"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 11-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 қыркүйекте № 14267 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның есертпесі!
      2017 жылғы 1 каңтардан бастап қолданысқа енгізіледі!

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде басылып шыққан және электрондық түрінде мерзімді баспасөз басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін тіркелген нормативтік қаулыны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы 2017 жылғы 1 каңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Республикалық бюджеттің


атқарылуын бақылау жөніндегі


есеп комитетінің Төрағасы

Қ. Жаңбыршин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері министрі

      _______________ Т. Донақов

      2016 жылғы 19 тамыз




  Республикалық бюджеттің
  атқарылуын бақылау
  жөніндегі есеп комитетінің
  2016 жылғы 19 тамыздағы
  № 11-НҚ нормативтік
  қаулысымен бекітілген

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудиторларының тиісті лауазымдарының санаттарына белгіленеді.

      2. Үлгілік біліктілік талаптары:

      1) білім саласы;

      2) мемлекеттік аудитор біліктілігінің тиісті деңгейі сертификатының болуы;

      3) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды қамтиды.

2-тарау. Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.05.2017 № 53 нормативтік қаулысымен

      3. В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      4. В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      5. В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      5-1. В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде бір жыл не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

3-тарау. Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары

      6. D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      7. D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде бір жыл не осы санаттағы нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.