейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні | Сот шешімінің күні мен нөмірі, сондай-ақ Эталондық бақылау банкiнде ресми жарияланған күні көрсетіле отырып, НҚА-ны мемлекеттік тіркеуді жою туралы сот шешімінің күшіне енген күні | Өзге мәліметтер |
Ескертпе: Тізілімді толтыру жөніндегі түсініктеме Тізілімге қосымшада көрсетілген.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне қосымша |
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін толтыру жөніндегі түсініктеме
1. Тізілім тігілген, нөмірленген, Тізілімді жүргізуге жауапты адамның қолы қойылған және тиісті органның мөрі қойылған журналды білдіреді.
2. Журнал бөтен адамдардың қолжетімділігін шектейтін арнайы орында тұрақты сақталатын құжат болып табылады.
3. Тізілімді жүргізуге жауапты адамды Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам, аумақтық органдарда – тиісті аумақтық органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам тағайындайды.
4. Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметттер осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хронологиялық тәртіппен Тізілімге енгізіледі.
5. Тізілімге жазбалар нақты, түсінікті жазылып, қара түсті сиямен енгізіледі. Қарындашпен жазуға, сызып тастауға және басқа да түзетулерге жол берілмейді.
6. "Өзге мәліметтер" бағанында заң сараптамасын жүргізген әділет органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ Тізілімнің республикалық (өңірлік) бөлімін жүргізу барысында туындауы мүмкін өзге де мәліметтер енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1007 бұйрығына 3-қосымша |
|
Нысан |
Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
Мөртабан өлшемі: ұзындығы 7 см, ені 3,5 см