Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгіу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 27 шілдедегі № 11-1-2/347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14193 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 276-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-2/295 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12026 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған):
      осы бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесінде:
      25-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

26.
 

Мажарстан Елшілігі
Мажарстанның Бас консулдығы (Алматы қ.)
 

1. ҚҚС қайтару: әуе және темір жол билеттері;
қабылдауға қатысушылар саны 10 адамнан кем болған жағдайда мейрамхана шоттарын төлеу үшін жүргізілмейді.
 

1. Бір шот-фактура бойынша ҚҚС жалпы сомасының төменгі шегі 2,8 АҚШ доллары.
2. ҚҚС жалпы сомасының жоғарғы шегі – отбасының 1 мүшесіне жылына 1630 АҚШ доллары.
3. ҚҚС қайтару:
бензин - 1 отбасы мүшесіне жылына 2000 литр;
спирттік ішімдіктер 1 қызметкерге жылына 105 литр үшін жүргізіледі.
4. ҚҚС қайтару:
әуе- және темір жол билеттері;
антиквариат заттары;
бейнелеу өнері заттары;
қабылдауға қатысушылар саны 10 адамнан кем емес болған жағдайда мейрамхана шоттарын төлеу үшін жүргізілмейді.
 

      ";
      2) "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12036 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттер өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттер өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесі";
      26-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      32-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "32. Ливия Елшілігі.";
      33-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      84-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      мынадай мазмұндағы 92-1-тармақпен толықтырылсын:
      "92-1. Орталық Азия Университеті.".
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінене алынғаннан кейін жүмыс бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы

М. Тілеуберді


       "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министр
      Б. Сұлтанов ___________
      2016 жылғы 28 шілде