Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 тамызда № 14172 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар бекітілсін.

      2. "Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10138 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2016 жылғы 22 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 27 шілде

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары –
  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрінің
  2016 жылғы 20 шілдедегі
  № 319 бұйрығымен
  бекітілген

Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғауды қамтамасыз ету және оларды бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган – геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) геодезиялық пункт – орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылған орталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желi пунктi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Геодезиялық пункттерді қорғау

      3. Мемлекеттік геодезиялық желінің геодезиялық пункттері (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық пункттер, жер бетіндегі белгілер мен осы пункттердің орталықтары), сондай-ақ арнайы геодезиялық желілер пункттері (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгілер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.

      4. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгіден және геодезиялық белгінің шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түріндегі сыртқы безендірмеден тұрады.

      Геодезиялық пункттің сыртқы безендірмесі болмаған жағдайда сыртқы белгінің негізі оның шекарасы болып табылады.

      Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшін пункттердің шекаралары мен қорғау аймақтары белгіленбейді.

      Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиіс.

      6. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесі, геодезиялық белгінің шекарасы және оларды бойлай жағаланған ені 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттердің қорғау аймағы болып табылады.

      7. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар геодезиялық пункттердің бүлінуінің немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы ведомствоға хабарлауға және геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi.

      8. Топографиялық түсірілімдер үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық және нивелирлiк желiдегі геодезиялық пункттердің тығыздығы:

      елді мекеннен тысқары аумақтарда 1:25 000 және 1:10 000 масштабта – 50-60 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті;

      елді мекендер (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер) аумақтарында 1:2 000 және одан ірі масштабта – 5-15 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті құрайды.

      9. Геодезиялық пункттердің бүлінгендігі немесе жойылғандығы туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт жасайды.

3-тарау. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) тәртібі

      10. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) (бұдан әрі – рұқсат) уәкiлеттi органның рұқсатымен ғана жүргiзiледi.

      11. Рұқсат алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінішті (бұдан әрі – өтініш) электрондық нысанда www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті орган өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны зерттеу жүргізу үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты кәсіпорынға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) жолдайды.

      Ведомстволық бағынысты кәсіпорын 6 (алты) жұмыс күні ішінде бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын анықтауды, сондай-ақ қатар геодезиялық пункттің орналасқан аумағына бара отырып, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығын анықтауды қамтитын зерттеу жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ведомстволық бағынысты кәсіпорын 1 (бір) жұмыс күні ішінде зерттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға геодезиялық пункттердің тығыздығын, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы оң не теріс қорытынды жолдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Уәкілетті орган оң қорытынды алған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес рұқсатты ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды алған жағдайда, Заңның 16-бабы 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілген мерзімдерде рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және өтініш берушіге жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту туралы шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Геодезиялық пункттерді қорғау,
  бұзу немесе қайта
  салу (орнын ауыстыру)
  туралы қағидаларға
  1-қосымша
  Нысан

Геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт

      20___жылғы "__" _______ _________________________________________

      (елді мекеннің атауы, пошталық мекенжайы)

      Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________________

      (актіні жасағандардың тегі, аты,

      ____________________________________________________________________

      әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, заңды тұлғаның атауы)

      20 жылғы "__"________акт бойынша сақталуын бақылау үшін қабылданған

      ____________________________________________________________________

      (геодезиялық пунктті сақталуын қадағалау үшін беру актісіне сәйкес)

      ___________________________________________________________орналасқан

      ____________________________________________________________________

      (геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі)

      геодезиялық пунктінің бүлінуі (жойылуы) туралы осы актіні жасадық.

      Тексеру кезінде______________________________________________________

      (орталықтың, сыртқы белгісінің, бағдарлық пункттердің

      ____________________________________________________________________

      және сыртқы безендірменің жай-күйі, геодезиялық пункттің бүлінуіне немесе

      ____________________________________________________________________

      жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кінәлі адамдар көрсетілсін)

      __________________________________________________________анықталды.

      _____________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      _____________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      _____________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

  Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру)
туралы қағидаларға
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің Геодезия және
картография комитетіне
____________________________
(тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі,
____________________________
немесе заңды тұлғаның
толық атауы)

      Нөмірі _________                                     "___" _______ 20__ жыл

Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

                              (облыс, аудан, елді мекен)

      ____________________________________________________________________

                  аумағында орналасқан геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға

                        (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.

      Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініштің себебі

      ____________________________________________________________________

                                    (себебін көрсету)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.



  Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу (орнын
ауыстыру) туралы қағидаларға
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің Геодезия
және картография комитеті



 

Комитет геодезии и картографии
Министерства цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.12.2019 № 353/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі _________                                     "___" _______ 20__ жыл

      Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы

      _______________________________________________________________

      Геодезиялық пункттің орналасқан орны __________________________________

      ____________________________________________________________________

                                    (облыс, аудан, елді мекен)

      Қорытынды__________________________________________________________