"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14206 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес және "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 10-тармағын ескере отырып, өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.";
      1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев



Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 5 тамыздағы
№ 375 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай газын
берудің жоспарын жасау
қағидаларына 1-қосымша


Нысан

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің_____(жылғы)______(айы) арналған жоспары

№ р/с
 

Берушінің атауы, орналасқан жері
 

Аймақ
 

Аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі , тонна
 

Газ желісі ұйымдарының атауы
 

Әрбір аймаққа маркалары мен партиялары бойынша бөлу
 

Әр бір партияның тиеу күні
 

Түсіру орны, жеткізу тәсілі
 

техникалық бутан
 

техникалық пропан- бутан
 

техникалық пропан
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

9
 

10
 

 
 

      Ескертпе: Беру жоспары мыналардан тұрады:
      1) № р/с – реттік саны;
      2) берушінің атауы, орналасқан жері - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі және олардың орналасқан жері бойынша облысы;
      3) аймақ - газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
      4) аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
      5) газ желісі ұйымдарының атауы - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі;
      6), 7), 8) – сұйытылған мұнай газын маркалары бойынша бөлу: техникалық бутан, техникалық пропан-бутан, техникалық пропан.
      9) әр бір партияның жөнелтілген күні – шаруашылық жүргізуші субъекттердің арасындағы шарттық қатынастарға сәйкес;
      10) түсіру орны, жеткізу тәсілі - аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген газ толтыру станциясының мекенжайы және жеткізу тәсілі-темір жол көлігі және/немесе автомобиль көлігі.
 


Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 5 тамыздағы
№ 375 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай газын
берудің жоспарын жасау
қағидаларына 2-қосымша


Нысан


____________________________________
____________________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________________
____________________________________
(газ желісі ұйымының атауы мен
орналасқан жері, аккредиттеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні)

Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім

      Мәлімделген кезең _________________________
      (күнтізбелік жыл, айлар)
      Берілетін көлемнің барлығы, кг __________________________________
      оның ішінде партиялармен
 

Партия № /кезеңдер
 
 

Партиядағы газ көлемі, кг
 

Маркасы (техникалық пропан, техникалық пропан- бутан, техникалық бутан)
 

Беруші
 

Берушінің тиеу күні
 

Жоспарланған өткізу көлемі, кг
 

Баллондық өткізу үшін газ толтыру пункттері
 

Топтық резервуарлық қондырғылар
 

Автогаз құю станциялары
 

Өнеркәсіптік кәсіпорындар
 

Өз тұтынуы
 

жеке
 

тысқары
 

көп пәтерлі үйлер
 

Жеке тұрғын үй секторлары
 

жеке
 

тысқары
 














 
 

Жыл бойынша жиыны
 

      Жеткізу тәсілі _____________________________________________________________
      (т/ж не автомобиль көлігімен - әрбір беруші үшін жеке)
      Түсіру орны_______________________________________________________________
      Басшы ___________________________________________________________________
      Мөрдің орыны.
      Ескертпе: Газ желісі ұйымының өтінімінде:
      1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері;
      2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері;
      3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу күні және жеткізу тәсілі, газ толтыру станциясының орналысқан жеріне сәйкес түсіру орны;
      4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі;
      5) аудандары және газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар бойынша бөле отырып, мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі.