"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес және "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 10-тармағын ескере отырып, өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің_____(жылғы)______(айы) арналған жоспары
№ р/с |
Берушінің атауы, орналасқан жері |
Аймақ |
Аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі , тонна |
Газ желісі ұйымдарының атауы |
Әрбір аймаққа маркалары мен партиялары бойынша бөлу |
Әр бір партияның тиеу күні |
Түсіру орны, жеткізу тәсілі |
||
техникалық бутан |
техникалық пропан- бутан |
техникалық пропан |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
Ескертпе: Беру жоспары мыналардан тұрады:
1) № р/с – реттік саны;
2) берушінің атауы, орналасқан жері - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі және олардың орналасқан жері бойынша облысы;
3) аймақ - газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
4) аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
5) газ желісі ұйымдарының атауы - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі;
6), 7), 8) – сұйытылған мұнай газын маркалары бойынша бөлу: техникалық бутан, техникалық пропан-бутан, техникалық пропан.
9) әр бір партияның жөнелтілген күні – шаруашылық жүргізуші субъекттердің арасындағы шарттық қатынастарға сәйкес;
10) түсіру орны, жеткізу тәсілі - аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген газ толтыру станциясының мекенжайы және жеткізу тәсілі-темір жол көлігі және/немесе автомобиль көлігі.
Қазақстан Республикасы |
|
Нысан |
|
____________________________________ |
Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім
Мәлімделген кезең _________________________
(күнтізбелік жыл, айлар)
Берілетін көлемнің барлығы, кг __________________________________
оның ішінде партиялармен
Партия № /кезеңдер |
Партиядағы газ көлемі, кг |
Маркасы (техникалық пропан, техникалық пропан- бутан, техникалық бутан) |
Беруші |
Берушінің тиеу күні |
Жоспарланған өткізу көлемі, кг |
|||||||
Баллондық өткізу үшін газ толтыру пункттері |
Топтық резервуарлық қондырғылар |
Автогаз құю станциялары |
Өнеркәсіптік кәсіпорындар |
Өз тұтынуы |
||||||||
жеке |
тысқары |
көп пәтерлі үйлер |
Жеке тұрғын үй секторлары |
жеке |
тысқары |
|||||||
|
||||||||||||
Жыл бойынша жиыны |
Жеткізу тәсілі _____________________________________________________________
(т/ж не автомобиль көлігімен - әрбір беруші үшін жеке)
Түсіру орны_______________________________________________________________
Басшы ___________________________________________________________________
Мөрдің орыны.
Ескертпе: Газ желісі ұйымының өтінімінде:
1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері;
2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері;
3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу күні және жеткізу тәсілі, газ толтыру станциясының орналысқан жеріне сәйкес түсіру орны;
4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі;
5) аудандары және газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар бойынша бөле отырып, мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі.