«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1396 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 15, 368-құжат).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы М. Тілеуберді
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
______________ В. Жұмақанов
2016 жылғы 2 шілде
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 11-1-2/263 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша
тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20 желтоқсандағы Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою және есептен шығару тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11240 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың есебін жүргізуде қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдегі мекеме) тиісті консулдық округтің аумағында Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
4. Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
2) болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.
5. Есепке қою кезiнде консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасының азаматтарына елде болу қағидалары мен шарттары және оның заңдарын сақтау қажеттiлiгi туралы түсіндіреді.
2-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою
6. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің шетелдегі мекемеге еркін нысанда берген жеке өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысына сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
7. Есепке қою кезінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасын (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) толтырады.
8. Консулдық лауазымды адам есепке алу карточкасында көрсетілген мәліметтерді «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) енгізеді.
9. Есепке қою кезінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортына осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес қосымша бет қоса тіркеледі.
Паспорттың қосымша бетіне осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес мөртабан қойылады.
10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматынан немесе оның заңды өкілінен есепке алу карточкасында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат келген жағдайда консулдық лауазымды адам ондағы есептік деректерді түзейді және «Бүркіт» БАЖ-ға қосымша мәліметті енгізеді.
11. Басқа шетелдегі мекемеде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматын есепке қойған жағдайда, есепке қою туралы өтініш келіп түскен шетелдегі мекеменің консулдық лауазымды адамы осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді орындайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы бұрынғы қосымша бетті жояды және Қазақстан Республикасының азаматы есепте тұрған шетелдегі мекемеге осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде еркін нысанда хабарлама жолдайды.
3-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою
12. Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің шетелдегі мекемеге еркін нысанда берген жеке өтініші негізінде немесе пошталық байланыс арналары бойынша құжаттарды жіберу арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.
13. Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.
14. Есепке қою кезінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасын (бұдан әрі – карточка) толтырады.
15. Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет берілусіз жүзеге асырылады.
Консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша еркін түрде жасалған есепке қою туралы анықтаманы береді.
16. Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматынан немесе оның заңды өкілінен карточкада көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат келген жағдайда консулдық лауазымды адам ондағы есептік деректерді түзейді.
4-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және
уақытша тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтарын есептен шығару
17. Қазақстан Республикасының азаматы келесі жағдайда есептен шығарылады:
1) өзі немесе оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне есептен шығу туралы еркін нысанда жасалған өтініш берсе;
2) оның Қазақстан Республикасының басқа шетелдегі мекемесінде есепке қойылғаны туралы хабарлама келсе;
3) есеп карточкасында/карточкада көрсетілген консулдық округ аумағындағы, уақытша орналасу немесе тұрақты тұру мерзімі аяқталса;
4) қайтыс болса, оның хабар-ошарсыз кеткені немесе қайтыс болғаны туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.
18. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару есеп карточкасына және карточкаға есептен шығарылғаны туралы жазба енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығаруды жүзеге асыру кезінде консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бетке есептен шығарылғаны туралы жазба енгізеді, есеп карточкасындағы есептік деректерді түзейді және «Бүркіт» БАЖ-ға қосымша мәліметті енгізеді.
19. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және шетелдегі мекемеде есептен шықпаған Қазақстан Республикасының азаматын есептен шығаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасынан
тыс жерде тұрақты және
уақытша тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының
есебін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі
мекемесінің атауы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
Фото |
1. Тегі, аты, әкесінің аты (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз,
пайдаланған барлық тектеріңізді атаңыз) _____________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Білімі мен мамандығы, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз _____
_____________________________________________________________________
6. Шетелге шығудың мақсаты және күні ________________________________
7. Қазақстан Республикасында бұрынғы тұрғылықты мекенжайы ___________
_____________________________________________________________________
8. Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы мен телефон нөмірі (e-mail)________
_____________________________________________________________________
9. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы _______________________________
_____________________________________________________________________
10. Қазақстанда туыстарыңыз бар ма, олардың тектері мен мекенжайлары
_____________________________________________________________________
11. Паспорттың нөмірі, қашан және кім берді, қолдану мерзімі ________
12. Паспортқа енгізілген адамдар ____________________________________
13. Паспорттың мерзімін ұзарту және ауыстыру туралы белгілер ________
14. Жергілікті билік берген құжаттардың көшірмелері _________________
15. Ерекше белгілер _________________________________________________
Қолы____________ 20___ жылғы ___________
Қазақстан Республикасынан
тыс жерде тұрақты және
уақытша тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының
есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасынан
тыс жерде тұрақты және
уақытша тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының
есебін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасынан
тыс жерде тұрақты және
уақытша тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарының
есебін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі
мекемесінің атауы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
Фото |
1. Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда) (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз, пайдаланған барлық тектеріңізді атаңыз)________________
_____________________________________________________________________
2. Туған жерi және күнi _____________________________________________
3. Паспорттың №, қашан және кiм бердi _______________________________
4. Паспорттың қолдану мерзiмi және ұзарту туралы белгiлер ___________
_____________________________________________________________________
5. Паспортқа енгiзiлген адамдар _____________________________________
_____________________________________________________________________
6. Болу елдерi визаларының жарамдылығы немесе рұқсат мерзiмi ________
_____________________________________________________________________
7. Сапардың мақсаты: ________________________________________________
8. Жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту және т.б. __________________________
9. Тұрғылықты жерiнiң мекенжайы және телефон нөмiрi _________________
10. Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты мекенжайы
_____________________________________________________________________
11. Ерекше белгiлер _________________________________________________
Қолы___________ 20__ жылғы «____» __________