ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 5, 11, 12, 13-тармақтарын және 17-тармақтың 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
201 __ жылғы "____" _____
______________ Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығымен бекітілген |
Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бала қонақтайтын отбасы – барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар) (бұдан әрі – ұйым), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы.
2) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін бала қонақтайтын отбасында болу мерзімін тараптардың келісімі бойынша мемлекеттің қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – орган) айқындайды, бірақ бір айдан аспайды.
Мектеп жасындағы балалар үшін қонақтар отбасында болу мерзімдерін тараптардың келісімі бойынша, білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (демалыс, демалыс және мереке күндері) орган айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Бала (балалар) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар, бала (балалар) тұрып жатқан ұйым және баланың (балалардың) тұрғылықты жері бойынша орган арасында жасалған бала (балалар) қонақтайтын отбасына беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 374 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемі және баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдаған адамның еңбегіне ақы төлеу жүргізілмейді.
5. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру жүзеге асырылады.
6. Республикалық деректер банкінде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтер қамтылған.
2-тарау. Балаларды қонақтайтын отбасына беруді ұйымдастыру
7. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдарды іріктеуді органдар жүзеге асырады.
8. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
4) егер олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
6) баланы қонақтайтын отбасына белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;
7) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
8) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
9) азаматтығы жоқ адамдарды;
10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдарды;
11) бала қонақтайтын отбасына баланы рәсімдеу кезінде қамқорлыққа алушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Кодекстің 91-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген азаматтарды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда кәмелетке толған адамдар ғана қабылдай алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 374 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Баланы қонақтайтан отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның тұрғылықты жері бойынша органға мыналарды:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімін;
4) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және немесе егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) соңғы 12 ай үшін табысы туралы мәліметтерді;
5) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
6) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
7) неке қию туралы куәлік (егер некеде тұрса);
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификат (жақын туыстарын қоспағанда) береді.
Тізбенің 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды орган "Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21329 болып тіркелген) сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Баланы қонақтайтын отбасына және жұбайына (зайыбына) алуға ниет білдірген адамның (егер некеде тұрса) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Орган үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісін жүргізеді және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Баланы бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.
Берілген сәттен бастап 12 ай ішінде жарамды болатын қорытынды негізінде орган баланы таңдау үшін ұйымға жолдама береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Орган он қорытынды негізінде бала қонақтайтын отбасына үміткерлер туралы мәліметті Республикалық деректер банкіне енгізеді.
12. Бала қонақтайтын отбасына үміткерлер Республикалық деректер банкінде баланы таңдауды жүзеге асырады және балаға баруға автоматты түрде қалыптастырылған жолдаманы алады.
13. Бала асырап алушыларға, қамқоршыларға (қорғаншыларға), патронаттық тәрбиешілерге, баланы қабылдайтын ата-аналарға үміткер ретінде Республикалық деректер банкінде есепте тұрған адамдар автоматты түрде бала қонақтайтын отбасына үміткерлер болып танылады.
14. Органның шартты жасасудан бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымданады.
15. Балалардың мүдделеріне сай келетін не балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді-қарындастарды ажыратуға жол берілмейді.
16. Он жасқа толған балаларды қонақтайтын отбасына беру оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.
17. Бала (балалар) қонақтайтын отбасына берілетін ұйым:
1) баланың қонақтайтын отбасына беру туралы пікірін анықтайды;
2) адамдарға бала қонақтайтын отбасына бала (балалар) туралы мәлімет ұсынады;
3) баламен (балалармен) қатынасу үшін жағдай жасайды;
4) баланы қонақтайтын отбасына берудің мерзімін келіседі;
5) үміткер мен бала арасында орын алған өзара қарым-қатынасты ескере отырып, Республикалық деректер банкінен таңдау нәтижесі туралы мәліметті толтырады;
6) шарт жасасқаннан кейін ұйымның бұйрығы негізінде баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беруді жүзеге асырады;
7) бала қонақтайтын отбасына берілген балаларды есепке алуды жүргізеді.
18. Баланың тұрғылықты жері бойынша іріктеудің оң нәтижелері болған кезде орган Кодекстің 137-1 бабына сәйкес шарт жасасады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 374 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына берудің әр жағдайы бойынша ұйымда бөлек бұйрық шығады.
20. Бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады.
21. Ұйым бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға:
1) заңда белгіленген тәртіппен расталған баланың (балалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде балаға (балаларға) қажетті медициналық құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
22. Ұйым бала қонақтайтын отбасына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
23. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (науқастану, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасында жанжалдар және басқалар) болған кезде бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша;
2) баланы (балалардың) күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде органның, бала тұрып жатқан ұйымның бастамасы бойынша;
3) бала қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, асырап алған отбасына, патронатқа берілген немесе баланы асырап алған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 374 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Баланың (балалардың) өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органы баланы қонақтайтын отбасынан шұғыл түрде алып қою жөнінде шараларды қолданады.
25. Кодекстің 137-3 бабының талаптарына сәйкес тілек білдірген адам баланы бала қонақтайтын отбасына қабылдайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2022 № 374 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі заңды өкілдердің міндеттерін тоқтатпайды.
27. Бала қонақтайтын отбасына берілген баланы (балаларды) бақылауды баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдаған тұлғаның тұратын жері бойынша орган жүзеге асырады.
Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге № 1 қосымша |
|
нысан |
Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы
ШАРТ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№__________ | 20 ____ жылғы "__"________ |
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 137-2-бабының негізінде қорғаншылық және қамқоршылық функциясын жүзеге асыратын органның (бұдан әрі - орган) атынан __________________________________
(уәкілетті лауазымды тұлғаның аты-жөні (бар болса), жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым) басшысы атынан _________________, бала
қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адам атынан
__________________________________________________________________
(аты-жөні толығымен (бар болса), жеке куәлік нөмірі, қашан және кім берген, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – жеке сәйкестендіру нөмірі) төмендегілер туралы Шарт жасасты:
1. Шарттың мәні
Орган ұйымынан ___________________________________________________ (баланың аты-жөні (бар болса), туған жылы, туу туралы куәліктің №, жеке сәйкестендіру нөмірі)
баланы бала қонақтайтын отбасына тәрбиелеуге береді.
2. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқықтары мен міндеттері
1. Бала қонақтайтын отбасына берілген баланың (балалардың) өмір сүру жағдайын, күтімі мен тәрбиесін бақылауды іске асыру;
2. Отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік көмек көрсету;
3. Егер баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер туындаған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы баланы қонақтайтын отбасынан дереу қайтарып алу бойынша шара қабылдайды.
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
1. Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде белгіленген тізбеге сәйкес бала туралы мәліметті бала қонақтайтын отбасына беру;
2. Бала қонақтайтын отбасына әлеуметтік, медициналық, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша қызмет көрсету;
3. Баланың тәрбиелену және өмір-сүру жағдайын тексеру мақсатында бала қонақтайтын отбасына бару.
4. Бала қонақтайтын отбасының құқықтары мен міндеттері
1. Бала қонақтайтын отбасының:
1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетуге;
2) баланы (балаларды) медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастыру жағдайларын не қосымша білім беру ұйымдарына бару кезеңін қоспағанда, баланы (балаларды) үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;
3) баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқығы жоқ.
2. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам:
1) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде оның (балалардың) өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болуға;
2) бала қонақтайтын отбасына тәрбиелеуге қабылданған баланың (балалардың) құқықтарын сақтауға;
3) шарттың мерзімі ішінде ұйымның әкімшілігімен үнемі байланыс жасап тұруға;
4) заңды өкілдерге шарт талаптарының өзгеруіне әкеп соғатын фактілер туралы уақтылы хабарлауға (кету, тұрғылықты жерін ауыстыру және т. б.);
5) баланың бала қонақтайтын отбасында болу шартында көрсетілген мерзімдері аяқталғаннан кейін баланы (балаларды) қабылдау туралы акт бойынша баланы (балаларды) ұйымға уақтылы қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті;
6) жиырма төрт сағат ішінде органдар мен бала (балалар) тұрған ұйымға баланың (балалардың) өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, оның науқастанғаны, жарақат алғаны, оның медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастырғаны туралы хабарлайды;
7) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде баланы (балаларды) тәрбиелеу және күтіп-бағу үшін жағдайлар жасауға міндетті, бос уақытын және пайдалы дағдыларға оқытуды ұйымдастырады;
8) шартта белгіленген мерзімдерге сәйкес баланы (балаларды) ұйымға уақтылы қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті;
5. Шарттың қолданылу мерзімі
1. Осы шарт _________ айға, келесі каникул, демалыс және мереке күндері кезеңіне жасалады ____________________________________________________ (күндері көрсетіледі) және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2. Бала қонақтайтын отбасына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру туралы шарт:
1) баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша дәлелді себептер болған кезде (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы дау-жанжалдар және басқалар);
2) баланы күтіп – бағу, тәрбиелеу немесе қамқоршылық үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
3) бала қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, қабылдап алған отбасына, патронатқа берілген немесе баланы асырап алған беру жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
3. Осы шартты орындау процесінде тараптар арасында туындаған дауларды өзара келісілген шешімге келу мақсатында тараптар туындағаннан кейін бір ай мерзімде қарайды, келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі.
1-тарап
Органы
_______________________________
мөрдің орны
20_ жылғы "___" ___________________.
2-тарап
Бала қонақтайтын отбасы:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________
Тұрғылықты жерінің мекенжайы
_________________________________
__________________ қолы
20_жылғы "___" _________________.
3-тарап
Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйым
___________________________
20_ жылғы "___" ____________.
мөрдің орны
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, _________________________________________________________________
______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), жылы туған). ___________________________________________________
(баланың (балалардың) (тегі, аты, әкесінің аты бар болса)
_____________________________________________________________________
бала қонақтайтын отбасына қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды беруді сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымды тексеріп-қарауға қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 __ жылғы "___" ____________
тұлғаның қолы
Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
АКТІСІ
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тексеріп-қарау жүргізілген күні __________________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген
_____________________________________________________________________
(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
_____________________________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның мекенжайы және телефоны:
_____________________________________________________________________
1. Тұрмыс жағдайына тексеру жүргізілді
(тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса) туған күні) _____________________________
Жеке куәлік құжаты ___________________________________________________
Мекенжайы (тіркелген жері бойынша) ____________________________________
Нақты тұрғылықты жері ________________________________________________
Білімі ________________________________________________________________
Жұмыс орны
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
Зайыбының жеке куәлік құжаты __________________________________________
Зайыбының мекенжайы (тіркелген жері бойынша) __________________________
Зайыбының нақты тұрғылықты жері ______________________________________
Зайыбының білімі _____________________________________________________
Зайыбының жұмыс орны _______________________________________________
2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы
Үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжат
_____________________________________________________________________
Тұрғын үй меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
Жалпы ауданы _____(шаршы метр) тұрғылықты ауданы______(шаршы метр)
Тұрғын бөлмелердің саны ______________________________________________
Тіркелгендер _________________________________________________________
(тұрақты, уақытша)
Тұрғын үйдің жайлылығы ______________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі _____________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын-үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орынның,
сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың бар болуы)
_____________________________________________________________________
3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Жұмыс орны, лауазымы немесе оқу орны | Туыстық қатынастары | Ескертпе |
4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома ________________,
оның ішінде жалақы, басқа да табыстар ______________________________ (жазу).
5. Бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың сипаттамасы (отбасындағы жеке
тұлғалық қарым-қатынасы, жәке тұлғалық қарым-қатынасы, қызығушылығы,
балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы мүшелерінің балаларды
қабылдауға дайындығы) ____________________________________
6. Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдау себебі:
_____________________________________________________________________
7. Қорытынды (баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына беру үшін
жағдайдың бар болуы) _________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
_______________
(күні)
Таныстым: ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қонақтайтын отбасы кандидатуралардың қолы)
Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге № 4 қосымша |
|
нысан |
Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың мүмкіндігі/мүмкін
еместігі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.06.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Т.А.Ә., (бар болса), туған күні _____________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса), туған күні _____________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Отбасының сипаттамасы: _______________________________________________
Білімі және кәсіптік қызметі _____________________________________________
Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы ______________________________________
Отбасында тәрбиелену үшін баланың қабылдану себебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Баланың кандидатурасы бойынша тілектері
_____________________________________________________________________
Қорытынды
_____________________________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы, мөр орны