ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі - Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк) төлем ұйымдарының есептік тіркелуін, Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізуін, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуін және төлем ұйымдарының филиалдарды ашу туралы хабарлауын қамтиды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қағаз тасымалдағышта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.";
5, 6, 8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.
Төлем ұйымы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда өтінішті қайта ұсынған кезде Ұлттық Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде өтінішті қарайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.";
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтерін қосу қажет болған жағдайда, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көрсету жоспарланып отырған төлем қызметтері ескеріле отырып енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңның 16-бабы 2-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.";
13-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі
15-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижелері қамтылған есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
Өтінішке Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
15-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Төлем ұйымы өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтиже алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрату қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.
Ұлттық Банк "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден төлем ұйымы басшысының жеке басын куәландыратын құжат туралы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
15-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
15-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өтуі туралы хабарламаның (бұдан әрі - хабарлама) жобасын немесе дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.
Жауапты бөлімшенің басшысы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылдайтын күні төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуді (хабарламаға қол қойылғаннан кейін) жүзеге асырады, төлем ұйымына есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.
"Электрондық үкімет" веб-порталында есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.
15-5. Есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді және тізілімде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазба жасайды;
2) төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, төлем ұйымы есептік тіркеуден өткені туралы төлем ұйымына жазбаша нысанда хабарлама жібереді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, төлем ұйымына есептік тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет) тәртібі
23-1. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру төлем ұйымы Ұлттық Банкке қағаз тасымалдағышта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімді берген кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылған ерікті түрде қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ ерікті түрде қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген.
Шешімге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабы 2-тармағының 2), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
23-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, тіркейді және ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Төлем ұйымы өтінішті портал арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтиже алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.
23-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
23-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімше құжаттар тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарастырады, ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру туралы хабарламаның (бұдан әрі - хабарлама) немесе дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.
Жауапты бөлімшенің басшысы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және оған қол қояды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және оған қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылдайтын күні төлем ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жібереді.
"Электрондық үкімет" веб-порталында ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.
23-5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.";
мынадай мазмұндағы 3-2-тараумен толықтырылсын:
"3-2-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23-6. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Төлем ұйымының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
Шағымға төлем ұйымы қол қояды.
Ұлттық Банктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша Ұлттық Банктің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
23-7. Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
1, 2, 3, 4 және 5-қосымша осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
______________________________
2020 жылғы "____" _____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
____________________________
2020 жылғы "____"___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 қаулысына 1-қосымша |
|
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
Өтініш
________________________________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуді және төлем ұйымын төлем ұйымдары тізіліміне қосуды сұрайды.
1. Төлем ұйымының орналасқан жері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(телефоны, факсі, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса)
2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
3.Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес көрсету жоспарланып отырған көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі:
1) _______________________________________________________________________;
2) _______________________________________________________________________;
3) _______________________________________________________________________
4. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) ___________________________;
2) ___________________________;
3) ___________________________
5. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер:
Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
__________________________________________________ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі | ____________________________________________________________ |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері |
____________________________________________________________ |
Тұрғылықты жері |
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Азаматтығы |
Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі
№ | Жұмыс кезеңі (ай/жыл) | Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы | Лауазымдық міндеттері |
1. |
Өзге ақпарат:
Алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы |
Иә/жоқ | |
Егер қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған жағдайда |
Иә/жоқ | |
Өзге ақпарат (бар болса) |
Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Төлем ұйымының бірінші басшысы
немесе қол қоюға өкілетті тұлға
______________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 қаулысына 2-қосымша |
|
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
Өтініш
________________________________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуді және төлем ұйымын төлем ұйымдары тізіліміне қосуды сұрайды.
2. Төлем ұйымының орналасқан жері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(телефоны, факсі, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса)
2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
4. Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес
көрсету жоспарланып отырған көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі:
1) _______________________________________________________________________;
2) _______________________________________________________________________;
3) _______________________________________________________________________
4. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) ___________________________;
2) ___________________________;
3) ___________________________
5. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер:
Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
__________________________________________________ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі | ____________________________________________________________ |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері |
____________________________________________________________ |
Тұрғылықты жері |
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Азаматтығы |
Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі
№ | Жұмыс кезеңі (ай/жыл) | Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы | Лауазымдық міндеттері |
1. |
Өзге ақпарат:
Алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы |
Иә/жоқ | |
Егер қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған жағдайда |
Иә/жоқ | |
Өзге ақпарат (бар болса) |
Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Төлем ұйымының бірінші басшысы немесе қол қоюға өкілетті тұлға
______________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 қаулысына 3-қосымша |
|
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ |
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ | |
[Уәкілетті органның деректемелері |
[Уәкілетті органның деректемелері | |
[шешім нөмірі] |
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы] |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы"
2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес
өтінішті ________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы және қоса берілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша төлем ұйымы
____________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
ретінде есептік тіркеуден өткені, № _____________ есептік нөмір және төлем ұйымдарының
тізіліміне жазба берілгені туралы хабарлайды.
Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес төлем ұйымы
________________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
мынадай төлем қызметтерін көрсетеді:
____________________________________________________________; ____________________________________________________________; ___________________________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 қаулысына 4-қосымша |
|
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Төлем ұйымдарының тізілімі
р/р | Төлем ұйымын тіркеген күн | Төлем ұйымының тіркеу нөмірі | Төлем ұйымының атауы | Басшының аты-жөні | Төлем ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Төлем ұйымының орналасқан жері, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса) | Көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 қаулысына 5-қосымша |
|
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
"Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы, www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Шешім және құжаттардың толық тізбесін тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағазбен. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері | Қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған атқарушы органының басшысы "Төлемдер және төлем жүйелері" Заңының 19-тармағының талаптарына сәйкес келмесе; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |