Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қазанда № 14347 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрлігі

      Министр __________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 14 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 23 қыркүйек



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген

Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) төлем ұйымдарының есептік тіркелуі, Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуі, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі, төлем ұйымдарының филиалдарды ашу туралы хабарлауы, төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдары мен ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар қамтылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар және мына ұғымдар пайдаланылады.

      1) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтарды, іркілістерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы) – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер;

      2) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер туралы ақпарат;

      3) ақпараттық қауіпсіздік – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жай-күйі;

      4) ақпараттық қауіпсіздік қатері – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаcының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;

      5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – төлем ұйымының ақпараттық активтерінің конфиденциалдылық, тұтастық және қолжетімділік күйін ұстап тұруға бағытталған процесс;

      6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау аясы – төлем ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы ақпараттық желілерден оқшаулайтын және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-ақпараттық құралдардың жиынтығы;

      7) төлем ұйымының ақпараттық активі – ақпараттың және оны сақтау және (немесе) өңдеу үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы;

      8) төлем ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы (бұдан әрі – ақпараттық инфрақұрылым) – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділікті ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Төлем ұйымы төлем ұйымын есептік тіркеудің Ұлттық Банк берген тіркеу нөмірі (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) болған кезде көрсетілетін төлем қызметтерінің мынадай түрлерін көрсетеді:

      1) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;

      2) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;

      3) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті аппарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Төлем ұйымдарын Ұлттық Банкте есептік тіркеу

      4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер қамтылатын өтінішті (төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Өтінішпен бірге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 1-1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар беріледі

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларында мынадай міндетті талаптар қамтылады:

      1) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің сипаттамасы;

      2) төлем ұйымының клиенттеріне төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен мерзімдері;

      3) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің құны (тарифтері);

      4) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерін технологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі;

      5) төлем ұйымы пайдаланатын тәуекелдерді басқару жүйесі туралы мәліметтер;

      6) клиенттермен даулы ахуалдарды реттеу және дауларды шешу тәртібі;

      7) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі;

      8) көрсетілетін төлем қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және жабдықтардың сипаттамасы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.

      Төлем ұйымы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда өтінішті қайта ұсынған кезде Ұлттық Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде өтінішті қарайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. Ұлттық Банк өтінішті қараудың қорытындылары бойынша төлем ұйымын есептік тіркеу не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.

      12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтерін қосу қажет болған жағдайда, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көрсету жоспарланып отырған төлем қызметтері ескеріле отырып енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 1-1), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабына сәйкес төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеуді осы тарауда көзделген тәртіпте жүргізеді.

      15. Ұлттық Банк ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімге енгізу күні қайта ұйымдастырылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімнен алып тастайды.

2-1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижелері қамтылған есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.

      Ескерту. 15-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Төлем ұйымы өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтиже алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрату қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.

      Ұлттық Банк "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден төлем ұйымы басшысының жеке басын куәландыратын құжат туралы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

      15-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      15-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өтуі туралы хабарламаның (бұдан әрі - хабарлама) жобасын немесе дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Жауапты бөлімшенің басшысы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылдайтын күні төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуді (хабарламаға қол қойылғаннан кейін) жүзеге асырады, төлем ұйымына есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталында есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.

      15-5. Есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.

3-тарау. Тізілімді жүргізу

      16. Тізілімде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары туралы мәліметтер қамтылады.

      Тізілімді Ұлттық Банк оны төлем қызметі нарығын бақылау мақсатында жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

      1) төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді және тізілімде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазба жасайды;

      2) төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, төлем ұйымы есептік тіркеуден өткені туралы төлем ұйымына жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, төлем ұйымына есептік тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Ұлттық Банк Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен әр төлем ұйымы бойынша қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде досье жүргізеді.

      20. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның

      18-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымын тізілімнен алып тастайды.

      21. Төлем ұйымы соттың төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген не төлем ұйымының қызметін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы ерікті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ерікті жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      22. Ұлттық Банк төлем ұйымын тізілімнен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк төлем ұйымына оның нақты орналасқан жері бойынша не өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлайды және бұл жөніндегі ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Төлем ұйымы тізілімнен алып тасталған жағдайда, Ұлттық Банк тізілімнен алып тастау жөнінде хабарлаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде атауын өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату жөнінде шешім қабылдайды.

3-1-тарау. "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет) тәртібі

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-1. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру төлем ұйымы Ұлттық Банкке "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімді берген кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 23-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, тіркейді және ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Төлем ұйымы өтінішті портал арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтиже алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.

      23-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      23-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімше құжаттар тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарастырады, ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру туралы хабарламаның (бұдан әрі - хабарлама) немесе дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Жауапты бөлімшенің басшысы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және оған қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және оған қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылдайтын күні төлем ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталында ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.

      23-5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.

3-2-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-2-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-6. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Төлем ұйымының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

      Шағымға төлем ұйымы қол қояды.

      Ұлттық Банктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша Ұлттық Банктің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      23-7. Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі

      24. Төлем ұйымы төлем қызметін көрсеткеннен кейін клиентке төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты қағаз тасымалдағышта не телекоммуникациялар желісі арқылы береді.

      25. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатта мынадай деректемелер қамтылады:

      1) құжаттың нөмірі, оның жазылған күні, айы, жылы;

      2) төлем ұйымының атауы;

      3) операция сомасы;

      4) операция валютасы;

      5) комиссиялық сыйақы сомасы;

      6) төлемнің мақсаты;

      7) қызметті жеткізушінің атауы (Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметі көрсетілген жағдайда);

      8) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес (Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлем қызметі көрсетілген жағдайда) төлем ұйымы төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін ақпарат ұсынатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы не банктік идентификациялау коды.

      Төлем ұйымына төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатқа көрсетілген төлем қызмет бойынша қосымша деректемелер қоюына рұқсат етіледі.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде, төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларына, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарға, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 тіркелген "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкес төлем ұйымы береді.

      27. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін көрсету кезінде төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті арқылы:

      1) төлем агенттерінің және (немесе) қосалқы төлем агенттерінің тізілімін төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүргізуді;

      2) төлем агентінің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның талаптарының, сондай-ақ төлем агенті мен төлем ұйымы арасындағы шартта көзделген төлем қызметтерін көрсету талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген бақылау төлем ұйымы мен төлем агенті арасындағы шартқа және (немесе) төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін төлем ұйымы мен төлем қызметін беруші арасындағы шартқа сәйкес көрсетеді.

      Төлем ұйымы бюджетке төлемдерді қабылдау бойынша төлем қызметтерін клиенттің банктік шотын ашпай төлем ұйымы мен банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлем қызметін көрсету жөніндегі агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      29. Төлем ұйымы төлем қызметтерін банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде төлем ұйымы мен банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем агенті арасында төлем қызметін көрсету бойынша агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Қызметті жеткізушімен жасалған шартта және төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарта Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талап бар.

      31. Төлем ұйымы төлем агенті ретінде қызметін жүзеге асырған кезде төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарт жасалған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына не банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тартылған қосалқы төлем агенттермен жасалған шартқа сәйкес олар туралы ақпарат береді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Төлем ұйымдарының филиалдар ашу туралы хабарлауы

      32. Төлем ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерде төлем ұйымының филиалы ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке филиалдың ашылғаны туралы хабарламаны Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта не қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі арқылы электрондық түрде хабарлайды.

      Филиалдың ашылғаны туралы хабарламаға:

      1) төлем ұйымының басқару органының төлем ұйымының филиалын ашу және оның бірінші басшысын сайлау (тағайындау) туралы шешімінің көшірмесі;

      2) филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) филиалдың бизнес-жоспары;

      4) филиалдың бірінші басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі.

      33. Қағидалардың 32-тармағында көзделген құжаттар төлем ұйымының досьесінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде сақталады.

6-тарау. Төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдарына және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Бағдарламалық қамтылым мыналарды:

      1) жабдықтың кез келген учаскесінде кез келген уақытта электр қуаты толығымен немесе ішінара ажыратылған кезде ақпаратты сенімді сақтауды, рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды, дерекқордың тұтастығын және электрондық архивтер мен дерекқорлардағы ақпараттың толық сақталуын;

      2) қолжеткізудің кемінде екі: басқарушы және пайдаланушы деңгейі көзделетін бағдарламалық қамтылымда іске асырылған кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қолжетімділікті;

      3) операцияларды жүргізу және тіркеу үшін қажетті, толтырылуы міндетті жолдардың енгізілетін деректерінің толықтығын бақылауды (функцияларды немесе операцияларды барлық жолдарды толық толтырмай орындаған кезде бағдарлама тиісті хабарлама беруді қамтамасыз етеді);

      4) сұратуды сақтай отырып, осы ақпараттық жүйе үшін айқындалған өлшемшарттар мен параметрлер бойынша ақпаратты іздеуді, сондай-ақ ақпаратты кез келген параметр (осы ақпараттық жүйе үшін айқындалған) бойынша сұрыптауды және егер мұндай ақпарат ақпараттық жүйеде сақталуға тиіс болса, алдыңғы күндердегі ақпаратты қарап шығу мүмкіндігін;

      5) ақпаратты өңдеуді және оны күні мен уақыты бойынша сақтауды;

      6) төлем ұйымдары Ұлттық Банкке ұсынатын есептердің, сондай-ақ жүргізілген операциялар туралы есептердің нысандарын автоматты түрде қалыптастыруды;

      7) ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізуді және автоматтандырылған қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарламалық қамтылым журналды толығымен, сондай-ақ ішінара (көрсетілген күндер ауқымына, белгілі бір күнге) қалыптастырады;

      8) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;

      9) шығыс құжаттарды экранға, принтерге немесе файлға шығару мүмкіндігін;

      10) электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін;

      11) мынадай атрибуттарды: оқиғаның басталған күні мен уақытын, оқиғаның атауын, іс-әрекетті жүргізген пайдаланушыны, жазбаның сәйкестендіргішін, оқиғаның аяқталған күні мен уақытын, оқиғаның орындалу нәтижесін сақтай отырып, ақпараттық жүйеде болып жатқан оқиғаларды тіркеуді және сәйкестендіруді;

      12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының алдын ала орнатылған есептік жазбаларының парольдерін өзгертуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Төлем ұйымдары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған төлем ұйымының жалпы басқару жүйесінің бөлігі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      36. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі төлем ұйымының бизнес-процестері үшін ықтимал залалдың ең төменгі деңгейіне жол беретін төлем ұйымының ақпараттық активтерін қорғауды қамтамасыз етеді.

      37. Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің тиісті деңгейін, оның дамуы мен жақсаруын қамтамасыз етеді.

      38. Төлем ұйымы ақпаратының жасырындылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында төлем ұйымы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастырады, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті және қатерлерді анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді және бақылайды;

      2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді;

      3) өз өкілеттіктері шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті басқару, қамтамасыз ету және бақылау әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдайды, енгізеді және қолданады;

      4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинайды, шоғырландырады, сақтайды және өңдейді;

      5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдайды;

      6) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарды ендіруді, тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға қолжеткізуді қамтамасыз етеді;

      7) артықшылықты есептік жазбаларды пайдалану бойынша шектеулерді айқындайды;

      8) төлем ұйымы қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

      9) төлем ұйымының ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;

      10) мерзімді түрде (бірақ жылына бір реттен сиретпей) төлем ұйымының басшылығына төлем ұйымының ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйі туралы хабарлайды;

      11) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің схемасын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын басқарушылар тізбесін жаңартылған күйде ұстайды;

      12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметріне желіаралық экрандарды орнатады;

      13) пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау ауқымынан Интернет желісінің ресурстарына кіру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Төлем ұйымы ақпараттық активтерге қатысты қолайлы деңгейдің өлшемшарттарын көрсете отырып, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқарады.

      Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін іске асыру кезінде осындай тәуекелдердің туындауын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      40. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу барысында алынған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат шоғырландырылуға, жүйелендірілуге және сақталуға тиіс.

      41. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 5 (бес) жылды құрайды.

      42. Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын, оның себептері мен салдарын жоюға шұғыл шаралар қабылдау тәртібін айқындайды.

      43. Төлем ұйымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы барлық ақпаратты көрсете отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналы жүргізіледі.

      44. Төлем ұйымы Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздіктің мынадай анықталған оқыс оқиғалары:

      1) қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдалану;

      2) ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіру;

      3) ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне "қызмет көрсетуден бас тарту" шабуылы;

      4) серверді зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдау;

      5) ақпараттық қауіпсіздікті бақылауды бұзу салдарынан ақша қаражатын санкциясыз аудару;

      6) төлем ұйымы қызметінің тұрақтылығына қатер төндіретін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат ұсынады.

      Осы тармақта көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты төлем ұйымы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы түрінде мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ анықталған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірмей ұсынады.

      Ақпараттық қауіпсіздіктің өңделген оқыс оқиғалары бойынша ақпарат ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғаларын алмасу үшін Ұлттық Банктің платформасын пайдалана отырып, электрондық форматта ұсынылады.

      Ақпараттық қауіпсіздіктің әрбір оқыс оқиғасына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының жеке картасы толтырылады.

     

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ________________________________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуді және төлем ұйымын төлем ұйымдары тізіліміне қосуды сұрайды.

      1. Төлем ұйымының орналасқан жері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (телефоны, факсі, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса)

      2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      3.Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес көрсету жоспарланып отырған көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі:

      1) _______________________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________________;

      3) _______________________________________________________________________

      4. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттар тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________;

      3) ___________________________

      5. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер:

      Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

__________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда - олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

____________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

____________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

Тұрғылықты жері

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(үй, қызметтік телефондарының нөмірлерін қоса алғанда, тұрғылықты жері, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайы)

Азаматтығы


      Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы

Лауазымдық міндеттері

1.




      Өзге ақпарат:

Алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы

Иә/жоқ
(егер иә болса, онда сот үкімінің деректемелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)

Егер қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған жағдайда

Иә/жоқ
(егер иә болса, онда ұйымның атауы, лауазымы, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімнің не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің деректемелері көрсетіледі)

Өзге ақпарат (бар болса)


      Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы

      немесе қол қоюға өкілетті тұлға

      ______________________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)                              қолы

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің"
www.egov.kz, www.elicense веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Төлем ұйымының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жарғылық капиталды қалыптастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) төлем ұйымы қызметті үлгі жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;
6) төлем ұйымының көрсетілген төлем қызметтері бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыратын тиісті банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-әрекет жасау тәртібін айқындайтын құжат;
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларына қойылатын міндетті талаптардың тізбесі Қағидаларда белгіленеді.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсыну;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну немесе құжаттардың Заң және Қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер төлем ұйымының атқарушы органының басшысы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) егер төлем ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінбесе.
Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда заңды тұлға төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептерді жойған кезде тіркеуге өтінішті қайта береді немесе атауын өзгерту немесе қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.
Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға себеп болған себептердің жойылмауы қайта қарастырудан бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық формада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктерді ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қолжетімділік ашылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған:
www.nationalbank.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ"
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН"

[Уәкілетті органның деректемелері
мемлекеттік тілде]


[Уәкілетті органның деректемелері
орыс тілінде]

[шешім нөмірі]
[шешім шығару күні]


[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
[ Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері]

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы"

      2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес

      өтінішті ________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының атауы және қоса берілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша төлем ұйымы

      ____________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының атауы

      ретінде есептік тіркеуден өткені, № _____________ есептік нөмір және төлем ұйымдарының

      тізіліміне жазба берілгені туралы хабарлайды.

      Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес төлем ұйымы

      ________________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының атауы

      мынадай төлем қызметтерін көрсетеді:

      ____________________________________________________________; ____________________________________________________________; ___________________________________________________________

      [Қол қоюшының лауазымы]                        [Қол қоюшының аты-жөні]


  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Төлем ұйымдарының тізілімі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/р

Төлем ұйымын тіркеген күн

Төлем ұйымының тіркеу нөмірі

Төлем ұйымының атауы

Басшының аты-жөні

Төлем ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Төлем ұйымының орналасқан жері, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса)

Көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9





















  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша

"Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Шешім және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

Қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;
2) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанатын талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;
3) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған қосу (біріктіру) туралы шарт;
4) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есеп;
5) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) егер төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған атқарушы органының басшысы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 19-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
4) егер төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру төлем қызметтері нарығын бақылауға кедергі келтіретін, сондай-ақ төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін болса.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық формада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктерді ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қолжетімділік ашылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Филиалдың ашылғаны туралы хабарлама

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы, орналасқан жері және бизнес- сәйкестендіру нөмірі)

      осы арқылы филиалының ашылғандығы туралы хабарлайды:

      □ Қазақстан Республикасының аумағында (ашылған жағдайда):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Басшысы туралы деректер:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:

      1) _____________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3)____________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасынан тысқары (ашылған жағдайда):

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері)

      Басшысы туралы деректер:

      ________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:

      1) _______________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________;

      3) _______________________________________________________________.

      Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы немесе қол қоюға өкілетті тұлға

      _____________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)      қолы

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жалпы мәліметтер

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының сипаттамасы

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпарат

1

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының атауы


2

Анықталған күні мен уақыты (кк.аа.жжжж және сс:мм сағат белдеуін көрсете отырып UTC+X)


3

Анықталған орны (ұйым, филиал, ақпараттық инфрақұрылым сегменті)


4

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпараттың дереккөзі (пайдаланушы, әкімші, ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері немесе техникалық құрал)


5

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы іске асырылған кезде қолданылған әдістер (әлеуметтік инженерия, зиянды кодты ендіру)


Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мазмұны

6

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының нышандары, белгілері


7

Негізгі оқиғалар (қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуде осалдылықтарды пайдалану; ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіру; ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне "қызмет көрсетуден бас тартуға" шабуылы; сервердің зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдануы; ақша қаражатын рұқсат етілмеген аудару; электрондық ақша жүйесі операторы қызметінің тұрақтылығына қауіп төндіретін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары)


8

Зақымданған активтер (электрондық ақша жүйесі операторының ақпараттық инфрақұрылымының нақты деңгейі, желілік жабдығының деңгейі, желілік қосымшалар мен сервистердің деңгейі, операциялық жүйе деңгейі, технологиялық процестер мен қосымшаларының деңгейі және бизнес-процестердің деңгейі)


9

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мәртебесі (аяқталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын жүзеге асыру әрекеті, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасына күмән)


10

Залал


11

Қауіп көздері (анықталған идентификаторлар)


12

Ниеттілік (қасақана, қате)


Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы бойынша қабылданған шаралар

13

Қабылданған іс-әрекеттер (осалдылықты сәйкестендіру, оқшаулау, қалпына келтіру)


14

Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің туындауын барынша азайтуға бағытталған жоспарланған іс-әрекеттер


15

Хабардар болған тұлғалар (лауазымды тұлғалардың (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), мемлекеттік органдардың, ұйымдардың атауы)


16

Тартылған мамандар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жұмыс орны, қызметі)


      Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты қызметкері

      ____________________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Күні 20 ___ жылғы "____" ______