"Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ақпарат және коммуникациялар | |
министрі | Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығымен бекітілген |
Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.12.2020 № 470/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділік көрсеткіштері:
1) пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін пошта желісін дамыту:
Елді мекеннің типі | Тұрғындар саны | Пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) ең аз мөлшері |
Республикалық маңызы бар қала | әрбір 40 мың адамға | 1 |
Облыстық маңызы бар қала | әрбір 30 мың адамға | 1 |
Қала және аудандық маңызы бар елді мекендер | әрбір 20 мың адамға | 1 |
Ауылдық елді мекендер* | әрбір 2 мың адамға | 1 |
* бірнеше ауылдық елді мекенді қамтитын ауылдық округ шегінде, ауылдық округтың халықтың жалпы саны кемінде 2000 (екі мың) адам болатын барлық ауылдық елді мекенінде бір пошта байланысы бөлімшесі (стационарлық).
2) пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) жұмыс режимінің көрсеткіштері:
Елді мекеннің типі | Пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) ең аз жұмыс режимі |
Республикалық маңызы бар қала | Аптасына кемінде 6 күн; жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күнгі жұмыс режимі: сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін |
Облыстық маңызы бар қала | Аптасына кемінде 5 күн; жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліспен, демалыс күндері: сенбі, жексенбі |
Аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендер | Аптасына кемінде 5 күн; жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліспен, демалыс күндері: сенбі, жексенбі |
Ауылдық елді мекендер | Аптасына кемінде 3 күн; жұмыс режимі: қызметтердің көлеміне қарай күніне кемінде 2 сағат, түскі асқа үзіліспен |
* жылжымалы пошта байланысы бөлімшелерінің пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсетуі бойынша жұмыс режимі маршрут бойынша қозғалыс графигін әзірлеу кезінде қызмет көрсету көлеміне сүйеніп, бірақ сенбі және жексенбі – демалыс күндері екені ескеріліп, бір елді мекенге кем дегенде 0,5 сағат есебімен белгіленеді.
3) пошта жәшіктерінен тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жинап алу жиілігінің көрсеткіші:
Елді мекеннің типі | Пошта жәшіктерінен тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жинап алудың ең аз мөлшері |
Республикалық маңызы бар қала | Аптасына кемінде 5 күн; күніне кемінде 1 рет |
Облыстық маңызы бар қала | Аптасына кемінде 5 күн; күніне кемінде 1 рет |
Аудандық маңызы бар қала мен елді мекендер | Аптасына кемінде 4 күн; күніне кемінде 1 рет |
Ауылдық елді мекендер | Аптасына кемінде 2 күн; күніне кемінде 1 рет |
* өндірістік объектінің жанына немесе ішіне орнатылған пошта жәшіктерінен тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жинап алу күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
4) тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жеткізу жиілігінің ең төменгі көрсеткіші:
Елді мекеннің типі | Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жеткізудің ең аз мөлшері |
Республикалық маңызы бар қала | Кемінде 5 күн; күніне кемінде 1 рет |
Облыстық маңызы бар қала | Кемінде 5 күн; күніне кемінде 1 рет |
Аудандық маңызы бар қала мен елді мекендер | Аптасына кемінде 4 күн; күніне кемінде 1 рет |
Ауылдық елді мекендер | Аптасына кемінде 2 күн; күніне кемінде 1 рет |
5) пошта жәшіктерін орналастыру көрсеткіштері
Елді мекеннің типі | Тұрғындар саны | Пошта жәшіктерінің ең аз мөлшері |
Республикалық маңызы бар қала | әрбір 20 мың адамға | 1 |
Облыстық маңызы бар қала | әрбір 15 мың адамға | 1 |
Аудандық маңызы бар қала мен елді мекендер | әрбір 10 мың адамға | 1 |
Ауылдық елді мекендер | 500 және одан көп адамға | 1 |
Пошта байланысы операторларының көлік құралдарының барлық пошта маршруттары мен қозғалыс кестесі пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері толық қамтылуын және олардың уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
2. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері:
1) тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын тасымалдау жиілігінің ең төмен көрсеткіштері:
Маршруттардың түрлері | Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын тасымалдаудың ең төмен жиілігі |
Магистралдық маршруттар бойынша | Күн сайын |
Облыс ішіндегі маршруттар бойынша | Аптасына кемінде 4 рет |
Аудан ішіндегі маршруттар бойынша | Аптасына кемінде 2 рет |
Қала ішіндегі маршруттар бойынша | Аптасына кемінде 5 рет |
2) тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жіберудің ең көп мерзімінің көрсеткіштері:
Елді мекендер | Қабылданған сәттен бастап тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жіберудің ең көп мерзімі |
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалар арасында (күн сайын, тікелей теміржол және автомобиль маршруттары) | 5 күн |
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалар арасында (тасымалдау жиілігі аптасына 3 және одан да көп тікелей теміржол және автомобиль маршруттары) | 8 күн |
Облыстық маңызы бар қалалар арасында | 10 күн |
Облыс орталығы мен осы облыстың аудан орталығы арасында және облыстың аудандық маңызы бар қалалары, аудан орталықтары арасында | 4 күн |
Жергілікті пошта жөнелтілімдері (барлық жерде) | 2 күн |
Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсететін пошта операторына пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар тарапынан наразылықтар туындауын болдырмау мақсатында белгіленеді.
3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтеріне баға көрсеткіші.
Пошта байланысы секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті Төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15328 болып тіркелген) бекітілген.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.12.2020 № 470/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.