Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекітіу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14110 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 12.07.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 9-тармағына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ әскери қызметке азаматтарды даярлауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.

      3. "Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 329 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11622 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________Э.Суханбердиева

      2016 жылғы 12 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 384 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағыЗаңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және азаматтарды әскери қызметке даярлау тәртібін айқындайды.

      2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

      1) жалпы орта білімнің жалпыға білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқитындары мен тәрбиеленушілерін әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында қосымша білім бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлау және оларда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ұғымдарды қалыптастыру;

      2) әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) өтелмейтін, өтелетін негіздерде және азаматтарды шаруашылық қызметі негізінде және кәсіби-техникалық оқыту шеңберінде автокөлік құралдарын басқару үшін азаматтарды оқыту мақсатында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау;

      3) бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін даярлау және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау мақсатында әскери кафедраларда өтелмейтін және өтелетін негіздерде жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) студенттерін оқыту мақсатында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлау.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) академиялық кезең – білім беру ұйымы семестр, триместр, тоқсан түрінде өздігінен белгілейтін үш нысанның біреуіндегі теориялық оқыту кезеңі;

      2) әскери кафедра – запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша азаматтардың әскери даярлығын қамтамасыз ететін жоғары оқу орнының (бұдан әрі – ЖОО) кафедрасы;

      3) "әскери күн" әдісі – ЖОО-ға әскери кафедраның күн тәртібіне сәйкес әскери даярлықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін арнайы сағат санын бөлу;

      4) әскери даярлық бағдарламасы – әрбір әскери-есептік мамандық бойынша жоспарлау құжаттарының кешені, олардың негізінде запастағы офицерлерді, әскери-техникалық мамандарды және әскери оқытылған резервті даярлау жүзеге асырылады;

      5) әскери кафедралардың өңірлік оқу-әдістемелік кеңесі – өңірдің әскери кафедраларының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызмет мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңес беруші орган;

      6) әскери даярлық бойынша орташа үлгерім балы – оқитынның әскери кафедрада оқу кезеңіндегі орташа сараланған балы;

      7) әскери міндеттілер – әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      8) әскерге шақырылушылар –аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және Қарулы Күштерге әскерге шақыруға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;

      9) ғылыми-әдістемелік қызмет – бұл оқу үрдісін перспективті дамытуға, оның мазмұны мен әдістемесін жетілдіруге, оқу үрдісіне инновацияларды енгізуге бағытталған қызмет;

      10) емтихан – белгілі бір пәнді немесе оның бір бөлігін зерделеудің қорытынды кезеңін іске асыратын және білім алушылардың теориялық білімін тексеру және іс жүзіндегі міндеттерді шешу кезінде алған білімді қолданудағдыларын, сондай-ақ осы пән бойынша оқу және ғылыми әдебиетпен өз бетінше жұмыс істей білуді анықтаумақсаты бар оқу сабақтарының ерекше түрі;

      11) жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) – пәнді сипаттайтын, оны зерделеудің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптарын және олардың қысқаша мазмұнын, өздік жұмыс тапсырмаларын, бағалау критерийлерін, негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін қамтитын құжат;

      12) жұмыс оқу жоспары – әрбір әскери-есептік мамандық бойынша оқу пәндерінің тізбесі, олардың академиялық сағаттардағы күрделілігі, зерделеу жүйелілігі, бақылау нысандары айқындалатын әскери даярлықтың үлгілік оқу жоспарының негізінде әзірленетін оқу жоспары;

      13) кәсіби практика – теориялық білімді, шеберлікті бекітуге, оқыту өткізілетін әскери-есептік мамандықпен байланысты жұмыстардың белгілі бір түрлерін орындау үдерісінде практикалық дағдылар мен біліктілікті алуға және дамытуға бағытталған студенттерге арналған оқу қызметінің түрі;

      14) күн тәртібі – студенттердің, әскери кафедра және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің күнделікті қызметінің, оқу үдерісінің негізгі іс-шараларын орындауға уақытын бөлуді айқындайтын құжат;

      15) қорғау – студенттердің зертханалық жұмыстарды, есептік-кестелік тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіби практикаларды орындауын бақылау түрі;

      16) ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы – ҚР ҚМ "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдары;

      17) ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарын басқару – ҚР ҚМ

      "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      18) қызметкер – әскери кафедра тұрақты құрамының өкілі;

      19) қызметтік уақыт регламенті – әскери кафедраға келу және одан кету уақытын, қызметкерлердің негізгі іс-шараларды орындау мерзімдері мен ұзақтығын белгілейтін күн тәртібіне қосымша жасалатын құжат;

      20) оқулық – оқу пәнінің (немесе оның бөлімінің, тарауының) жүйелі мазмұндалуын қамтитын және басылымның осы түрінде баспа

      және/немесе электронды түрде ҚР ҚМ ресми бекіткен оқу басылымы. Оқулықта студенттердің меңгеруі үшін міндетті базалық білім жүйесімазмұндалады;

      21) оқулық басылымы – зерделеу мен оқыту үшін қолайлы үлгіде жазылған білім алушылардың осы саладағы білімді, шеберлік пен дағдыларды шығармашылық және белсенді игеруді қамтамасыз ететін тиісті ғылыми-практикалық білім салалары бойынша жүйелі материалдықамтитын басылым. Оқу басылымдарының негізгі түрлері оқулық және оқу құралы болып табылады;

      22) оқу жетістіктерін бақылау –әскери кафедралар өздері айқындайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандарымен студенттердің білім деңгейін тексеру;

      23) оқу-жаттығу жиыны – оқу-жаттығу жиынына тартылған әскери кафедраның білім алушыларымен практикалық мәселелерді пысықтау және қорытынды аттестаттауды өткізу мақсатында жүргізілетін әскери даярлықтың қорытынды кезеңі болып табылатын әскери жиындардың

      түрі;

      24) оқу құралдарын және оқу-әдістемелік кешендерді сынаудан өткізу – оқу үдерісінде оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерді іс жүзінде пайдалануын кешенді зерделеу;

      25)оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балмен бағалау жүйесі;

      26) оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді мониторингілеу – оқу үдерісін қазіргі заманғы оқу басылымдарымен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша толық, анық және жан-жақты ақпаратты алу рәсімі;

      27) оқу басылымдарына рецензия беру – оқу басылымының әскери даярлық бағдарламаларына сәйкес келу, сондай-ақ жарияланатын мәселелердің өзектілік, барлық тақырыптарды жариялау толықтығы мен тереңдік дәрежесі мәніне рецензенттермен жүргізілетін бағалау;

      28) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы – оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген өз бетінше зерделеуге бөлінген тақырыптардың белгілі бір тізбесі бойынша жұмыс;

      29) оқу-әдістемелік қызмет – бұл пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісін ұйымдастыруға және әдістемелік қамтамасыз етілуіне, оқытушылардың педагогикалық біліктілігі мен шеберліктерін арттыруға бағытталған қызмет;

      30) оқу құралы – оқу басылымы, оқулықты ішінара алмастыратын немесе толықтыратын және әскери ЖОО, ал ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары үшін осы басылым түрі ретінде баспа және/немесе электронды түрде ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының басқармасы ресми бекіткен

      оқулық;

      31) оқу-әдістемелік кешен – оқитындардың оқу пәні бойынша білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы;

      32) оқу үдерісі – бұл командалық құрамның, оқытушылар мен оқитындардың жоспарлы оқу жұмысының, оқу-әдістемелік жәнеғылыми-әдістемелік қызметінің жүйесі;

      33) орташа үлгерім балы – оқитынның ЖОО-да оқу кезеңіндегі орташа сараланған бағасы;

      34) сын тұрғысынан ойлау – идеяларды таңдау еркіндігі, өз шешімдеріне жауапкершілік негізінде ақпаратты сыни талдау қабілеттігі;

      35) сынақ-емтихан сессиясы – студенттердің академиялық кезеңде зерделенген пәннің бөлігі немесе барлық көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

      36) студент –жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;

      37) студенттердің оқудағы жетістіктері – оқыту үдерісінде оқитындар алған және тұлғаны дамытуда қол жеткізілген деңгейін көрсететін білім, шеберліктер, дағдылар мен біліктіліктер;

      38) тапсырыс беруші – олардың мүддесінде запастағы офицерлер мен әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жүзеге асырылатын ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы Бас штабы мен Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылымдық бөлімшесі;

      39) үлгерімді ағымдағы бақылау – академиялық кезең ішінде дәрісханалық сабақтарда оқытушы жүргізетін оқу бағдарламасына сәйкес оқитындардың білімін жүйелі тексеру;

      40) үлгілік оқу бағдарламасы – оқытылатын материалдың және ұсынылатын әдебиеттің мазмұнын, көлемін айқындайтын әскери-есептік мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті құрамдас пәнінің оқу бағдарламасы;

      41) үлгілік оқу жоспары – запастағы офицерлер мен әскери-техникалық мамандарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери-есептік мамандықтар тізбесінің негізінде әзірленетін оқу жоспары.

2-бөлім. Қосымша оқу бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлау тәртібі

      4. Қосымша оқу бағдарламалары бойынша әскери даярлық ҚР ҚМ бағынысты жалпы орта білімнің бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бағынысты жалпы орта білімнің жалпыға білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ҚР ҚМ-мен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      5. Қосымша білім бағдарламалары бойынша әскери даярлық оқытудың бір түрі болып табылады және оқу жоспарына дербес пән ретінде енгізіледі.

      6. ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – БҒД) қосымша білім бағдарламалары бойынша әскери даярлық бағдарламасын, қару-жарақ, әскери техника, әскери-оқу-жаттығу мүлкінің табелін әзірлейді, оларды білім саласына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарымен бекітеді және әскери даярлыққа жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      7. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқитындары мен тәрбиеленушілері оқу-жаттығу жиындарынан өту алдында медициналық куәландырудан өтеді.

      8. Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқитындары мен тәрбиеленушілері оқу-жаттығу жиындарынан босатылады.

      9. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқитындары мен тәрбиеленушілерін оқыту 8-10 адамнан тұратын оқу бөлімшелерін құрайтын саны 24-30 адам оқу взводтары бойынша жүзеге асырылады.

3-бөлім. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау тәртібі
§ 1 параграф. Жалпы ережелер

      10. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында жүзеге асырылады.

      11. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары Заңға сәйкес оқитындармен жасақталады.

      12. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті әскери бөлімдердің әскери-техникалық мамандарға қажеттілігіне сәйкес тиісті оқу жылына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жоспарын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқытылған резерв бағдарламасы бойынша өтелетін негізде әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) даярлау жоспарын әзірлейді.

      13. Жоспарланған кезеңге (үш жылға) өтелмейтін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жоспары ҚР ҚМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі, ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және жоспарлы кезеңге шығыстарды жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына, жергілікті әскери басқару органдарына және бюджеттік бағдарламалар іс-шараларының тиісті жауапты орындаушыларына жеткізіледі.

      14. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, кезекті оқу жылына арналған әскери-оқытылған резервті, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жоспарынан үзінділерді алғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарында оқу взводтарын жасақтаудың және әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлаудың жоспар-кестесін әзірлейді.

      15. Әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) медициналық куәландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидалары) және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8336 болып тіркелген) сәйкес медициналық комиссия өткізеді.

      16. Әрбір әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) медициналық куәландыру картасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау үшін комиссия іріктеген әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) атаулы тізімімен бірге жарамдылық санатын растау ретінде ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына беріледі.

      17. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарын жасақтау аумақтық және бұрынғы аумақтық қағидат бойынша жүргізіледі.

      18. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына оқу үшін бұрын сотталған немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған не сот алдындағы іс қозғалған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) жіберілмейді.

      19. Әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) қатарынан 8-10 адамнан тұратын оқу бөлімшелерін қамтитын саны 24-30 адам оқу взводтары (топтары) жасақталады.

      20. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында оқыту кезеңінде әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлық құнына кіретін үш реттік тамақтандырумен және монша-кір жуу қызметтері бар казармада тәулік бойы тұрумен қамтамасыз етіледі.

      Әскерге шақырылушыларды жинау пунктінен ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары орналасқан жерге дейін тасымалдау шығыстары да өтелмейтін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау құнына қосылады.

      21. Іріктелген және оқу үшін жіберілген әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) атаулы тізімдер бойынша жинақтаушы жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына тапсырады.

      22. Әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) атаулы тізімдері екі данада жасалады. Тізімдердің бірінші данасы әрбір әскерге шақырылатынның (әскери міндеттінің) медициналық комиссиядан өту нәтижелері туралы медициналық куәландыру карталарының көшірмелерімен бірге ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына беріледі, тізімдердің екінші данасы тиісті жергілікті әскери басқару органдарында сақталады.

      23. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының әрбір әскерге шақырылушымен (әскери міндеттісімен) шарт жасасылады.

      24. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) оқыту мерзімі даярлық бағдарламасы бойынша алынатын мамандыққа байланысты белгіленеді.

§ 2 параграф. Өтелмейтін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды даярлау тәртібі

      25. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша өтелмейтін негіздегі даярлыққа денсаулық жағдайы бойынша жарамды, он жеті жас алты айдан бастап жиырма алты жасқа дейінгі жастағы оқу бітіргеннен кейін мерзімді қызметке әскерге шақырылуға немесе жұмылдыру резервіне қабылдануға жататын азаматтар тартылады. Іріктелген әскерге шақырылушылармен психологиялық зерделеу жүргізіледі.

      26. Әскерге шақырылушыларды өтелмейтін негізде даярлау жергілікті әскери басқару органдарының бағыттауы бойынша жүргізіледі.

      Оқу жылы қаңтар айынан басталады және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлаудан басқа әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлаудың мынадай екі кезеңін қамтиды:

      1 кезең – 15 қаңтардан бастап (көктемгі әскерге шақыру);

      2 кезең – 15 маусымнан бастап (күзгі әскерге шақыру).

      Бұл ретте, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау тек бір оқу кезеңінде жүзеге асырылады.

      27. Өтелмейтін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқытылатын әскерге шақырылушылар әскерге шақыру комиссияларының хаттамаларына енгізіледі.

      28. Өтелмейтін негізде оқыту үшін іріктелген әскерге шақырылушыларды бағыттау жергілікті әскери басқару органдарының бұйрықтарымен ресімделеді, оларда тізімдік құрам, оқыту мерзімдері, азаматтар оқитын мамандық көрсетіледі.

      29. Өтелмейтін негізде оқитын әскерге шақырылушылар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелмейтін негізде оқитын әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлаудың қозғалысын есепке алу журналында есепке алынады.

      30. Көлік құралдарының жүргізушілері ретінде даярланатын әскерге шақырылушылар, одан басқа, Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамға медициналық тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеруден, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Механикалық көлік құралдарының жүргізушісін қайта медициналық тексеруден (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген) өтеді.

      31. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарын өтелмейтін негізде оқитын әскери-техникалық мамандармен уақтылы және сапалы жасақтауға толық жергілікті әскери басқару органдары жауапты болып табылады.

      32. Өтелмейтін негізде оқитын әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу сабақтар басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады және аяқталады. Іріктеу аяқталғаннан кейін жергілікті әскери басқару органдары оларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйғарымды береді, сондай-ақ олардың негізгі жұмыс орнына хабарламаны жолдайды.

      33. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау және әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламаларына сәйкес даярлықтан өткен әскерге шақырылушылар әскери қызметке шақырылады не әскери міндеттілердің запасына есепке алынады.

§ 3 параграф. Өтелетін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) даярлау

      34. Өтелетін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлыққа мыналар тартылады:

      келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;

      жиырма екі жастан бастап жиырма жеті жасқа дейінгі жастағы денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін әскери қызметке шақырылуы кейінге қалдырылған азаматтар.

      35. Өтелетін негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту үшін әскерге шақырылушыларды

      (әскери міндеттілерді) қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11536 болып тіркелген) жәнеҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13540 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Өндірістен қол үзумен өтелетін негізде даярлықтан өтіп жатқан әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) оқыту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      37. Өтелетін негізде оқыту үшін іріктелген әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) бағыттау жиынтық тізімге сәйкес жүзеге асырылады.

      38. Өтелетін негізде оқып жатқан әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) оқу үшін төлемді ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының есептік шотына аудару жолымен жүргізеді.

      39. Әскери-оқытылған резерв бағдарламасы бойынша оқу аяқталғаннан кейін әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) бұдан бұрын берілген далалық киім-кешек және басқа да заттай мүлік зат қапшығына (сөмкесіне) салынады, мөрленеді және оның жауапкершілігіне беріледі.

§ 4 параграф. Оқу-материалдық база, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау тәртібі

      40. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша мамандарды оқытуды қамтамасыз ету үшін ҚР ҚМ уақытша пайдалануға ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына қажетті қару-жарақты, әскери техника мен әскери-техникалық мүлікті береді.

      41. Әскери-техникалық мамандарды даярлау үшін жедел басқармаға берілетін автомобильдердің, шынжыр табанды тартқыштардың, броньды транспортерлердің, автомобиль крандарының, агрегаттардың, аппаратуралардың және басқа да техника мен мүліктің маркасы мен саны штатқа табельдермен айқындалады.

      42. Жүргізуге және оқу үдерісін қамтамасыз етуге арналған автомобильдер, шынжыр табанды тартқыштар мен арнайы машиналар әскери нөмірлік, тану және айыру белгілерімен белгіленеді.

      43. Қару-жарақ, техника мен мүлік жұмыс істейтін күйінде, толық жинақталған, техникалық құжаттамасымен беріледі.

      44. Тасымалдау төлемі бекітілген әскери бөлімдер мен мекемелер арқылы әскери тасымалдауларға ҚР ҚМ шығыстар ерекшелігі бойынша осы мақсаттар үшін бөлінетін ақшалай қаражат есебінен жүргізіледі.

      45. Қару-жарақты, техника мен мүлікті базалардан, жабдықтаушы органдардың қоймаларынан және әскери бөлімдерден (жөндеу зауыттарынан, шеберханалардан) жіберу оларды ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының өкілдері қабылдап алғаннан кейін жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда ҚР ҚМ жабдықтаушы органдары бастықтарының нұсқауы бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының оқу кабинеттеріне (сыныптарына), зертханалары мен парктеріне қару-жарақты, техника мен мүлікті орнату (құрастыру) үшін мамандар бөлінеді.

      46. Қару-жарақты, әскери техника мен әскери мүлікті пайдалану Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      47. Қару-жарақты, техника мен мүлікті пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру машиналарды пайдалану мен жөндеудің жылдық және айлық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, оларға басшының орынбасары қол қояды және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшысы бекітеді.

      48. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында қару-жарақты, техника мен мүлікті пайдалануды, жөндеуді және қызмет көрсетуді жоспарлауды осы жұмыс учаскесі үшін жауапты лауазымды адамдар пысықтайды.

      49. Сәулесі бар радиоэлектронды құралдарда (барлық мақсаттағы) жұмыс істеу Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекіткен жиіліктерде шақырулар және бағыттар бойынша жүргізіледі.

      50. Өтелетін негізде даярлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 870 Жарлығымен бекітілген Әскери ант қабылдау тәртібі туралы ережеге сәйкес әскери ант қабылдайды.

      51. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары бөлімдердің тиісті командирлерімен және мекеме бастықтарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының және мекемелерінің далалық оқу-жаттығу базасын пайдаланады.

§ 5 параграф. Бітіру емтихандарын ұйымдастыру тәртібі

      52. Оқуды аяқтағаннан кейін әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) даярлық сапасын тексеру үшін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға оқытудың толық курсынан өткен, оқыту бағдарламасымен көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар мен сынақтар алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) жіберіледі.

      53. Бітіру емтихандарына дайындалуға және тапсыруға оқу уақыты әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлаудың бағдарламасымен және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшысы бекітетін оқу жоспарларымен айқындалады.

      54. Бітіру емтихандарын қабылдау үшін емтихан комиссиялары құрылады. Комиссия төрағасы болып бекітілген әскери бөлімнің немесе мекеменің өкілі тағайындалады.

      Комиссия құрамына жергілікті әскери басқару органының өкілдері, гарнизонның әскери жол полициясы, ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшылығы қосылады.

      Бітіру емтихан комиссиясының дербес құрамы және оның жұмыс істеу мерзімдері ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы директорының бұйрығымен жарияланады. Комиссия жұмысының жоспарын және тәртібін комиссия төрағасы бекітеді.

      55. Емтихан комиссиясы жұмысының қорытындылары осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (әрбір мамандық бойынша) ресімделеді, онда емтихандар нәтижелері, сондай-ақ әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлауды ұйымдастырудағы кемшіліктер, оны жақсарту жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. Актіні жергілікті әскери басқару органы келіседі және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасының басшысы бекітеді.

      Бітіру емтихандарының қорытындылары бойынша бұйрық шығарылады.

      56. Бітіру емтихандарын тапсырған әскерге шақырылушыларға (әкери міндеттілерге) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымын бітіргені туралы сертификаттар беріледі.

      Бітіру емтихандарын тапсыруға оқыту бағдарламасымен көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар және сынақтар алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) жіберіледі.

      Науқастануына немесе отбасы жағдайларына байланысты кесте бойынша бітіру емтихандарын тапсырмаған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) емтиханды тапсыруға кезекті оқу взводтарымен жіберіледі.

      57. Бітіру емтихандарын тапсырған әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшысы қол қойған және мөрімен расталған тиісті мамандықтар бойынша Заңның 12-бабы 9-тармағына сәйкес ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымын бітіргені туралы куәліктер не сертификаттар беріледі.

      Бітіру емтихандарында "қанағаттанғысыз" бағасын алған әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды бітіргені туралы куәлік не сертификат берілмейді.

      "Қанағаттанғысыз" бағасын алған өтелетін және өтелмейтін негізде оқитын әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасы басшысының бұйрығымен белгіленген күні емтихандарды қайта тапсыруға жіберіледі.

      58. Көлік құралдарын басқарумен байланысты мамандықтар бойынша даярлықтан өткен әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер), одан басқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органда емтихандар тапсырады.

      59. Әскери-есептік мамандықты әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды бітіргені туралы сертификатқа және алынған мамандыққа сәйкес әскери билетті беру кезінде жергілікті әскери басқару органдары береді.

      60. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау үдерісінің тәртібі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарымен бекітіледі.

4-бөлім. Запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлау тәртібі
§ 1 параграф. Жалпы ережелер

      61. Запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлау ҚР ҚМ айқындайтын қабылдау жоспарына сәйкес алынатын жоғары кәсіптік білімнің негізінде ЖОО-лардың әскери кафедраларында әскери-есептік мамандықтар бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

      62. Әскери кафедралардағы әскери даярлық Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін даярлау мақсатында ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Әскери кафедра ЖОО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Әскери даярлық мәселелері бойынша әскери кафедра ҚР ҚМ бұйрықтарын басшылыққа алады.

      63. Студенттердің әскери даярлығы қосымша оқыту түрі болып табылады және студент жігіттер үшін теориялық және практикалық оқу курстарына, оқу-жаттығу жиынынан немесе студент қыздар үшін кәсіби практикадан тұрады.

      64. Әскери даярлыққа барлығы 588 академиялық сағат, олардың ішінде 360 академиялық сағат ӘОО-ға және 228 академиялық сағат оқу-жаттығу жиындарына (студент қыздар үшін кәсіби практика) бөлінеді.

      65. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық өтелмейтін және өтелетін негізде жүзеге асырылады. Өтелетін негізде оқуға өтелмейтін негізде оқу үшін конкурс шарттарынан өтпеген және өтелетін негізде оқу үшін іріктеу бойынша комиссия ұсынған студенттер тартылады.

      66. Әскери кафедраларда оқыту үшін ЖОО басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша және қабылдау жоспарына сәйкес өтелетін негізде оқыту үшін әскери кафедралары жоқ білім беру қызметін жүргізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясы бар меншік және бағыныстылық нысанынан тыс басқа да ЖОО-лардың студенттері тартылады.

      67. ЖОО-ның әскери кафедра қызметін қамтамасыз етумен байланысты шығыстарын өтеу мақсатында өтелетін негізде әскери кафедрада оқыту құны ЖОО басшысының шешімі бойынша өтелмейтін негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша әскери кафедрада оқыту құнына қатысты 10%-ға артуы мүмкін.

§ 2 параграф. Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу тәртібі

      68. Әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі және ҚР ҚМ бекіткен және БҒД жыл сайын 1 наурызға дейін әскери кафедраға ұсынатын қабылдау жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

      Конкурсқа қатысуға әскери даярлыққа тартылатын жылы 27 жастан үлкен емес жастағы тек оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер – Қазақстан Республикасының азаматы жіберіледі.

      69. Оқитындарды іріктеу үшін конкурс мынадай төрт кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өту;

      2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;

      3) үшінші кезең – дене даярлығын тексеру;

      4) төртінші кезең – әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Іріктеу комиссиясы) отырысы.

      Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңінен өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі.

      Екінші, үшінші және төртінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.

      70. Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

      71. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады.

      72. Өтелмейтін және өтелетін негізде запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші және екінші курс студенттерінен (медициналық ЖОО-ларда екінші және үшінші курстан) қабылданады.

      73. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша студенттердің өтініштері әскери кафедраның іс жүргізу бөлімінде тіркеледі.

      Құжаттарды қабылдауды әскери кафедра конкурсты өткізетін жылы 1 ақпаннан бастап жүзеге асырады және 15 мамырда аяқтайды. Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке осы Қағидаларға11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

      74. Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қосымша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың не қамқорлықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттардың біреуінің түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады.

      75. Спорттық разрядын, орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орындарын растайтын құжаттары болған жағдайда қосымша ұсынылады.

      76. Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша факультетте (институтта) оқитын студенттердің тізімдері ЖОО-лардың деканаттарында жасалады және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін әскери кафедраға беріледі.

      77. Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедралар қабылданған құжаттар негізінде студенттерге Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына түсетін азаматтың ресімделген медициналық куәландыру картасын береді.

      Медициналық куәландыру картасын студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірмей әскери кафедраға тапсырады.

      78. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес студенттер медициналық куәландыру басталғанға дейін медициналық комиссияға медициналық құжаттар тізбесіне сәйкес медициналық құжаттарды және медициналық комиссияға ұсынылатын медициналық зерттеулер нәтижелерін ұсынады.

      79. Студенттердің кесте бойынша медициналық куәландырудан ұйымдасқан түрде өтуі конкурс өтетін жылы 1 ақпаннан бастап 31 наурызды қоса алғанда жүзеге асырылады.

      Көрсетілген кезеңде медициналық куәландырудан өту кестесін әскери кафедра алдын ала жергілікті әскери басқару органымен келіседі. Кестеде көрсетілген мерзімде медициналық куәландыруға келмеген студенттер оны өздері өтеді.

      80. Денсаулық жағдайы бойынша "жарамсыз" деп танылған немесе әскери кафедраға медициналық куәландыру картасын ұсынбаған студенттер конкурстың I кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

      81. Іріктеу комиссиясының құрамы және жұмыс істеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен айқындалады. Іріктеу комиссиясының құрамынамыналар енгізіледі:

      1) төраға – ҚР ҚМ өкілі;

      2) төраға орынбасары – ЖОО әскери кафедрасының бастығы;

      комиссия мүшелері:

      3) ЖОО оқу (оқу-әдістемелік) бөлімшесінің өкілі (келісу бойынша);

      4) АОСК өкілі немесе әскери кафедра бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) дене дайындығы және спорт үшін жауаптысы, олар болмаған жағдайда ЖОО-ның дене тәрбиесі және спорт кафедрасының өкілі;

      5) ЖОО әскери кафедрасының оқытушысы;

      6) комиссия хатшысы – ЖОО әскери кафедрасының өкілі.

      82. Әскери кафедралар іріктеу комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды БҒД-ға оқуға қабылдау жылы 20 сәуірден кешіктірмей жолдайды.

      83. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол дәйектеу, күйзеліске тұрақтылық, сын тұрғысынан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

      Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған студенттер конкурстың екінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

      84. Студенттердің дене даярлығын тексеру осы Қағидаларға14-қосымшаға сәйкес студент жігіттер үшін дене даярлығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.

      Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер (қанағаттанғысыз баға нөл балл ретінде есептеледі) конкурстың үшінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

      85. Кәсіби-психологиялық іріктеуді өткізу және дене даярлығын тексеру нәтижелерінің деректері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостарға енгізіледі.

      86. ЖОО-ның офис-тіркегіші іріктеу комиссиясына өткен оқыту кезеңі үшін орташа үлгерім балын (GPA) іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей береді.

      87. Конкурстық іріктеу рейтингтік балды есептеу кестесі бойынша есептелген рейтингілік балл бойынша жүзеге асырылады, оны БҒД іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін жолдайды.

      88. Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "әскери даярлыққа тартылсын", "өтелетін негізде оқыту үшін ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің түрлерін қабылдаумен ЖОО-ның әскери кафедрасына әскери даярлыққа тарту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді.

      Шешім басым дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      89. Өтелмейтін негізде оқыту үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың тиісті санының нөміріне дейінгі рейтингіде тұрған студенттер тартылады.

      Сол бойынша іріктеу комиссиясы "әскери даярлыққа тартылсын" деген шешім шығарады.

      90. Студенттерді әскери даярлыққа тарту, оларды қару-жарақпен және әскери техникамен, әдебиетпен және "қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат беру хаттама негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен мынадай мерзімдерге жүргізіледі:

      өтелмейтін негізде оқыту үшін – іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде;

      өтелетін негізде оқыту үшін – студенттің осы Қағидаларға16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелетін негізде оқуға ниеті туралы өтініш жазғаннан кейін оқу жылы басталғаннан бастап 10 жұмыс күнінің ішінде.

      91. Хаттама үш данада жасалады. Атқарылған жұмыс туралы есебі бар бірінші данасы БҒД-ға, екіншісі қарамағында ЖОО тұрған Министрлікке (ведомствоға) жолданады, үшіншісі ЖОО-да қалады.

      92. Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту немесе дене даярлығын тексеру нәтижелерімен келіспейтін студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына еркін үлгіде жазбаша өтінішпен арыз білдіреді.

      Өтініш мәні бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

      93. Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.

§ 3 параграф. Әскери кафедралардың қызметіне жалпы басшылық және оны қамтамасыз ету

      94. Әскери даярлыққа жалпы басшылықты ЖОО басшысымен бірлесіп ҚР ҚМ жүзеге асырады. Әскери кафедраға тікелей басшылықты әскери кафедраның бастығы жүзеге асырады.

      95. ҚР ҚМ әскери кафедраларға қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) ЖОО әскери кафедралары туралы ережелерді бекіту;

      2) әскери кафедралардың штат кестелерін келісу;

      3) әскери даярлықтың үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту;

      4) әскери даярлыққа тартылатын студенттер санын айқындау;

      5) әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі комиссияны тағайындау;

      6) оқу-жаттығу жиынын және кәсіби практиканы өткізу тәртібін айқындау;

      7) бітіру аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;

      8) бастапқы офицерлер атағын беру;

      9) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жалпы тізбесінен мынадай пайдаланылмайтын әскери мүлікпен қамтамасыз ету: оқу-жаттығу қару-жарағы мен әскери техниканың оқытылатын үлгілерімен, оқ-дәрілермен, аспаптармен, аппаратурамен, құрал-саймандармен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен, жалпыәскери жарғылармен және басқа да ведомстволық нормативтік және құқықтық актілермен, топографиялық және теңіз карталарымен, әскери даярлық бойынша оқу әдебиетімен;

      10) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес тұрақты әрекеттегі медициналық комиссиямен әскери кафедраға оқуға түсетін және оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) тартылатын студенттерді медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру;

      11) студенттердің оқу-жаттығу жиыны кезеңінде өтелмейтін уақытша пайдалануға мынадай мүкәммалдық мүлікті беру: плащ-палатка, далалық белбеулер, шалбар белбеулері, далалық сөмкелер;

      12) әскери даярлықты бақылау, әскери кафедраларда құпиялылық режімін сақтау және мемлекеттік және әскери құпияны сақтау;

      13) оқу үдерісі, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызмет мәселелері бойынша әскери кафедраға басшылық жасау және оқытушылардың біліктілігін арттыру;

      14) әскери кафедра бастығын лауазымға тағайындау және оны босату;

      15) әскери кафедралардың штаттық әскери лауазымдарына әскери қызметшілерді іріктеу және тағайындау және оларды әскери қызметті өткеру тәртібінде орындарын ауыстыру;

      16) әскери кафедраның штаттық әскери лауазымдарына тағайындау үшін запастағы офицерлер қатарынан кандидатураларды келісу;

      17) әскери кафедраларда оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі басшылықты әзірлеу және бекіту.

      96. Әскери даярлықты ұйымдастыру, ол үшін қажетті материалдық-техникалық оқу базасын жасау, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын қамтамасыз ету, құпиялық режімін сақтау ЖОО басшысына жүктеледі.

      97. Әскери даярлықты жүзеге асыру үшін ЖОО мынадай жағдайлардың бар болуын қамтамасыз етеді:

      1) оқшауланған аудиторлық қорды бөлу;

      2) арнайы кітапханалық қорды жасау;

      3) жабдықталған саптық плацты жасау;

      4) қаруды сақтауға арналған бөлмені жабдықтау;

      5) әскери-есептік мамандық бойынша даярлық ерекшелігін есепке ала отырып, басқа да қажетті құралдармен, ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз ету;

      6) ҚР ҚМ-мен келісу бойынша әскери кафедраның штат кестесін бекіту;

      7) әскери кафедралардың әскери лауазымдарына тағайындалған әскери қызметшілерді Заңда көзделген барлық төлемдерменқамтамасыз ету.

      8) ғимараттар мен құрылыстарды ұстау және оларды жөндеу;

      9) әскери кафедрада әзірленетін оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару;

      10) әскери даярлық үшін оқу сағаттарының қажетті санын және каникулярлық уақытта студенттердің оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикасына) уақытты бөлу;

      11) әскери кафедраның оқу жылына арналған жұмыс жоспарын, әскери кафедраның оқу материалдық базасын дамыту мен жетілдірудің перспективалық жоспарын және және тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарын бекіту;

      12) әскери кафедра оқытушыларының біліктілікті арттыру курстарынан және тағылымдамалардан өтуін қамтамасыз ету;

      13) ЖОО қаражаты есебінен әскери даярлық үшін ЖОО-ға бөлінген қару-жарақты, әскери техника мен мүлікті, сондай-ақ әскери кафедра құпия бөлімдерінің қызметтік үй-жайларын және кітапханаларын күзетуді ұйымдастыру;

      14) оқу-жаттығу жиынындағы студенттердің тамақтануын ұйымдастыру;

      15) азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражатты және студенттерді өтелетін негізде әскери даярлаудан алынған ақшалай қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану.

      ЖОО басшысы осы пункттің жоғарыда көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда ҚР ҚМ осы ЖОО-ның әскери кафедрасында әскери даярлықты тоқтату туралы мәселеге бастама көтеру құқығын өзіне қалдырады.

      98. ЖОО басшысы әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша әскери кафедраның қызметкерлерін оқу үдерісінде, оқу-әдістемелік қызметте, студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеуде және қоғамдық жұмыста олардың қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін көтермелейді.

      99. Әскери кафедраның штат кестесін ҚР ҚМ-мен келісу бойынша ЖОО басшысы бекітеді және ҚР ҚМ бекітетін студенттерді қабылдау жоспарын есепке ала отырып, оқытушылардың жұмыс көлеміне және жылдық орташа оқу жүктемесіне сүйене отырып айқындайды.

      100. Штат кестесін есептеу кезінде оқу взводының құрамы 15 адам есебінен алынады.

      Әскери кафедраның штат кестесіне әскери кафедра жанында құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ әскери кафедра жұмысының ерекшелігіне сүйене отырып, басқа да лауазымдар енуі мүмкін.

      101. Әскери кафедралардың штаттық әскери лауазымдарына әскери қызметшілерді тағайындауды және олардың орнын ауыстыруын ҚР ҚМ жүргізеді.

      Тиісті құрамның әскери лауаузымдарына әскери қызметшілерді тағайындау мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметті өткеру қағидаларына сәйкес тиісті құрамның әскери міндеттілері, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері не азаматтық персонал тағайындалуы (оның ішінде уақытша) мүмкін.

§ 4 параграф. Әскери кафедрадағы оқу үдерісі

      102. Оқитындардың әскери даярлығы "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Нақты ЖОО-ның оқыту ерекшелігін ескере отырып, әскери даярлықты ұйымдастырудың басқа түрі белгіленуі мүмкін.

      103. Оқу үдерісі әскери кафедралардың негізгі қызмет түрі болып табылады және барлық оқу сабақтарының түрлерін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді, ағымдағы бақылауды, сынақ-емтихан сессиясы мен бітіру емтиханын, студенттердің оқу материалын меңгеруін қамтиды.

      104. Әскери кафедраларда кредиттік оқыту технологиясын іске асырмай студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі пайдаланылады. Студенттердің оқу жетістіктерінің балдық-рейтингілік жүйесі туралы ережені әскери кафедра әзірлейді және әскери кафедра бастығы бекітеді.

      105. Оқу үдерісінің ұйымдастырушысы және басшысы әскери кафедраның бастығы болып табылады.

      106. Әскери кафедрада оқу үдерісін ұйымдастыру оның барлық элементтерін толық және тиімді өткізуді және запастағы офицерлерді даярлау бойынша міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

      107. Оқу үдерісін жоспарлау әскери кафедраның қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеу бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

      108. Оқу үдерісін жоспарлау әскери кафедраның оқу-материалдық базасының сыйымдылығын, орналасу ерекшеліктерін және оны жоспарлауға ықпал ететін басқа да шарттарды ескере отырып, басшылық құжаттармен айқындалған міндеттерге сүйене отырып жүзеге асырылады.

      Оқу үдерісін жоспарлау оқу жылы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

      Әскери даярлық бойынша оқу жылының басталуы және аяқталуы ЖОО басшысы бекітетін ЖОО-ның күнтізбелік оқу жоспарының негізінде айқындалады. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу мерзімдерін БҒД айқындайды.

      109. Әскери кафедра оқытушыларының оқу жүктемесі көлемінің есебі осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық сағаттарда жүргізіледі.

      Оқу жүктемесі былайша белгіленеді:

      1) әскери кафедраның бастығы – 100-150 академиялық сағат;

      2) әскери кафедра бастығының орынбасары – 100-300 академиялық сағат;

      3) цикл бастығы – 450-500 академиялық сағат;

      4) аға оқытушы, оқытушы, ассистент, профессор, доцент–750-1000 академиялық сағат.

      110. Әскери кафедра оқытушыларының саны 25 адамнан артық болған жағдайда оқу жүктемесі әскери кафедра бастығына есептелмейді.

      Оқу жылына арналған оқытушылардың оқу жүктемесін ЖОО басшысы бекітеді.

      Оқу жылына арналған оқытушылардың орташа оқу жүктемесі 725 сағатты құрауы тиіс.

§ 5 параграф. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу тәртібі

      111. Оқитындардың оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практикасы) әскери даярлаудың соңғы кезеңі болып табылады. Олар студенттерді практикалық оқыту және олардың оқу орындарында әскери даярлық курсын зерделеу кезінде алған командалық және әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындары мен ЖОО-лардың оқу материалдық-техникалық базасы пайдалана отырып өткізіледі, оқу-жаттығу атыстарының жаттығулары, машиналарды жүргізу және басқа да оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырмалары орындалады.

      112. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) мынадай 2 кезеңде өткізіледі:

      бірінші кезең – әскери кафедра базасында 90 академиялық сағат;

      екінші кезең – ҚР ҚМ бұйрығына сәйкес әскери бөлімдердің, әскери оқу орындарының оқу материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, 138 академиялық сағат.

      113. Оқитын қыздар оқу-жаттығу жиынына тартылмайды, олар үшін алатын әскери-есептік мамандық бойынша кәсіби практика ұйымдастырылады. Кәсіби практикадан өту кезеңінде оқитын қыз балалар оқу-жаттығу атыстарының жаттығуларын орындайды және әскери ант қабылдайды.

      114. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) ЖОО-ны бітіргенге дейін бір жыл бұрын өткізіледі. Оқитындарға оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өтуге кедергі болған дәлелді себептер (науқастануы, отбасы, қызметтік жағдайлар бойынша) бар болған жағдайда, сондай-ақ колледжді бітіргеннен кейін әскери кафедрада оқитын студенттер үшін олардың ЖОО-ны бітіретін жылы өтуіне рұқсат етіледі.

      115. Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практикасын) өткізуге кемінде 34 күнтізбелік күн бөлінеді.

      116. Оқу-жаттығуды (кәсіби практиканы) өткізудің нақты мерзімдері мен орны жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      117. Оқу-жаттығу жиынының (кәсіби практиканың) алдында студенттерді медициналық куәландыруды Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес облыстардың (республикалық (облыстық) маңызы бар қалалар және астана) тұрақты әрекеттегі медициналық комиссиясы өткізеді.

      118. Дәрігерлік комиссиялардың медициналық куәландыруынан кейін денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған, әскери даярлықтың толық курсынан және барлық бақылау түрлерінен өткен оқитындар оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) жіберіледі. Оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) оқитындарды жіберуді әскери кафедралар дайындаған тізімдер бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар оқу-жаттығу жиынына (кәсіби практикаға) жіберілмейді.

      119. Оқу-жаттығу жиынының жеке құрамын орналастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес жабдықталған казармаларда немесе далалық лагерьлерде ұйымдастырылады.

      120. Оқу-жаттығу жиыны уақытында оқитындар ішкі нарядта қызметті атқаруға тартылады. Ішкі қызметті іс жүзінде атқарғаны үшін оқитындарға сабақтарды, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты есепке алу журналдарына бағалар қойылады.

      121. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өту уақытында оқитындарды оқу үдерісін және олардың тұрмыстық құрылғысын қамтамасыз етумен байланысы жоқ шаруашылық және басқа да жұмыстарғатартуға, төтенше жағдайларды қоспағанда, үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

      122. Оқу-жаттығу жиынының барысында оқитындардан әскери антты қабылдауды дайындау бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі. Әскери антты оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) 2 кезеңінің бірінші жартысында бұдан бұрын әскери ант қабылдамаған оқитындар қабылдайды.

      Оқитындардың әскери антты қабылдауы туралы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікке (тіркеу куәлігіне) "Әскери ант қабылдадым (күні, айы, жылы, әскери бөлім атауы)" деген жазба жасалады, мөрмен расталады.

      Оқитын қыздардың әскери антты қабылдағаны туралы жазба жеке ісіне жасалады.

      123. Оқитындардың оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде оқытушыларға көтермелеулер және жазалар қолдану Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      124. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде жүйелі түрде тәртіп бұзатын, оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өтуден жалтарған оқитындар әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен әскери даярлықтан өтуден шеттетіледі.

      125. Әскери кафедралар бекітілген ҚР ҚМ әскери бөлімдері мен мекемелеріне 1 қазанға дейін жауынгерлік даярлық жоспарына қосу және оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу кезеңінде қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрілермен, автомобиль көлігімен, оқу-жаттықтыру кешендерімен және құралдарымен, жалпыәскери полигондармен, аспаптармен, аппаратурамен, құрал-сайманмен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен, керек-жарақтармен және басқа да материалдық-техникалық қамтамасыз ету түрлерімен қамтамасыз ету үшін өтінімдерді жолдайды. Өтінімдер оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) басталғанға дейін бір ай бұрын нақтыланады.

      Базасында оқу-жаттығу жиындары (кәсіби практика) өтетін әскери оқу орындарының бастықтары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері, ЖОО-лардың басшылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес оқу-жаттығу жиындарын (кәсіби практиканы) ұйымдастыруға, өткізу сапасына және қамтамасыз етуге, оқу-жаттығу жиындарын (кәсіби практиканы) өткізу барысын бақылауды жүзеге асыруға және бітіру емтихандарын ұйымдастыруға және оны өткізуге жауап береді.

      126. Оқу-жаттығу жиынының бастығы болып әскери кафедра бастығының орынбасары (цикл бастығы) немесе базасында студенттердің оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылатын және өткізілетін бөлім командирі орынбасарларының біреуі тағайындалады.

      Оқу-жаттығу жиыны бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары әскери кафедра циклдері бастықтарының (аға оқытушыларының) қатарынан тағайындалады.

      Оқу-жаттығу жиыны бастығының тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі орынбасары болып әскери кафедра циклдерінің бастықтары (аға оқытушылары) тағайындалады.

      Оқу-жаттығу жиыны бастығының тыл және қару-жарақ жөніндегі орынбасарлары болып оқытушылар, әскери бөлімнің инженерлік-техникалық персоналының немесе офицерлерінің құрамынан адамдар тағайындалуы мүмкін. Роталардың (батареялардың) командирлері болып әскери кафедраның оқытушылары немесе әскери бөлім офицерлері тағайындалады.

      Оқу-жаттығу жиынының әкімшілігін тағайындау ҚР ҚМ бұйрығының негізінде жүргізіледі:

      1) әскери кафедра қызметкерлерін – ЖОО басшысының бұйрығымен;

      2) әскери бөлімнен (мекемеден), әскери оқу орнынан өкілдер – тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен.

      127. Кәсіби практика ұйымдастырушысы әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша әскери кафедра оқытушыларының қатарынан ЖОО басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      128. Әскери кафедрадан оқытушылар оқу-жаттығу жиынының (кәсіби практиканың) барлық кезеңіне бөлінеді. Оларға: сабақтарды, консультацияларды ұйымдастыру және өткізу, студенттермен тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс, спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру және өткізу; ішкі наряд қызметін атқаруды тексеру, бітіру емтихандарын өткізуге қатысу.

      129. Оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін бөлімше командирлері әр студентке қызметтік мінездеме жасайды.

      130. Оқытушы басшылығымен барлық оқу сабақтары түрлерінің ұзақтығы оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) болу күндерінен басқа күніне 6 академиялық сағатты құрайды.Оқытушы басшылығымен оқитындардың өздік жұмысының ұзақтығы – 2 академиялық сағат. ЖОО-дағы бір академиялық сағат, оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) – 40 минут. Ақпараттандыру мен жаттықтыруларды өткізуге бөлінетін уақыт - 40 минут.

      Үзіліссіз екі академиялық сағаттан артық емес біріктіруге рұқсат беріледі.

      131. Оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) оқу аптасының ұзақтығы 6 жұмыс күніне белгіленеді. Оқу күні 8 академиялық сағатты, демалыс алды (мереке алды) күндері 6 академиялық сағатты құрайды. Одан басқа, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты, жаттықтырулар мен ақпараттандыруды өткізуге уақыт көзделеді.

      Оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу кезінде оқытушылар мен инженерлік-техникалық персоналды күн сайын тұрақты тұратын орнына қайтуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда олардың оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) болуы қызметтік іссапар ретінде ресімделеді.

      132. Тактикалық (тактикалық-арнайы), (тактикалық-саптық) және арнайы сабақтарды, жауынгерлік жұмысты, жауынгерлік оқ атуларды, регламенттік жұмыстарды жүргізу, жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сабақтарды өткізу кезінде оқу уақытының ұзақтығы регламенттелмейді.

      Үзіліссіз екі академиялық сағаттан артық емес біріктіруге рұқсат беріледі.

      133. Әскери кафедра қызметкерлерін, сондай-ақ әскери даярлыққа тартылған оқитындарды әскери кафедрадағы оқу сабақтарын өткізу кезеңінде олардың қызметтік және функционалдық міндеттерін орындаумен байланысты емес қандай да бір іс-шараға қатыстыруға рұқсат етілмейді.

§ 6 параграф.Әскери кафедрадағы тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс

      134. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әскери кафедра ббір оқу жылына ЖОО-да тәрбие жұмысына жетекшілік ететін бөлімшелермен өзара іс-қимылда әзірлейді және оны ЖОО басшысы оқу жылы басталғанға дейін екі апта бұрын бекітеді. Жоспар әскери кафедрада және ЖОО ауқымында студенттермен тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты жүргізуді қамтиды.

      135. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс мақсаттары:

      студенттерде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын құрметтеуге бағытталған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, Қазақстан халқына және Президентіне адалдықты тәрбиелеу, Жалпы әскери жарғылардың талаптарын және командирлердің бұйрықтарын мүлтіксіз орындау, әрбір студенттің Отан қорғау бойынша әскери борышын орындау әзірлігі;

      студенттердің Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қолдауын, олардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жүктелген міндеттерді табысты шешуге моральдық-психологиялық әзірлігін қамтамасыз ету.

      136. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс міндеттері:

      1) халқымыздың ерлікке толы өткенін және Қарулы Күштердің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін және олардың қазіргі заманғы кезеңде шешетін міндеттерін насихаттау;

      2) конституциялық парызды орындау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерді тәрбиелеу;

      3) оқитындарда мемлекеттің саясатына адалдықты қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) әскери қызметтің барлық ауыртпалықтары мен тауқыметін көтеру әзірлігімен оларға жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін деңгейде оқитындарда күйзеліске тұрақтылықты қалыптастыру және ұстау;

      5) әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекет қабылдайтын қоғамдық-саяси мәселелер мен шараларда жоғары ақпараттылыққа қол жеткізу;

      6) оқитындарда бағдарламалармен көзделген лауазымдық міндеттерді мүлтіксіз орындауды, әскери тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін жеке қасиеттерді қалыптастыру;

      7) оқитындарда жоғары патриоттық сана-сезімді, Отанды қорғау үшін жеке жауапкершілікті, еліміздің Конституциясына адалдықты қалыптастыру;

      8) мемлекетке, оның конституциялық құрылымына қарсы бағытталған іріткі салатын идеологияға қарсы іс-қимыл, терроризм мен діни экстремизмді, оның кез-келген түрлері мен көріністерін қабылдамау атмосферасын жасау;

      9) жалпы мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру, қазақстандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне, рухани және адамгершілік құндылықтарына тарту, әр халықтың қадыр-қасиетін, ар-намысын, мәдениетін, тілі мен тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеу;

      10) салауатты өмір салтының дағдыларын тиімді қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды айқындау шеберлігі үшін кеңістікті жасау;

      11) оқитындарда логикалық, сын тұрғысынан және креативті ойлауды қалыптастыру.

      137. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарына мынадай тараулар қосылады:

      1) әскери-патриоттық жұмыс;

      2) көшбасшы қасиеттерін тәрбиелеу;

      3) әскери этика рухында тәрбиелеу;

      4) идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы іс-қимыл;

      5) мәдени-бос уақыт жұмысы;

      6) психологиялық жұмыс;

      7) имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс.

      138. Әскери-патриоттық жұмыс–оқитындарда патриотизмді, Қазақстан Республикасына адалдықты қалыптастыру, мемлекет мүддесінде өзін құрбан етуге әзірлікті қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамда әскери-патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда оқитындардың қатысуымен әскери-патриоттық іс-шараларды өткізу;

      139. Көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу - мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:

      көрнекті адамдармен кездесулерді ұйымдастыру, жастар ұйымдарының, пікірталас клубтарының, әскери-ғылыми қоғамдардың, көңілділер мен тапқырлар клубы командаларының қызметіне қатысу арқылы оқитындарда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бойынша;

      оқитындарды Республикалық, облыстық, қалалық ауқымдағы әскери-патриоттық жиындарға, әскери-спорттық ойындарға, эстафеталарға, спорттық командаларға қатыстыру, "Айбын" әскери-патриоттық слеттарға міндетті қатыстыру арқылы салауатты өмір салты культін қалыптастыру;

      өзін өзі бақылау, өзін өзі дамыту, мақсаттылық, ерік-жігер қасиеттері, ұрыста үрейді басу ептілігін, өзін өзі шектеу қабілеттеріне дағдылану арқылы мінезді және өзіндік тәртіпті қалыптастыру бойынша.

      140. Әскери этика рухында тәрбиелеу – оқитындарда мыналарды қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру:

      патриот, әскери кәсіби адам, сенімді Отан қорғаушысы азаматтың адамгершілік қасиеттері;

      әскери борыш, әскери жолдастық, әскери ар-намыс, жаужүректік, ерлік сияқты әскери-этикалық санаттар арқылы әскери ғибрат;

      білімділікке, жоғары мәдениет пен зияткерлікке бағдарланған қазіргі заманғы офицер этикеті.

      141. Идеологиялық жұмыс және ақпараттық қарсы іс-қимыл – қазақстандық мемлекеттілік, саяси жүйе мен әлеуметтік-экономикалық үлгі, ұлттық және әскери дәстүрлер негіздерін насихаттау бойынша іс-шараларды; мемлекетке, оның конституциялық құрылымына және Қазақстан Республикасының азаматтары арасында араздық тұтатуға және басқа да діни экстремистік мәндегі іріткі идеяларға қарсы бағытталған насихатқа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      142. Мәдени-бос уақыт жұмысыоқитындарда жалпы мәдениетті тәрбиелеу, әлемдік және қазақстандық өнерге тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдени дүниетанымын кеңейту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      143. Психологиялық жұмыс – кез келген жағдай шарттарында міндеттерді орындау кезінде қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, дамыту және қолдау, жеке құрамға ақпараттық-психологиялық ықпал етуге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

      144. Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс – Қарулы Күштердің имиджін, әскери кәсіптің беделін көтеру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

      145. Оқитындарға тәрбиелік ықпал ету үшін әскери кафедраның тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарына жүйелі түрде оқуға арналған кітаптар каталогы, жүйелі түрде қарауға арналған көркем және деректі фильдер каталогы қосылады.

      146. Әскери кафедраның тәрбие және патриоттық жұмыс жоспарына конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және тренингтерді өткізу жоспарланады.

      147. ЖОО-ның интернет-ресурсында әскери кафедраның парақшасы жұмыс істеуі тиіс. Парақшаның мазмұны және толықтырылуы үшін жауапты әскери кафедра бастығының орынбасары болып табылады. ЖОО-ның интернет-ресурсында парақшаны жаңарту қажеттілігіне қарай айына бір реттен сирек емес жүзеге асырылуы тиіс.

      ЖОО-ның интернет-ресурсындағы әскери кафедра парақшасы мынадай тарауларды қамтиды:

      1) байланыс ақпараты бар негізгі парақша;

      2) әскери кафедраға түсу қағидалары;

      3) басшылық туралы мәліметтер;

      4) тарихи анықтама;

      5) фото және бейнематериалдар;

      6) оқу үдерісі;

      7) шығармашылық жетістіктер;

      8) өзекті ақпарат.

      148. Әскери кафедрада тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс үдерісінің, оқитындардың сана-сезіміне, ерік-жігері мен сезімдеріне ықпал ету құралының құрамдас бөлігі ретінде мынадай тәрбиелеу әдістері қолданылады:

      1) жеке (тікелей) ықпал ету әдістері;

      2) ұжымдық (ұжым арқылы) ықпал ету әдістері;

      3) ынталандыру әдістері;

      4) бағалау және түзету әдістері.

      149. Оқитындардың тәрбие және әскери-патриоттық жұмысы жөніндегі міндеттер сабақтар үдерісінде және әскери кафедрадағы күн тәртібімен көзделген сағаттарда, сондай-ақ ЖОО-ның басқа кафедраларымен, факультеттерімен, қоғамдық ұйымдарымен, әскери бөлімдермен және мекемелермен бірлесіп, сабақтан тыс уақытта шешіледі.

§ 7 параграф. Оқу материалдық база

      150. Әскери кафедраның оқу материалдық базасы–бұл белгіленген мамандықтар бойынша оқитындар қатарынан запастағы офицерлерді даярлауды қамтамасыз ететін материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешені. Ол оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен көзделген барлық сабақтарды сапалы өткізуді, оқитындардың зерделейтін материалды толық меңгеруін, олардың командалық, әдістемелік және практикалық дағдыларды алуын қамтамасыз етуі және әскери істі, ғылымды, техниканы дамыту және қазіргі заманғы оқыту әдістемесінің деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

      151. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасының негізгі элементтері:

      1) оқу-жаттығу қару-жарағы мен оқу-жаттығу әскери техникасы, зертханалық жабдықтар, оқу-жаттықтыру құралдары, есептеу техникасы, техникалық оқыту құралдары, аспаптар, көрнекі құралдар және басқа да әскери-оқу-жаттығу мүлкі;

      2) аудиториялар (дәріс залдары), сыныптар, кабинеттер, зертханалар, кітапханалар, оқытушылар бөлмесі, зертханашылар бөлмесі, қаруды, әскери-техникалық мүлікті сақтау, құпиялық белгісі бар әдебиетпен жұмыс істеуге арналған бөлмелер және басқа да оқу және оқу-қосалқы үй-жайлар;

      3) арнайы оқу-жаттықтыру кешендері, оқу-жаттығу қалашықтары (оқ ату, инженерлік, химиялық, қарауыл, радиополигондар, миниатюр - полигондар), оқ ату тирлері, саптық плацтар және жалпыәскери және арнайы даярлық бойынша бағдарламаларды пысықтауға арналған басқа да объектілер;

      4) оқу-жаттығу шеберханалары, автомобиль гараждары, парк элементтері, әскери техниканы, қаруды, аспаптарды, әскери-оқу-жаттығу және басқа да мүлікті сақтауға арналған қоймалар;

      5) оқулықтар және оқу құралдары, оқу-әдістемелік құжаттар және басқа да материалдық және техникалық құралдар болып табылады.

      152. Әскери кафедралар қажет болған жағдайда оқу үдерісінде ҚР ҚМ әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарының, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының далалық оқу-жаттығу базасын пайдалана алады.

      153. Оның қызметін қамтамасыз ететін әскери кафедра ғимараттарының оқу-жаттығу алаңы, аудиторлық қоры, оқу-жаттығу зертханалары, оқу-жаттығу кабинеттері, кітапханалары, шеберханалары және басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитарлық нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      154. ҚР ҚМ бұйрығымен олар бекітілген әскери бөлімдер мен әскери оқу орындары әскери кафедраларды қазіргі заманғы оқу-жаттығу қару-жарағымен, оқу-жаттығу әскери техникасымен және әскери-техникалық мүлікпен қамтамасыз етеді.

      155. Әскери кафедраның орналасуы аудиторлық қордың оқшау болуын және әскери кафедра үшін белгіленген құпиялылық режімін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жалпы әскери жарғыларының талаптарына қатысты ішкі тәртіпті ұйымдастыру және қолдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      156. Әскери кафедраға бөлінетін оқу-жаттығу үй-жайлары оқыту бағдарламаларының пәндері бойынша жабдықталады және тек оқитындардың әскери даярлық бойынша сабақтары мен өздік жұмыстары үшін пайдаланылады.

      157. Аудиториялар, зертханалар және басқа да оқу үй-жайлары техникалық оқыту құралдарымен, қару-жарақ пен әскери техниканың табельдік үлгілерімен, аспаптармен, агрегаттармен және олардың макеттерімен жабдықталады.

      158. Практикалық даярлыққа арналған оқу-жаттықтыру кешендері, оқу-жаттығу қалашықтары және басқа да объектілер оқитындардың жоғары далалық машығын, оларға практикалық дағдылар мен шеберліктерді дарыту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      159. Әскери кафедраның оқу материалдық базасының объектілерін оқу үдерісіне, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс бойынша іс-шараларға жатпайтын қызметтер үшін пайдалануға жол берілмейді.

      160. Оқу сыныптарының саны әскери кафедрада оқу үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы тиіс және ол оқитындардың санына, оқу уақытының көлеміне және белгіленген әскери-есептік мамандықтарға байланысты айқындалады.

      161. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасын дамыту және жетілдіру әскери-есептік мамандықтардың перспективтік, жылдық жоспарлары мен паспорттарының негізінде жүзеге асырылады.

§ 8 параграф. Оқитындардың оқу жетістіктерін бағалауды және бітіру емтихандарын тапсыруды ұйымдастыру

      162. Барлық бақылау түрлері бойынша, сынақ-емтихан сессиясын және бітіру емтиханын өткізу кезінде оқитындардың оқу жетістіктері ЖОО-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.

      163. Үлгерімді ағымдағы бақылау олардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін айқындау мақсатында оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және силлабуспен айқындалатын бақылаудың әртүрлі түрлерімен жүзеге асырылады.

      164. Сынақ-емтихан сессиясы жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.

      165. Әрбір оқу пәні үшін бақылау түрі емтихан болып табылады, зертханалық, есептік-кесте тапсырмалары, курстық жұмыстар (жобалар), практикалардың барлық түрлері үшін қорғау болып табылады.

      166. Сынақ-емтихан сессиясын өткізуді ұйымдастыру әскери кафедра бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына жүктеледі.

      167. Емтихандар жазбаша, ауызша, тест, практикалық немесе аралас нысанда өткізіледі. Тестілеу түрі кезінде бір күнде екі немесе үш пән бойынша емтиханды белгілеуге рұқсат етіледі. Емтиханды өткізу түрі мен тәртібі силлабуспен белгіленеді.

      Емтиханға оқу үшін төлем бойынша қарызы жоқ, ЖОО-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша белгіленген үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша айқындалатын рұқсатнама рейтингісінің бағаларын жинаған оқитындар жіберіледі.

      168. Емтихандарды қабылдауды, зертханалық жұмыстарды,

      есептік-кестелік тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды жұмыс (тапсырма, жоба) жетекшісінің тікелей қатысуымен әскери кафедра бастығы тағайындаған комиссия жүзеге асырады. Комиссия құрамына мыналар кіреді: төраға–әскери кафедра бастығы орынбасарларының (цикл бастықтарының) қатарынан; комиссия мүшелері (кемінде екі адам) – әскери кафедра оқытушылары.

      Қорғау нәтижелері бойынша баға қойылады. Оқитын қанағаттанғысыз баға алған кезде жаңа тақырып бойынша жұмыс орындайды немесе әскери кафедра бастығы белгілеген мерзімде бұрынғы тақырыпты пысықтайды.

      169. Әскери кафедра бастығы жекелеген жағдайларда (науқастануы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша) оқитындарға емтихан сессиясын жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат береді.

      170. Емтиханды ауызша немесе жазбаша түрде өткізу үшін цикл осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан билеттерін әзірлейді.

      171. Емтихан билеттері әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында талқыланады, оған цикл бастығы қол қояды және әскери кафедра бастығы бекітеді. Әрбір емтихан билеті үш сұрақтан тұрады, оның біреуі практикалық болуы мүмкін. Емтихан билеттерінің саны взводтағы студенттер санынан 10%-ға артық болуы тиіс.

      172. Тест тапсырмаларының сұрақтарын циклдер әзірлейді, әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында талқыланады, оған цикл бастығы қол қояды және әскери кафедра бастығы бекітеді. Әрбір сұрақтың 4 жауап нұсқасы болады, олардың тек біреуі дұрыс және күрделілік деңгейі (жеңіл, орташа немесе қиын) болады. Тестілеу емтиханында оқитындар аудиторияға біруақытта отырғызылады. Жауаптың екі және одан да көп нұсқасы белгіленген жағдайда балдар есептелмейді. Тестілеу нәтижелері ЖОО-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.

      173. Емтихан уақытында оқитындар силлабусқа сәйкес әскери техниканы немесе оның макет түріндегі шартты суретін, модельдерді, тренажерлерді, қондырғыларды, стендтерді, сондай-ақ анықтамалықтарды, карталарды, кестелерді, плакаттарды пайдалана алады.

      174. Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған оқитындарға қанағаттанғысыз бағасы қойылып, емтиханнан шығарылады.

      Емтиханды қайта тапсыру, мерзімдері, емтихан комиссиясының құрамы әскери кафедра бастығының бұйрығымен белгіленеді.

      Емтиханды қайта тапсыру аралық аттестаттау аяқталғаннан кейін бір аптадан бұрын емес екі реттен артық емес жүзеге асырылады.

      175. Емтиханда алынған бағалар осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан ведомосіне енгізіледі.

      176. Емтихан ведомосі оқу взводына бір данада жасалады және оған әскери кафедра бастығы қол қояды.

      177. Емтихан үшін бағаны қою саясаты силлабуспен айқындалады.

      178. Емтихан бойынша оң бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға жол берілмейді.

      179. Жаңа академиялық кезең басталғанға дейін оқу қарызын жоймаған оқитындар әскери даярлықтан шеттетілуге жатады.

      180. Оқу пәні бойынша сынақ-емтихан сессиясын өткізу кезінде емтиханда алған баға және академиялық кезең бойы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасының орташа балы ескеріледі.

      181. Сынақ-емтихан сессиясына шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды оқытушылар үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде қояды.

      182. Бітіру емтиханыәскери даярлықтың қорытынды кезеңі болып табылады. Ол оқитындардың запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексеру мақсатын көздейді.

      Оқитындар бейіндік пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес бітіру емтиханын тапсырады. Бітіру емтиханына шығарылатын сұрақтар оқу-әдістемелік комиссияда қаралады, оны әскери кафедра бастығы бекітеді және оқитындарға емтихан басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жеткізіледі.

      183. Бітіру емтиханына ЖОО-ға қатысты білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша белгіленген, оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша айқындалатын рұқсатнаманың рейтингілік бағаларын алған оқитындар жіберіледі.

      Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша бітіру емтиханын дайындауға және өткізуге 3 жұмыс күні бөлінеді.

      184. Бітіру емтиханы бірнеше пәндердің сұрақтарын қамтитын теориялық және практикалық түрде жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.

      Бітіру емтиханының теориялық бөлігі аудиторияларда, ал практикалық бөлігі жергілікті жерде және полигондарда, парктерде, оқ ату және арнайы қалашықтарда, арнайы сыныптарда (зертханаларда) тапсырылады.

      185. Бітіру емтиханы қажетті оқу материалдық базаны пайдалана отырып, оқу-жаттығу жиынының (кәсіби практиканың) қорытынды кезеңінде өткізіледі және оқыту бағдарламасының көлемінде оқитындардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеруді қамтиды.

      Бітіру емтиханын оқу-жаттығу жиынын өткізген жерде қабылдауды ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде оны қабылдау әскери кафедрада ұйымдастырылады.

      186. Екі немесе одан да көп әскери-есептік мамандықтар бойынша оқитындарды даярлау жүзеге асырылатын әскери кафедраларда бітіру аттестаттау комиссиясы әрбір әскери-есептік мамандық бойынша шағын комиссияларға бөліне алады.

      187. Бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      Бітіру аттестаттау комиссиясы төрағасының ұсынуы бойынша бітіру емтихандарын қабылдау бойынша бітіру аттестаттау комиссиясының мынадай дербес құрамы тағайындалады:

      1) әскери кафедраның оқытушыларының – ЖОО басшысының бұйрығымен;

      2) әскери бөлім, әскери оқу орны өкілдерінің – тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен.

      188. Бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы бітіру емтиханы басталғанға дейін емтихан билеттерін, емтиханда жауапқа дайындалу барысында оқитындарға пайдалануға рұқсат етілетін анықтамалық сипаттағы көрнекі құралдар мен материалдардың тізбесін бекітеді, емтихан қабылдау тәртібін, білімдерін және практикалық дағдыларын бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды, сондай-ақ емтихандарды өткізу мәселелері жөнінде оқитындар мен офицерлерді жеке қабылдау уақытын айқындайды, комиссия мүшелерімен бітіру емтиханын ұйымдастыру бойынша нұсқау беру жиналысын өткізеді және олардың арасында өкілеттіктерді бөледі.

      189. Оқу жұмысына жетекшілік ететін әскери кафедра бастығының орынбасары бітіру аттестаттау комиссиясына бітіру емтиханына жіберілген оқитындардың тізімін, емтиханды өткізу кестесін, бітіру аттестаттау комиссия отырыстары хаттамаларының бланкілерін және басқа да қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынады.

      190. Бітіру емтиханының билеттері мен тапсырмалары әскери кафедра оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында әзірленеді және талқыланады. Әрбір билет 5 сұрақтан тұрады (олардың 1 – 2-уі практикалық). Билеттердегі сұрақтар бітіру емтиханына шығарылатын пәндер бойынша оқу бағдарламасының барлық тақырыптарын қамтуы тиіс. Билеттер саны емтихан тапсыратын взводтың оқитындарынан 10%-ға артық болуы тиіс.

      191. Бітіру емтиханы уақытында оқитындар бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы бекіткен тізбеге сәйкес әскери даярлық бағдарламаларын, сондай-ақ анықтамаларды, карталарды, кестелерді, макеттерді, плакаттарды пайдалана алады.

      192. Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған оқитындарға қанағаттанғысыз бағасы қойылып, емтиханнан шығарылады.

      193. Әскери даярлық бойынша бітіру емтиханын тапсыра алмаған оқитындар бір жылдан кейін тек бір рет әскери кафедрада бітіру емтихандарын тапсыру уақытында қайта тапсыруға жіберіледі.

      194. Емтихан тапсырушылардың білімін бағалауда келіспеушіліктер туындаған кезде соңғы шешімді бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы қабылдайды.

      195. Әрбір оқу взводының бітіру емтиханын тапсыру нәтижелері бітіру аттестаттау комиссиясының отырысында осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бітіру аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді, оған бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      196. Оқу жылындағы жұмыс, оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практиканы) өткізу нәтижелері, бітіру емтиханын қабылдау туралы есеп беру олар аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде БҒД-ға жолданады.

      197. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген және бітіру емтихандарын тапсырған оқитындар ЖОО-ны аяқтауы бойынша "запастағы лейтенант" әскери атағын беруге ұсынылады.

§ 9 параграф. Студенттерді әскери даярлықтан шеттету, оқыту түрін өзгерту, ауыстыру және қайта қабылдау

      198. Әскери даярлықтан шеттету Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес ЖОО басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      199. Оқитындар әскери даярлықтан:

      1) үлгермеушілігі;

      2) ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін;

      3) науқастануы, отбасы және қызметтік жағдайлар бойынша босатуларды қоспағанда академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының 16 сағатын босатуы;

      4) өзінің тілегі;

      5) денсаулық жағдайы;

      6) оқу үшін төлем жасамау бойынша шеттетіледі.

      200. Осы Қағидалардың 233-тармағының 1)-5) тармақшасы бойынша шеттетілген оқитындар әскери даярлыққа қайта қабылданбайды.

      201. Әскери даярлыққа қайта қабылдану құқығы тек оқуға төлем жасамағаны үшін шеттетілген оқитындарда бар. Олар шеттету туралы бұйрық шыққан сәттен бастап екі апта ішінде оқу үшін төлем жасаған кезде қайта қабылданады.

      202. Студентті қайта қабылдау және ауыстыру ЖОО басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      203. Өтелетін оқыту түрінен өтелмейтін оқыту түріне ауыстыру барлық оқыту кезеңі үдерісінде әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша ЖОО басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      204. Үлгерімі жақсы студенттерді көтермелеу үшін ЖОО басшысы өтелетін негізде әскери кафедрада оқыту құнын өтеу тәртібін белгілейді.

      205. Өтелетін оқыту түрінен өтелмейтін оқыту түріне ауысу: әскери даярлыққа тарту үшін іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес оқуға түсу кезінде жинаған рейтингілік балы бойынша әскери кафедрада оқытудың бірінші жылы ішінде жүзеге асырылады;

      Екінші жыл ішінде – әскери кафедрадағы оқудың бірінші жылының нәтижелері бойынша.

      Ауыстыруға ұсынылған кандидатура әскери кафедраның отырысында қаралады.

      206. Әскери даярлықтан өтіп жатқан және ЖОО басшысының бұйрығымен оқу үшін басқа ЖОО-ға (оның ішінде шет мемлекеттердің) жіберілген студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту кезеңінде әскери даярлықтан шеттетілмейді.

      Осы студенттер үшін ЖОО-ға келгеннен кейін әскери даярлық бағдарламасынан өтудің жеке кестесі жасалады, оны әскери кафедра бастығы бекітеді.

      207. ЖОО академиялық демалыс берген оқитындар академиялық демалыста болу уақытында әскери даярлықтан шеттетіледі. Академиялық демалыстың мерзімі аяқталуы бойынша мұндай оқитындар ЖОО басшысының бұйрығымен әскери кафедраға қайта қабылданады.

      208. Мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе өтелетін негізде әскери кафедрада оқитынды бір ЖОО-дан басқағаауыстыру ол бұдан бұрын оқыған әскери-есептік мамандық бойынша жүзеге асырылады.

      Ауысу өтелетін негізде оқуды жалғастыру үшін мүмкін болады.

      Осы әскери-есептік мамандық бойынша кандидаттар болмаған жағдайда өтелмейтін негізде оқыту үшін бос орын бар деп есептеледі.

      209. БҒД-мен және қарамағында осы ЖОО-лар бар министрліктермен келісу бойынша әскери кафедраға ауыстырылатын студентті әскери кафедраға оқуға қабылдау ЖОО басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары -

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас

      штабының бастығы

      _______________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

20__оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалдарында әскери-техникалық
және басқа да әскери мамандарды даярлау
жоспары

Р/с №

Филиалдар атауы

"ВС" әскери жүргізушісі

МТ-ЛБ механик жүргізушісі

Радиотелеграфшы

Әскери жүргізуші электрмеханик

ЖЖМ ТҚҚ әскери жүргізушісі

БАТ-М механик-жүргізушісі

Әскери жүргізуші-автокраншы

Барлығы

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II

I

II



















      Ескертпе: I-көктемгі кезең

      II-күзгі кезең

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы

      Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы

      ___________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық

      кәсіпорнының

      бас директоры

      _________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары -

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас

      штабының бастығы

      _______________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      20____ж. "____"___________________

20__оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі"Әскери-техникалық мектебі" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарында әскери
оқытылған резерв бағдарламасы бойынша әскерге шақырылушыларды
(әскери міндеттілерді) өтелетін негізде даярлау
жоспары

Р/с №

Филиалдар атауы

Барлығы

ҚІД атауы

Барлығы

оның ішінде айлар бойынша:

ақпан-наурыз

наурыз-сәуір

сәуір-мамыр

маусым-шілде

шілде-тамыз

тамыз-қыркүйек

қазан-қараша

қараша-желтоқсан

1.02-10.03

10.03-20.04

20.04-30.05

1.06-10.07

10.07-20.08

20.08-30.09

1.10-10.11

10.11-20.12


      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы

      Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы

      __________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Әскери-техникалық

      мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры

      _________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      ________________ облысы Қорғаныс істері

      жөніндегі департаментінің бастығы

      ______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      20____ ж. "___" _______________

20__оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу-жаттығу взводтарын
жасақтау және әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды
даярлау жоспар-кестесі

Мамандық, жасақтаушы ҚІД

Жоспар

Оқу мерзімдері

Сағаттар саны

Оқытушылардың, ӨО шеберлерінің тегі

Адам саны

Оқу-жаттығу взводтарының

№№

желтоқсан



қараша

Теориялық

сабақтар

ЛПС

Жүргізу (техникада жұмыс істеу)

1

2

3

4



15

16

17

18

19























Көктемгі әскерге шақыруға жиыны























































Күзгі әскерге шақыруға жиыны











ЖИЫНЫ












      Қорғаныс істері жөніндегі департамент Қазақстан Республикасы

      бастығының орынбасары Қорғаныс министрлігі

      _______________________________________ "Әскери-техникалық

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері) мектебі" республикалық

      мемлекеттік қазыналық

      кәсіпорны филиалының

      директоры

      _____________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

      Ескертпе:

      1. Бірінші данасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жолданады.

      2. Екінші данасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне жолданады.

      3. Үшінші данасы Астана, Алматы қалаларының және облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне жолданады.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандар даярлау үшін
комиссия іріктеген әскерге шақырылушылардың (әскери
міндеттілердің) атаулы тізімі

      _____________________________________________________________________

      (жергілікті әскери басқару органының атауы)

      ___________________________________________облысы №___оқу-жаттығу

      взводын________________жасақтау үшін___________________

      (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің

      "Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық

      кәсіпорны филиалының атауы)

      __________________________________________ мамандығы бойынша

      Оқудың басталуы______________________________________________________

      Оқудың аяқталуы _____________________________________________________

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы, айы

Білімі

Жұмыс орны, мамандығы

Үй мекенжайы

Беру немесе шығару себебі туралы белгі








      Комиссия төрағасы___________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Комиссия мүшелері _________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің

      М.О.

      20____жылғы "_____" _______________________

      20____жылғы "___" ____________оқу-жаттығу взводы___ адам құрамында

      _________________________________________________ өкілінің қатысуымен

      (жергілікті әскери басқару органының атауы)

      __________________________________________________, әскери-техникалық мектепті жасақтауға жауапты _________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Қабылдады: __________________________________________________________

      _______________________________________________________________ өкілі

      (Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының атауы)

      қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      Ескертпе: Атаулы тізім әліпби бойынша жасалады.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Өтелмейтін негізде оқитындардың әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау қозғалысын есепке алу журналы

№ п/п

Тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда)

Туған күні

Мамандық

Оқу кезеңі

ЖӘБО атауы

Әскерге шақырылған күні және әскери бөлім (немесе басқа шешім қабылданды)

Ескертпе









  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      Облыстың ЖӘБО

      бұрыштама мөртаңбасы

      №_______ нұсқама

      Әскерге шақырылушы__________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________ ЖӘБО бастығының шешіміне сәйкес Сіз 20__жылғы "__"___

      _________________________________________әскери-техникалық мамандығы бойынша даярлықтан өту үшін

      _______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      ____________________________________________________________________

      (ҚР Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының атауы көрсетілсін)

      қабылдандыңыз.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының ___бабы негізінде Сіз 20___жылғы "____" _______________ сағат "____" сабаққа келуге міндеттісіз.

      Сабаққа қатысу міндетті болып табылады.

      Сабақ ____________________________________________ өткізіледі.

      (әскерге шақыруды кейінге қалдырумен, сабақтың күндері мен

      сағаты көрсетілсін, күндізгі немесе кешкі уақытта)

      __________________________ облысы

      ЖӘБО бастығы

      ________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

      Келісілді Бекітемін

      Бастығы _______________________ ҚРҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасының басшысы

      _______________________________ _____________________________

      (ЖӘБО атауы) _______________________________ (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      (қолы, тегі)


      20__жылғы "____"______________



      №___ акт

      20___жылғы "__"__________№_____________бұйрығымен тағайындалған мынадай құрамдағы емтихан комиссиясы:

      төрағасы __________________________

      комиссия мүшелері __________________________________________________,

      _______________________________________ ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының әскерге шақырылушыларынан (әскери міндеттілерінен)

      ____________________________________________________мамандығы бойынша бітіру емтихандарын қабылдауды жүргізді

Р/с №

Т.А.Ә.

Емтихан нәтижелері

Жалпы баға

Жүргізуші куәлігі

Мектепті бітіргені туралы куәлік (сертификат)

Алғаны туралы қол қою

Бағалар

Оқу пәнінің атауы









1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Барлығы оқытылған ___ адам.

      Емтиханға жіберілген ____адам.____%

      Емтихан тапсырған ____адам.____%

      олардың ішінде: өте жақсы ____адам.____%

      жақсы ____адам.____%

      қанағаттанарлық ____адам.____%

      қанағаттанарлықсыз ____адам.____%

      орташа балл _________

      Ескертулер __________________________________________________________

      Ұсыныстар ___________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:_______________________

      Комиссия мүшелері: 1.___________________

      М.О. Актімен таныстым:

      Директор қолы Т.А.Ә.

      Келісілді Бекітілді

      ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы

      басшысы __________________ басқармасының басшысы

      ____________________ ұйымы ___________________________

      (қолы, тегі, аты-жөнінің бас (қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері) әріптері)

      20__жылғы "___"__________ 20__жылғы "___"_______________

      ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасы басшысының

      20___жылғы "__"__________№_____________бұйрығымен тағайындалған

      мынадай құрамдағы емтихан комиссиясы:

      төрағасы __________________________

      комиссия мүшелері __________________________________________________,

      _______________________________________ ҚР ҚМ мамандандырылған

      ұйымында ________ "Атқыш" мамандығы бойынша оқытылған

      ________взводының әскерге шақырушыларынан (әскери

      міндеттілерінен)20___жылғы "__"__________бітіру емтихандарын

      қабылдауды жүргізді

Р/с №

Т.А.Ә

Емтихан нәтижелері

Жалпы баға (орташа)

Мектепті бітіргені туралы куәлік (сертификат)

Алғаны туралы қол қою

Бағалар

Оқу пәнінің атауы













1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


















      Барлығы оқытылған ___ адам.

      Емтиханға жіберілген ____адам.____%

      Емтихан тапсырған ____адам.____%

      олардың ішінде: өте жақсы ____адам.____%

      жақсы ____адам.____%

      қанағаттанарлық ____адам.____%

      қанағаттанарлықсыз ____адам.____%

      орташа балл _________

      Ескертулер ____________________________________________________

      Ұсыныстар _____________________________________________________

      Комиссия төрағасы:______________________

      Комиссия мүшелері: 1.___________________

      2.___________________

      М.О.

      Актімен таныстым:

      ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшысы қолы Т.А.Ә.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
8-қосымша

      Нысан





  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
9-қосымша

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі

      1. Өтініш;

      2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);

      3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);

      4. 3х4 өлшемді 2 фотосурет;

      5. Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болған жағдайда) біреуінің не қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      6. Ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);

      7. Сотталғанының және әкімшілік құқықбұзушылықтарының жоқ екендігі туралы анықтама;

      8. Спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған жағдайда);

      9. Жеке істі ресімдеуге арналған көрінетін екі файл.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

      Әскери кафедра бастығына

      ___________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      Студенттен ________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      ___________________________________________

      (факультеттің, топтың атауы)

      ___________________________________________

      (студенттін тегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      "Белгіленген тәртіппен конкурстан өту

      үшін жіберілсін"

      __________________________________

      (әскери кафедра бастығының қолы)

      20___жылғы "____" _______________

Өтініш

      Сізден мені әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      __________________________ шарт негізінде (грант және т.б.бойынша)

      _____________ ______________________мамандығы бойынша оқимын.

      (шифр) (мамандықтың атауы)

      Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларының талаптарымен таныстым, орындауға міндеттенемін.

      20___ж. "____" ________________ ____________________

      (толтырылған күні) (студенттің қолы)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
11-қосымша

      Нысан



      Ескерту: қолхат толтырылғаннан кейін бір жағы студенттің қолына беріледі, екіншісі әскери кафедраның іс жүргізу бөлімінде қалады.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
12-қосымша

Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының
болмау фактісін растайтын құжаттар:

      1. Қайтыс болғаны туралы куәлік;

      2. Ата-анасының ата-ана құқықтарынан айыру туралы, оларды ата-ана құқықтарынан шектеу, ата-анасының хабарсыз кеткенін тану, қабілетсіз (шектеулі қабілетсіз), олардың қайтыс болғаны туралы сот шешімі;

      3. Ата-анасын іздестіруді, баланы (балаларды) ата-анасынан алуды, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімде емделуде болуынрастайтын құжаттар, баланы тастап кету туралы актісі.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
13-қосымша

      Нысан

      Факультетте (институтта) оқитын студенттердің тізімі

      _____________________________________________________________________

      (әскери оқу орнының, факультеттің(институттың)атауы)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні, айы, жылы

Азаматтығы

Мамандығының шифрі

Оқу курсы

Оқу тобы

Ескертпе

1.








2.









      _________________________________________________________________

      Декан (директордың) қолы

      20 ____ж."___" _________

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
14-қосымша

Студент – жігіттер үшін денетәрбиесібойынша нормативтер

Р/с №

Бақылау жаттығулары

Бағалау

"5"

"4"

"3"

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белағашқа тартылу (саны)

12

10

8


      Студент – қыздар үшін денетәрбиесібойынша нормативтер

Р/с

Бақылау жаттығулары

Бағалау

"5"

"4"

"3"

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны)

25

20

15

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
15-қосымша

      Нысан

ЖОО _______________________________________әскери кафедрасына
әскери даярлыққа студенттерді тарту үшін студенттерді іріктеу
бойынша конкурстық комиссия отырысының
хаттамасы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні,айы,жылы

Факультет

Мамандық шифрі

Оқыту курсы

Оқу тобы

ӘДК шешімі

Психологиялық тестілеудің нәтижелері

Кәсіби-психологиялық іріктеу балдары

Медкомиссия нәтижелері бойынша балдары

Денедайындағы бойынша балдар

Оқу үлгерімі бойынша балдар

Жеңілдік балдары

Қорытынды рейтингілік балл

Комиссия шешімі

1.
















2.
















3.
















4.
















5.
















6.
















  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
16-қосымша

      Нысан

      Әскери кафедра бастығына______________________

      ___________________________________ студенттен

      (ЖОО атауы)

      ______________________________________________

      (факультеттің,топтың атауы)

      ______________________________________________

      (студенттіңтегі, аты-жөнінің бас әріптері)

      "Өтелетін негізінде әскери дайындыққа

      тартылсын"

      _______________________________

      (әскерикафедра бастығының қолы)

      "____" _______________ 20___ж.

Өтініш

      Мені өтелетін негізде әскери кафедрада оқу үшін алуыңызды сұраймын.

      _______________________________келісімшарт бойынша(грант немесе т.б.)

      ____________ _____________________мамандығы бойынша оқимын.

      (шифр) (мамандығының атауы)

      Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларымен таныстым, орындауға міндеттенемін.

      20___ж. "____" __________________ ________________________

      (толтырылған күні) (студенттің қолы)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
17-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      Ректор

      _______________________

      _______________________

      20__ жылғы"__" _________

      _________________________

      (оқу орнының атауы)

      _______________________ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

      (үлгі нысаны)

      ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІ КӨЛЕМІНІҢ

      ЕСЕБІ

Р/с №

Лауазымы, әскери атағы,

аты-жөні

Пәннің атауы

Әскери оқудың жылы, ӘЕМ

нөмірі, оқу взводтың

Сағат саны

Күзгі академиялық кезең

Көктемгі академиялық кезең

Жалпы академиялық кезеніне

Оқу-жаттығу жиынына

Кәсіби практикаға

Жалпы оқу жылына

Дәрістер

Топтық сабақтар

Топтық жаттығулар

Тәжірибелік (зертханалық) сабақтар взвод/топ

Семинарлар

Жаттығулар

Консультацииялар

Емтихандар

Оқытушымен өздік жұмысы

Барлығы

Дәрістер

Топтық сабақтар

Топтық жаттығулар

Тәжірибелік (зертханалық) сабақтар взвод/топ

Семинарлар

Жаттығулар

Консультацииялар

Емтихандар

Оқытушы мен өздік жұмысы

Барлығы

1.

Әскери кафедра бастығы

Тактикалық дайындық


























Әскери тарих


























ЖИЫНЫ:

























2.




























ЖИЫНЫ:

























КАФЕДРА БОЙЫНШАБАРЛЫҒЫ:


























      Әскери кафедра бастығы

      _________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
18-қосымша

      Нысан

      _________________________________________________________

      (ЖОО атауы)

      ӘСКЕРИ КАФЕДРА

      БЕКІТЕМІН

      Әскери кафедра бастығы

      ____________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөні)

      "____" ____________________ 20___ ж.

      ӘЕМ – _________ оқитын студенттер үшін "______________" пән бойынша

      емтихан билеттері

      Әскери кафедра ОӘК отырысында талқыланды ___________

      20___ ж"_____"________________

      Хаттама № ________

      Нақтыланды20___ ж. "____" ___________

      20___ ж. "____" ___________

      20___ ж. "____" ___________

      № 1 билет

      1. Артиллериялық қаруды жіктеу және оның сипаттамасы.

      2. Артиллериялық қару ТТС, мақсаты, жалпы құрылғысы.

      3. 122 мм Г Д-30 құрылғыларының көздеуін тексеру.

      № 2 билет

      Цикл бастығы___________________

      ____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөні)

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
19-қосымша

      Нысан

№____ЕМТИХАН ВЕДОМОСІ

(үлгі)

“_____” ______________ 20__ж.

20__- 20__ оқу жылындағы_____ академиялық кезең

Бақылау түрі–емтихан

ӘЕМ - ___________________ _______________ оқу взводы

____________________________________________________

(пән атауы)


Р/с №

Аты-жөні

Емтихан бағасы

(балдық-рейтингілік жүйе бойынша)

Емтихан комиссиясы төрағасының қолы

Балл саны

Әріптік жүйе бойынша баға

1.





2.






      Тізім бойынша: ____________________________________________

      Емтиханға қатысқан студенттер саны ________________________

      Жалпы балл бойынша тапсырғандар:

      90-нан 100 балға дейін _____ адам

      75 – тен 89 балға дейін ___адам

      50 – ден 74 балға дейін ___ адам

      0 - ден 49 балға дейін ___ адам

      Емтиханға келмеген студенттер саны ____________________________

      Емтиханға жіберілмеген студенттер саны ________________________

      Емтихан комиссиясы төрағасы _________________________________________

      әскери атағы, қолы, аты-жөні

      Емтихан комиссиясы мүшелері__________________________________________

      әскери атағы, қолы, аты-жөні

      Әскери кафедра бастығы ______________________________________________

      әскери атағы, қолы, аты-жөні

      Ескертпе: студенттер емтиханда ЖОО пайдаланатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.

  Азаматтарды әскери қызметке
даярлау қағидаларына
20-қосымша

      Нысан

      Бітіру аттестаттау комиссиясы отырысының

      Х А Т Т А М А С Ы

      20__ ж. "____"__________________

      Қатысқандар:

      Бітіру аттестаттау комиссиясының төрағасы:

      ______________________________________________________________

      Бітіру аттестаттау комиссиясының мүшелері:

      ______________________________________________________________

      Бітіру аттестаттау комиссиясының хатшысы: _____________________

      1. Әскери дайындық бойынша емтихан тапсырған студенттер

      ____________________________________________________

      (ӘОО атауы)

      Оқу взводы ____________________,

      (оқу взвод номері)

      әскери-есептік мамандық бойыншаоқитын_______________

      (ӘЕМ атауы)

      2. Студенттер бітіру емтиханында мынадай нәтижелер көрсетті:

Р/с

Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

Алынған бағалар (балдық-рейтингілік жүйе бойынша)

1 теориялық сұрақ

2 теориялық сұрақ

3 теориялық сұрақ

4 тәжірибелік сұрақ

5 тәжірибелік сұрақ

орташа балл










      3. Орташабалл есебімен тапсырды:

      90-нан 100 балға дейін___ адам. (_%), 75-тен 89 балға дейін ___ адам (_%), 50- ден 74 балға дейін___ адам (_%), 0- ден 49 балға дейін ____(_%).

      4.Студенттердің пән бойынша жалпы кемшіліктері:________________________________________________________

      5. ҚОРЫТЫНДЫ. 50 балдан жоғары алған студенттерге ӘЕМ _________

      бойынша запастағы офицер әскери атағын беруге лайықты (ӘЕМ атауы)

      Студент _____________________________ ЖОО-ны бітіргенге дейін бітіру

      (аты-жөні)

      емтиханын қайта тапсыруға жіберіледі.

      Бітіру аттестаттау комиссияның төрағасы ____________________________

      (әскери атағы, қолы)

      Бітіру аттестаттау комиссиясының мүшелері: __________________________ (әскери атағы, қолы)

      Бітіру аттестаттау комиссиясының хатшысы: __________________________

      (әскери атағы, қолы)

      Ескертпе: студенттер емтиханда ЖОО пайдаланатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады.