"Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар бекітілсін.
2. "Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10138 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2016 жылғы 22 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 27 шілде
|
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғауды қамтамасыз ету және оларды бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк басқару мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) геодезиялық пункт – орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылған орталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желi пунктi.
2-тарау. Геодезиялық пункттерді қорғау
3. Мемлекеттік геодезиялық желінің геодезиялық пункттері (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық пункттер, жер бетіндегі белгілер мен осы пункттердің орталықтары), сондай-ақ арнайы геодезиялық желілер пункттері (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгілер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
4. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгіден және геодезиялық белгінің шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түріндегі сыртқы безендірмеден тұрады.
Геодезиялық пункттің сыртқы безендірмесі болмаған жағдайда сыртқы белгінің негізі оның шекарасы болып табылады.
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшін пункттердің шекаралары мен қорғау аймақтары белгіленбейді.
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиіс.
6. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесі, геодезиялық белгінің шекарасы және оларды бойлай жағаланған ені 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттердің қорғау аймағы болып табылады.
7. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар геодезиялық пункттердің бүлінуінің немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы ведомствоға хабарлауға және геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
8. Топографиялық түсірілімдер үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық және нивелирлiк желiдегі геодезиялық пункттердің тығыздығы:
елді мекеннен тысқары аумақтарда 1:25 000 және 1:10 000 масштабта – 50-60 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті;
елді мекендер (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер) аумақтарында 1:2 000 және одан ірі масштабта – 5-15 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті құрайды.
9. Геодезиялық пункттердің бүлінгендігі немесе жойылғандығы туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт жасайды.
3-тарау. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) тәртібі
10. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) (бұдан әрі – рұқсат) уәкiлеттi органның рұқсатымен ғана жүргiзiледi.
11. Рұқсат алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтінім берушілер) ведомствоға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
12. Өтінімді қағаз нысанында ведомство кеңсесіне немесе электрондық нысанда www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады.
13. Уәкілетті орган өтінім тіркелгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны зерттеу жүргізу үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты кәсіпорынға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) жолдайды.
Ведомстволық бағынысты кәсіпорын 12 (он бес) жұмыс күні ішінде бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын анықтауды, сондай-ақ қатар геодезиялық пункттің орналасқан аумағына бара отырып, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығын анықтауды қамтитын зерттеу жүргізеді.
14. Ведомстволық бағынысты кәсіпорын 3 (үш) жұмыс күні ішінде зерттеу нәтижелері бойынша ведомствоға геодезиялық пункттердің тығыздығын, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы оң не теріс қорытынды жолдайды.
15. Уәкілетті орган оң қорытынды алған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес рұқсатты ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды алған жағдайда көрсетілген мерзімдерде рұқсатты беруден бас тарту туралы Заңның 16-бабы 1-1 тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап дайындайды және өтінім берушіге жолдайды.
19. Ведомствоның рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне келіспеген жағдайда, өтінім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомствоның шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.
| |||||||||||
Нысан |
Геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт
20___жылғы "__" _______ _________________________________________
(елді мекеннің атауы, пошталық мекенжайы)
Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________________
(актіні жасағандардың тегі, аты,
____________________________________________________________________
әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, заңды тұлғаның атауы)
20 жылғы "__"________акт бойынша сақталуын бақылау үшін қабылданған
____________________________________________________________________
(геодезиялық пунктті сақталуын қадағалау үшін беру актісіне сәйкес)
___________________________________________________________орналасқан
____________________________________________________________________
(геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі)
геодезиялық пунктінің бүлінуі (жойылуы) туралы осы актіні жасадық.
Тексеру кезінде______________________________________________________
(орталықтың, сыртқы белгісінің, бағдарлық пункттердің
____________________________________________________________________
және сыртқы безендірменің жай-күйі, геодезиялық пункттің бүлінуіне немесе
____________________________________________________________________
жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кінәлі адамдар көрсетілсін)
__________________________________________________________анықталды.
_____________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
_____________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
_____________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
| |||||||||||
Нысан |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
ресурстарын басқару комитетінің төрағасы
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған
_________________________________________
жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру
нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны)
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінім
____________________________________________________________________
(облыс, аудан, елді мекен)
_________________________________________________________________
аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.
Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі
____________________________________________________________________
Геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінімнің себебі _______________________________________________________________
(себебін көрсету)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні ______ Өтінім беруші ________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы,
қолы, мөр (болған жағдайда))
| |||||||||||
Нысан |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті | Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан Комитет по управлению земельными ресурсами |
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орын ауыстыруға) рұқсат
20__ жылғы "___"______ №______
Субъектінің атауы____________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
Өтінім беруші құжатының деректемелері ________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/
____________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны)
Геодезиялық пункттің орналасқан орны ________________________________
____________________________________________________________________
(облыс, аудан, елді мекен)
Қорытынды__________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
ресурстарын басқару комитетінің төрағасы _______________________________
(қолы, мөр (болған жағдайда), тегі,
аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20__ жылғы "___"______