"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 521 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 қыркүйекте № 14193 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.02.2018 № 11-1-4/66-2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12028 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 471 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен бекітілген
  Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативтерді реттейтін нормативтік-құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандарттың құқығына ие тұлғалардың санаттары

Норманың/нормативтің мөлшері

1

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды жан басына шаққанда қаржыландырудың нормативі

"Білім туралы"

2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Республикалық маңызды қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жергілікті атқарушы органдары жан басына шаққанда қаржыландырудың және тамақтану үшін ата-аналар төлемінің мөлшерін бекітеді.

2

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын құралдармен және жиҺазбен жарақтандыру нормалары

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген);

"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10975 тіркелген);

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

Ойыншықтардың тақырыптық тізбесі, жас топтарына, медициналық бөлмеге, спорттық залға және басқаларға арналған жабдықтар тізбесі;

Білім беру объектілерінің бөлмелерінде орналасқан жиһазды таңбалауға және өлшеміне (түсі, биіктігі, типтері және түрі, жиһаздың еденнен, қабырғадан, бір-бірінен ара қашықтығы, баланың жасына және бойына байланыстылығы) қойылатын талаптар;

Жиһаз бен жабдықтар саны өлшем бірліктерінде (саны, дана, жиынтық, жинақ) көрсетілген;

Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.

Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

3

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау нормалары

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген "Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары"

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар

Облыстың жергілікті атқарушы органы балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үш жастан бастап алуына болады.

Санаториялық бөбекжай-балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін күтіп ұстау ұсынылады.

Топтардың толымдылығы:

1) есту қабілеті бұзылған:

естімейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар еститіндер мен кейіннен саңырау болып қалғандар үшін - 10 баладан көп емес;

2) көру қабілеті бұзылған: көзі көрмейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар көретіндер мен кейіннен соқыр болып қалғандар үшін - 12 баладан көп емес;

3) тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;

4) сөйлеу қабілеті бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;

5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшін - 8 баладан көп емес;

6) психикалық дамуы тежелгендер үшін - 12 баладан көп емес;

7) эмоциялық-еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылғандар үшін - 6 баладан көп емес;

8) күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде соқыр-саңырау болып қалғандар үшін - 6 баладан көп емес.

4

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нормалары

№ 217 бұйрық

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.

Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.