Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14292 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 29 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13224 тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 216 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып
жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және
(немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 тіркелген "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

      (бұдан әрі – банкаралық төлемдер) – төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының бір қатысушысының осы қатысушыға қызмет көрсету желісінде басқа қатысушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      2) қаржылық хабар – төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операция бойынша банкаралық төлем жүргізу үшін қажетті ақпараттан тұратын және бір қатысушының басқа қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелерін (талаптарын) білдіретін төлем құжаты;

      3) қатысушы - эмитент және (немесе) эквайер болып табылатын екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк);

      4) қатысушының таза позициясы – басқа қатысушылардың осы қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша қатысушы ұсынған қаржылық хабарлар сомасы мен басқа қатысушылар осы қатысушының басқа қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша ұсынған қаржылық хабарлар сомасы арасындағы айырма. Егер айырма – теріс сан болса, онда қатысушының дебеттік таза позициясы бар, егер оң болса – кредиттік таза позициясы бар;

      5) оператор – банкаралық төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі процессингтік ұйымның қатысушымен жасалған шартқа сәйкес хабарларды маршруттауды, авторландыруды және клирингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты функцияларын қоса алғанда, төлем жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) төлем карточкалары жүйелерінің арнасы – төлем карточкалары жүйелерімен жасалған шарттарға сәйкес қатысушылар арасында хабарларды маршруттау тәсілі;

      7) төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша хабарларды маршруттау (бұдан әрі – хабарларды

      маршруттау) – банкаралық төлемдер бойынша хабарлардың қатысушылар арасында жүру және беру маршрутын айқындау процесі;

      8) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі – төлем карточкалары банкаралық жүйесінің операциялық орталығы мен қатысушы арасында жасалған шарт негізінде қатысушылар арасында хабарларды маршруттауға және клирингке арналған төлем жүйесі;

      9) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің операциялық орталығы (бұдан әрі – операциялық орталық) – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      10) тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы – екі қатысушы немесе олардың процессингтік ұйымдары арасында жасалған төлемдерге қызмет көрсету туралы шарттарға сәйкес екі қатысушының немесе олардың процессингтік ұйымдарының арасындағы ақпараттық-технологиялық қосылу;

      11) хабар – оператор не операциялық орталық және қатысушы арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын ақпараттық деректер тобы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Банкаралық төлемдерді жүзеге асыру мына кезеңдерден:

      1) хабарларды маршруттаудан және авторландырудан;

      2) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі және төлем карточкаларының жүйесі арналары бойынша көптарапты негізде банкаралық төлемдердің клирингінен не екі қатысушыда тікелей банкаралық өзара

      іс-қимыл арнасы болған кезде екіжақты негіздегі банкаралық төлемдердің немесе оны пайдаланбастан жүргізілетін клирингінен;

      3) ақша аударымынан тұрады. Ақша аударымы әрбір қатысушының таза позициясына сәйкес клиринг нәтижелері бойынша не екі қатысушының тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы арқылы жүзеге асырылған тікелей банкаралық төлемдерін орындау арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қатысушы хабарларды маршруттайды және авторландыруды мынадай арналарды:

      1) тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасын;

      2) төлем карточкалары банкаралық жүйесінің арнасын;

      3) төлем карточкалары жүйелерінің арнасын пайдалану арқылы алады.

      5. Банкаралық төлемдер Қағидалардың 4-тармағында көзделген арналар арқылы жүзеге асырылады.

      6. Қатысушылар арасында банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде хабарлармен, сондай-ақ қаржылық хабарлармен алмасу электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

      7. Оператор не операциялық орталық банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде электрондық нысанда хабарлармен алмасу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді белгілейді және олар шартта белгіленген мерзімде қатысушыларға жіберіледі.

      8. Оператор не операциялық орталық және қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген хабарларды немесе басқа ақпаратты алғаны туралы хабарлау хабарлар жіберілгенін және (немесе) алынғанын растау болады.

      9. Тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы екі қатысушы арасында жасалған шарттың негізінде оларда корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық төлемдерді жүзеге асыру үшін ақпараттық-технологиялық қосылу орнатылған кезде пайдаланылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы операциялық орталықпен және қатысушы арасында жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Төлем карточкалары жүйелерінің арнасы:

      1) төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарына және төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің операторы, операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес банкаралық төлемдерді жүзеге асырған;

      2) авторландыруды алу үшін хабарларды маршруттау кезінде пайдаланылады.

      12. Оператор не операциялық орталық қатысушымен жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерге қызметті көрсетуді қамтамасыз етеді, онда мына талаптар:

      1) қатысушының, оператордың не операциялық орталықтың құқықтары мен міндеттері;

      2) қатысушыны төлем жүйесіне немесе төлем карточкаларының жүйесіне қосуға қойылатын талаптар;

      3) оператордың не операциялық орталықтың талаптарын сақтау

      жөніндегі талаптар;

      4) қатысушының және оператордың не операциялық орталықтың өздері арасында жасалған шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі;

      5) олар арасында жасалған шартты бұзу және оған өзгерістер енгізу тәртібі қамтылады.

      Оператор не операциялық орталық пен қатысушы арасындағы шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қосымша талаптарды енгізуге рұқсат беріледі.

      13. Оператор не операциялық орталық клирингті жүзеге асырған кезде таза позицияларды төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және оператор не операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде қатысушыға дейін жеткізеді.

      14. Оператор не операциялық орталық қатысушыларға банкаралық төлемдер бойынша олардың қаржылық хабарлары алмасқанын растайтын хабарларды береді.

      15. Оператор не операциялық орталық клиринг нәтижесі бойынша ақшаны ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы не қатысушылар арасында ақша аударуды қамтамасыз ететін банктер арқылы аударады.

      16. Оператор не операциялық орталық жүргізілген банкаралық төлемдердің нәтижесі бойынша қатысушының таза позициясына сәйкес ақша аударымын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.

      17. Оператор не операциялық орталық қатысушының төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және қатысушымен жасалған шарттарда айқындалған ақпаратты қорғауға қойылған талаптарды сақтауына мониторинг жүргізеді.

      Қатысушы оператор, операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шартта және төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздікке қойылған талаптарды бұзған жағдайда, егер қатысушының қауіпсіздік талаптарын бұзуы басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда, оператор не операциялық орталық оператордың, операциялық орталықтың және қатысушының арасында жасалған шартқа сәйкес қатысушыны ажыратуға дейінгі қажетті шұғыл шараларды қабылдайды.