2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9015 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10969 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 30 маусым
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен бекітілді |
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1-тарау. Басшылар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Ұйымның басшысы
1. Лауазымдық міндеттері:
қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;
ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;
педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;
ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;
барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;
жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;
қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;
тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады.
2. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (бұдан – әрі Конституция);
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі);
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексі" (бұдан әрі – Салық кодексі);
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан – әрі Еңбек кодексі);
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан – әрі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы);
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан – әрі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы);
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан – әрі "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы);
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан – әрі "Білім туралы" Заңы);
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан – әрі "Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы);
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан – әрі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы);
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы);
дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы (бұдан – әрі № 106 бұйрығы), Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген;
педагогика, психология, физиология негіздері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.12.2019 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика", "Құқықтану", "Экономика" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2-параграф. Басшының орынбасары
(негізгі қызметі бойынша)
4. Лауазымдық міндеттері:
ұйымның бірінші басшысының басшылығымен және құрылымдар мен қызметтің басшыларымен өзара әрекет ете отырып, міндеттерін орындайды;
өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді;
спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді үйлестіреді;
спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады;
жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және өткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
спортшылардың оқу-жаттығу процесін орындауын, оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді;
спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ұйымдағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді;
спортшыларды дайындаудың перспективалық, ағымдағы және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырын бекітеді;
спорт түрлері бойынша ұйым спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді;
құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді.
5. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
№ 106 бұйрығы;
педагогика, психология, физиология негіздері.
6. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика", "Құқықтану", "Қоғамдық ғылымдар", "Экономика және бизнес" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 5 жыл, немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда басшылық лауазымында жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.
3-праграф. Басшының орынбасары
(қаржы және ұйымдастыру қызметі бойынша)
7. Лауазымдық міндеттері:
жүктелген өкілеттік шегінде әкімшілік-шаруашылық қызметтері мәселелерін шешеді;
лауазымды тұлғаларға – құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;
ұйымның белгіленген есептік құжаттамасын сапалы және уақытылы жасауды қамтамасыз етеді;
бөлімшенің қызметінде заңдылық сақтауды және олардың қаржылық басқару, келісімшарт және қаржылық тәртіптерді, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайта отырып, құқықтық тәсілдерді пайдалануда шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды, еңбекте қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
құрылымдық бөлімшелерде еңбек тәртібін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын;
ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару.
9. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика" (дене шынықтыру және спорт), "Құқықтану", "Қоғамдық ғылымдар", "Экономика және бизнес" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 5 жыл, немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда басшылық лауазымында жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.
4-параграф. Мемлекеттік жаттықтырушы
10. Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту стратегиясын айқындайды;
спорт түрі (түрлері) бойынша федерациялармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, Қазақстан Республикасының өңірлерінде спорт түрін (түрлерін) насихаттауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың, Республика құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың, мамандардың жұмысын үйлестіреді;
спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) пайдалану жағдайларын алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастырады;
республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарын, спорт түрі (түрлері) бойынша бірыңғай спорттық сыныптаманы әзірлейді;
Қазақстан Республикасында спорт түрі (түрлері) бойынша жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды;
Қазақстан Республикасының штаттық және ұлттық құрама командасының құрамына үміткерлерді алу үшін ұсыныстар енгізеді;
олимпиадаға спортшыларды даярлаудың кешенді нысаналы бағдарламасын әзірлеуге қатысады, оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
спорт түрі (түрлері) бойынша республиканың ұлттық құрама командасы спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа технологияларды қолдану есебінен жоғары нәтижелер көрсетуді қамтамасыз етеді;
спортшылардың өнер көрсету қорытындыларының негізінде дайындық жоспарын түзету бойынша ұсыныстар енгізеді және спорт түрі (түрлері) бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы жаттықтырушылар құрамының жұмысына талдау жасайды.
11. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздері.
12. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика" (дене шынықтыру және спорт) мамандықтарын біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
5-параграф. Құрама команданың бас жаттықтырушысы
13. Лауазымдық міндеттері:
спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданы (бұдан әрі – құрама команда) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының және спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда үшін резерв даярлауды жүзеге асыратын жастар (және жасөспірімдер) командасының барлық бас жаттықтырушыларының жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына басшылық етеді;
жас ерекшеліктеріне сәйкес құрама командалардағы ауыспалылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
құрама команданың даярлығын жүзеге асырады және олардың жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындықтың әр кезеңінде құрама команда дайындығының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;
перспективалы спортшыларды іріктейді және құрама команда мен штаттық командаларды жасақтауды жүзеге асырады;
құрама команданың мүшелері дайындығының перспективалы, ағымдық және жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысады;
құрама команданың жаттықтырушылар үшін жарыстардың жоспар-тапсырмаларын әзірлейді және айқындайды;
құрама команданың спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың жұмысын қамтамасыз етеді;
құрама команданың және жеке спортшылардың бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, өнер көрсету қорытындыларын талдайды, ұсынылған деректерді ескере отырып, бұдан әрі дайындықтарына түзетулер енгізеді;
спортшыларды даярлауға қатысатын спорттық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
жарыстарда құрама командаға мүше спортшылардың өнер көрсету нәтижелері туралы есепті тікелей басшылыққа, мемлекеттік жаттықтырушыға, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
14. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздері;
спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті.
15. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика" (дене шынықтыру және спорт) мамандықтарын біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
6-праграф. Жастар (жасөспірімдер) құрама командасының аға жаттықтырушысы
16. Лауазымдық міндеттері:
спорт түрлері бойынша жастар (жасөспірімдер) құрама командаларын (бұдан әрі – құрама командалар) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды;
спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаға резерв даярлауды, жастар (жасөспірімдер) құрама командасының жаттығу процесін жүзеге асырады және олардың жарысқа қатысуын ұйымдастырады;
даярлықтың әрбір кезеңінде спорттық нәтижеге қол жеткізу үшін құрама командалардың мақсаты мен міндеттерін айқындайды;
перспективалы спортшыларды іріктейді және құрама команда мен штаттық командаларды жасақтауды жүзеге асырады;
спортшыларды даярлаудың перспективалы жоспарын әзірлейді және жұмылдырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді, спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына даярлығы бойынша жұмыстарды және олардың жарыстарда өнер көрсетулерін ұйымдастырады;
құрама команда мүшелерінің перспективалық, ағымдық және жеке даярлық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырып бекітеді, сонымен қатар оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысады;
құрама команданың жаттықтырушылары үшін жарыстардың жоспар-тапсырмаларын айқындайды;
құрама командалар спортшыларын даярлау жөніндегі жаттықтырушының жұмысын қамтамасыз етеді;
бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, құрама командалар мен жекелеген спортшылардың қатысу нәтижелерін талдайды, алынған деректерді ескере отырып, олардың кейінгі дайындығына түзетулер енгізеді және спортшылардың жоспарланған нәтижелерін орындауына жауапты болып табылады;
спортшыларды даярлауға қатысатын спорт ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді;
құрама командаға мүше спортшының жарыстарға қатысу нәтижелері туралы тікелей басшысына, мемлекеттік жаттықтырушы мен дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға есеп ұсынады.
17. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздері;
спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті.
18. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика" (дене шынықтыру және спорт) мамандықтарын біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
7. Құрама команданың бастығы
19. Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы (бұдан әрі-құрама команда) үшін спорттық іс-шараларды өткізу орындарын дайындауды, өткізуді ұйымдастыруды, спорттық киімдермен, керек-жарақтармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, тамақтануын, тұратын жерін, медициналық қызметін, тіркелуін, жарысқа қатысушыларға қызмет көрсетуді, қауіпсіздік шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді;
спорттық киімдерді, керек-жарақтар мен құрал-жабдықтарды алуға өтінім әзірлейді, шығыстарды жоспарлайды және осы мақсаттарға бағытталған қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді;
құрама команданы жарыстарға дайындаудың перспективалы және ағымдық жоспарларын әзірлеу, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
20. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңын;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын;
"Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 105 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11790 болып тіркелген; медико-биологиялық және қалпына келтіру құралдарының негіздері;
қаржылық-шаруашылық қызметтің негіздері "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген.
21. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика" (дене шынықтыру және спорт) мамандықтарын біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
8-параграф. Спорт түрінен (түрлерінен)
облыстық аға жаттықтырушы
22. Лауазымдық міндеттері:
облыс аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жолдарын айқындайды;
спорт түрі (түрлері) бойынша федерациялармен, мемлекеттік органдармен, спорт және ұйымдармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, облыста спорт түрін (түрлерін) насихаттауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) пайдалану жағдайларын алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастырады;
облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді;
жас ерекшеліктеріне сәйкес облыстық құрама командасындағы ауыспалылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
облыстық құрама команданың даярлығын жүзеге асырады және олардың жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындықтың әр кезеңінде облыс құрама команда дайындығының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;
перспективалы спортшыларды іріктейді және облыс құрама командасын жасақтауды жүзеге асырады;
жарыстарда облыс құрама командаға мүше - спортшылардың өнер көрсету нәтижелері туралы есепті тікелей облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынады.
23. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздерін.
24. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша) білімі болуы қажет.
2-тарау. Мамандар лаузымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Аға жаттықтырушы
25. Лауазымдық міндеттері:
спортшылардың оқу-жаттығу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, спортшылардың жеке дайындық жоспарын жасайды;
спортшылардың физикалық, теориялық, моральдық – ерік, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемелері көлемін, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын орындауын, оқу-жаттығу процесі және спорттық іс-шаралар кезінде спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
өндірістік-есепке алу және есептік құжаттаманы уақтылы және сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімше басшысына, құрама команданың аға жаттықтырушысына тапсыруды жүзеге асырады;
спортшылардың медицина қызметкерлерінің антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде берген нұсқаулары мен бақылау жаттығуларын орындауын бақылайды;
спортшылардың жалпы және арнаулы дене тәрбиесі даярлығы бойынша бақылау нормативтерін жүргізеді;
спортшылардың тыйым салынған дәрілерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдануын болдырмайды;
спортшылардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді, оларды спорттық тұрғындан жетілдіру үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асырады;
даярлықтың әрбір кезеңінде спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшылардың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;
бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, спортшылардың өнер көрсету нәтижелерін талдайды және алынған мәліметтерді ескере отырып, оларды одан әрі даярлауға түзетулер енгізеді;
спортшыларды даярлауға қатысатын спорт ұйымдарымен бірлесіп әрекет етеді.
26. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздерін.
27. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша) білімі;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
2-параграф. Спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы
28. Лауазымдық міндеттері:
спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жұмысын қамтамасыз етуге басшылық жасайды және жүзеге асырады;
оқу-жаттығу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
спортшылардың теориялық, физикалық, моральдық, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемесін орындауын, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын қамтамасыз етеді;
оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді;
есепке алу және есептілік құжаттаманы сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
белгіленген тәртіпте атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды, спортшылардың медицина қызметкерлерінің антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде берген нұсқаулары мен бақылау жаттығуларын орындауын бақылайды;
спортшылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін қабылдайды;
спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қабылдау жағдайларын болдырмайды;
спортшылардың жарысқа қатысуын ұйымдастырады, спорттық тұрғыдан жетілдіру үшін спортшыларды іріктеуді жүзеге асырады;
бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, бөлімше спортшыларының өнер көрсету қорытындыларын талдайды, алынған мәліметтерді есепке ала отырып, спортшылардың дайындығына түзетулер енгізеді;
спорт түрлері бойынша бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесін өткізеді;
жүйелі түрде біліктілігін арттырады, әдістемелік оқуларға, конференцияларға, семинарларға қатысады;
белгіленген тәртіпте спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушыларды көтермелеу туралы ұсыныстар енгізеді;
спортшыларды даярлауға қатысатын ұйымдармен өзара бірлесіп әрекет етеді.
29. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздері.
30. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша) білімі;
дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
3-параграф. Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы
31. Лауазымдық міндеттері:
дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарын әзірлейді, қатысушы-спортшылармен бірге өз жұмысының нәтижелері мен мазмұнына жүйелі түрде есеп жүргізеді, талдайды, жинақтайды;
бөлімше оқушыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататын оқушылармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр оқушыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды);
өз жұмысында спорттық даярлықтың және оқушыларды сауықтырудың аса тиімді әдістерін пайдаланады;
оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді;
спорттық жетілдіру үшін аса перспективалы оқушыларды іріктеуді қамтамасыз етеді;
оқушылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларын болдырмайды;
оқушылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсынымдарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды;
оқушылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді;
есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына, аға жаттықтырушы-оқытушыға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
жаттықтыырушылар мен нұсқаушылардың семинраларына қатысады.
32. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздерін.
33. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша) жұмыс өтілі талап етілмейді немесе (орта арнайы, кәсіби орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы керек.
4-параграф. Жаттықтырушы
34. Лауазымдық міндеттері:
одан әрі спорттық тұрғындан жетілдіру үшін аса перспективалы оқушы-спортшыларды іріктеуді қамтамасыз етеді;
тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді;
дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарларын әзірлейді, оқушылармен атқарған жұмысының нәтижелері мен мазмұнын жүйелі есепке алады, талдайды, жинақтайды;
бөлімше оқушыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататын оқушылармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр оқушыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды);
оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді;
оқушылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларын болдырмайды;
оқушылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсындарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды;
оқушылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді;
есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына, аға жаттықтырушы-оқытушыға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың семинарларына қатысады.
35. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздерін.
36. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етілмейді немесе (орта арнайы, кәсіби орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы керек.
5-параграф. Әдіскер
37. Лауазымдық міндеттері:
халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады;
жаттықтырушылар құрамы жұмысының бағытын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді және оқу топтарын сапалы жасақтауды қамтамасыз етеді;
оқу-жаттығу және тәрбиелік процестердің нәтижелерін үйлестіреді;
дайындық оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын, оқытушы-жаттықтырушылар жұмысының сапасын қадағалайды;
өндірістік-есепке алу және есептілік құжаттамасын уақтылы және сапалы жүргізіп, басшылыққа, ұйымның құрылымдық бөлімше басшыларына тапсыруды қамтамасыз етеді;
оқытушы-жатытықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды, спорт түрлері бойынша бөлімшелерде семинарлар, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастырады;
қызметкерлердің денсаулығын нығайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдарда бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.
38. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
№ 106 бұйрығы;
педагогика, психология, физиология негіздері.
39. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етілмейді немесе орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы керек.
6-параграф. Нұсқаушы
40. Лауазымдық міндеттері:
халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады;
спорттық және сауықтыру бағытындағы секцияға (топқа) дене шынықтыру және спортпен айналысуға ниетті және медициналық тұрғыдан жарамды адамдарды жинауды жүзеге асырады, олармен оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді;
дене тәрбиесі теориясы мен практикасы, салауатты өмір салты мәселелері бойынша кеңес береді;
спорттық іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіреді;
дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
спорттық қызығушылық клубтары, дене шынықтыру-сауықтыру секциялары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстардың есебін жүргізеді және талдайды;
салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдарға медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді;
озық жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді;
еңбек және демалыс тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды, аурудың алдын алу үшін дене шынықтырудың өзге де түрлі әдістерін, нысандарын пайдалану жөніндегі ұсынымдарды, әдістемелік материалдарды әзірлейді;
жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге ықпал ететін жаттығулар кешенін әзірлейді.
41. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздерін.
42. Біліктілік қойылатын талаптары:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша) жұмыс өтілі талап етілмейді немесе орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы.
7-параграф. Нұсқаушы-спортшы
43. Лауазымдық міндеттері:
дайындықтың жеке жоспарын, оқу-жаттығу және жарыс тапсырмаларының жүктемесін орындайды;
спорттық нәтижелерді арттыруды қамтамасыз ететін дайындықтың жалпы дене тәрбиелік және арнайы деңгейлерін қамтамасыз етеді;
жеке дайындық жоспарында қарастырылған тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп жүргізеді;
жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп, оқу-жаттығу процесін жоспарлауға қатысады;
спорттық республикалық және халықаралық жарыстарға, соның ішінде әлем және Азия чемпионаттарына, әлем, Азия және Еуропа кубоктарына, Олимпиада және Азия ойындарына қатысады;
Халықаралық Олимпиада комитетінің Хартиясына сәйкес спорттық этиканың нормаларын сақтайды, спортта тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолданбайды;
жас спортшыларға практикалық көмек көрсетеді;
ұйымдарда өткізілетін сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
44. Білуі тиіс:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
педагогика, психология, физиология негіздерін.
45. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етілмейді немесе орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы керек.
3-тарау. Допингке қарсы ұйымдар лауазамдарының
беліктілік сипаттамалары
1-параграф. Допингке қарсы лабораторияның (ұйымның) басшысы
46. Лауазымдық міндеттері:
лабораториялық топтардың тиімді жұмысын ұйымдастырады, лабораторияның қызметі бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды;
допингке қарсы бақылауды жүзеге асыру және допингке қарсы мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға және семинарларға қатысу үшін методологиялық тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;
дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (бұдан әрі - ДДҚА), допингке қарсы саласындағы ғалымдардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Ұлттық допингке қарсы орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
қызметкердің тиісті тренингтен өтуін және аккредиттелген ДДҚА лабораториясы үшін халықаралық стандарттар деңгейінде өз міндеттерін орындау үшін қажетті дағдыларға ие болуын қамтамасыз етеді;
лабораторияға жүктелген функциялар мен міндеттерді мамандардың уақтылы және сапалы орындауын ұйымдастырады;
сынақтарды жүргізу кезінде мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
еңбек қауіпсізідігі жағдайларын қамтамасыз етеді;
лабораториялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелеріне қол қояды;
біліктілігін арттыру мақсатында лаборатория қызметкерлерін техникалық оқытуды ұйымдастырады;
тестілеуді жүзеге асыру және оның статистикасы бойынша тоқсан сайын ақпарат ұсынады;
тиісті органдарға (жауапты билікке, ДДҚА, халықаралық федерациялар) ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексінің және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарының талаптары бойынша талдамалардың теріс нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
47. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
48. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша, немесе төменде көрсетілген мамандықтар бойынша: "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Емдеу ісі", "Денсаулық сақтау менеджменті" (бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы), немесе "Химия", "Биология" мамандықтары бойынша білімі болуы керек;
басшылық лауазымындағы еңбек өтілі немесе ұйымның мамындағына сай қызмет атқарудағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы керек.
2-параграф. Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары (негізгі қызмет бойынша)
49. Лауазымдық міндеттері:
лабораторияның барлық зерттеу топтарының тиімді жұмысын ұйымдастырады, лаборатория жүргізетін өлшемдер мен сынақ талдауларының нәтижелерін үйлестіріп, дұрыстығын тексереді;
ішкі және сыртқы аудиттің жүргізілуін ұйымдастырады;
допингке қарсы бақылау жүргізу және допингке қарсы мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастыру үшін методологиялық тәсілдердің әзірленуіне қатысады;
ДДҚА дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен, допингке қарсы саласындағы ғалымдардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Ұлттық допингке қарсы орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
лабораторияға жүктелген функциялар мен міндеттерді мамандардың уақтылы және сапалы орындауын ұйымдастырады;
лабораториялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелеріне қол қояды;
сапа жүйесінің элементтеріне тексеріс жүргізеді;
нормативтік құжаттарды өзектендіреді;
нормативтік құжаттама қорының жинақталуын жүзеге асырады және лаборатоияны қажетті нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етеді;
сынақ нәтижелерінің лабораториялық салыстыруларға қатысу қамтамасыз етеді;
лабораториядағы құралдар мен жабдықтарға уақтылы инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
50. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
51. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары, немесе жоғары арнайы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, немесе төменде көрсетілген мамандықтар бойынша: "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Емдеу ісі", "Денсаулық сақтау менеджменті" білімі, бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы "Химия", "Биология" мамандықтары бойынша білімі болуы керек;
басшылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл, ұйымдың мамындағына сай қызмет атқарудағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы керек.
3-параграф. Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары (ұйымдастыру жұмыстары бойынша)
52. Лауазымдық міндеттері:
материалдық-шаруашылық қамсыздандыру мәселелері бойынша лабораторияның жұмысын қамтамасыз етеді;
химиялық реактивтермен, лабораториялық шыны ыдыспен, этил спиртімен, тану материалымен және олардың іске асырылуын бақылау (жылдық және ағымдағы өтінімдер жасау, мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу);
лабораториядағы химиялық реактивтердің, прекурсорлар мен улы химиялық заттардың сақталу шарттарын және сақтау қағидаларын қамтамасыз етеді;
ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін лабораторияның бюджетін жоспарлауға және ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісімшарттарды жасауға қатысады;
лабораторияны құрал-жабдықтармен және лабораторияның аспаптары мен жабдықтарын жөндеуді және инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
лаборатория қызметкерлерінің техникалық білім алуын ұйымдастырады;
қажетті есепті-есептілікк құжаттаманы жүргізеді
53. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
54. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, немесе қызмет түріндегі ұйымның бағдарына сай ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
4-параграф. Допингке қарсы лабораторияның жетекші ғылыми қызметкері
55. Лауазымдық міндеттері:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексіне, ДДҚА халықаралық стандарттары мен техникалық құжаттарына сәйкес химиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізеді;
сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, нәтижелердің объективті және дұрыс болуын қамтамасыз етеді;
қажетті лабораториялық құжаттамаларды жүргізу, аспаптарға техникалық қызмет көрсету және допингке қарсы бақылау әдістері мен процедураларын стандарттау және валидациялау іс-шараларын өткізеді;
допингке қарсы бақылау жүргізу үшін әдістемелік тәсілдердің әзірленуіне қатысады, допингке қарсы бақылау мәселелері бойынша кеңес береді, әдістемелік көмек көрсетеді;
лаборатория қауіпсіздігін, нәтижелердің құпиялығын, қорғау реттілігінің хаттамаларын және қолданатын әдістердің кез келгені үшін қалыпты операциялық процедураларды қамтамасыз етеді.
56. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
57. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Биологоия" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.
5-параграф. Допингке қарсы лабораторияның ғылыми қызметкер
58. Лауазымдық міндеттері:
химиялық және иммунологиялық зерттеулерді жүзеге асырады;
допингке қарсы бақылау әдістері мен рәсімдерін стандарттау және валидациялау шараларын жүргізу;
допингке қарсы бақылау жүргізу үшін әдістемелік тәсілдердің әзірленуіне, тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы препараттар мен әдістер туралы деректер қорын әзірлеуге қатысады;
лаборатория қауіпсіздігін, нәтижелердің құпиялығын, қорғау реттілігінің хаттамаларын және қолданатын әдістердің кез келгені үшін қалыпты операциялық процедураларды қамтамасыз етеді;
лабораториялық хаттамамен қоса берілетін және талдама алудң белгіленген мерзімдерін сақтай отырып, айқын теңестірілген үлгілерді сынақтан өткізеді;
талдама нәтижелерінің дұрыстығын, объективтілігін және нақтылығын қамтамасыз етеді;
лабораторияның техникалық құзыретін тексеру немесе растау үшін бақылау сынақтарын жүргізеді;
дүниежүзілік допингке қарсы ұйым өткізетін біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады.
59. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
60. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
"Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Биологоия" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.
6-параграф. Лаборант
61. Лауазымдық міндеттері:
спорт және дене шынықтыру саласында зерттеу әдістеріне және актілер мен құжаттамалардың нормативтеріне сәйкес сынамаларды дайындайды;
рективтердің дұрыс сақталуын және олардың уақтылы қолданылуын қамтамасыз етеді;
үлгілерді дайындау сынамаларының жаңа әдістерін игереді (лаборатория мамандарының басшылығымен), біліктілігін арттырады;
келіп түскен сынамаларды тіркеу журналына тіркейді;
жұмыс істеу үшін құралдарды, ыдыстарды және рективтерді дайындайды;
еңбек қауіпсіздігі мен материалдық құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етеді.
62. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
63. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
техникалық және кәсіби, орта білім (орта-мамандандырылған), еңбек өтілі талап етілмейді.
7-параграф. Ұлттық допингке қарсы орталықтың (ұйымының) жетекшісі
64. Лауазымдық міндеттері:
допингке қарсы ұлттық орталықтың (бұдан әрі – Орталық) барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастырады;
орталық қызметі бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды;
орталыққа жүктелген қызметтер мен мақсаттардың мамандармен уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
орталық қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауда мамандардың міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
допингке қарсы бақылауды жүзеге асыру үшін әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге, білім беру бағдарламаларын, өткізуге және ғылыми-практикалық конференцияларға, допингке қарсы сұрақтар бойынша семинарларға қатысады;
дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ДДҚА), допингке қарсы сала ғалымдарының дүниежүзілік қауымдастығымен, Допингке қарсы ұлттық орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және допингке қарсы ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады;
допинг-бақылау өткізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;
орталық қызметкерлерінің оқуын, даярлануын және қайта даярлануын үнемі ұйымдастырып отырады;
қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін Допингке қарсы ұлттық ұйымдары үшін белгіленген ДДҚА халықаралық стандарттары деңгейінде орындауына жауапты болады;
допингке қарсы бағдарламасын өткізу мәселелері жөнінде спорт түрлері бойынша ұлттық, халықаралық федерацияларымен жұмыстың үйлесуін қамтамасыз етеді;
сапа жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіріп, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады;
допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізеді;
допинг-бақылау сынамаларының жағымсыз нәтижелері туралы спортшыларға жолданатын ескертпелерге қол қояды;
тиісті органдарға (Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, ДДҚА, халықаралық федерациялар) жағымсыз нәтижелер туралы ақпараттарды ұсынып, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексіне және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарына сәйкес, спортшылар мен қосалқы персоналдың жарысқа қатысу құқығынан айыруға дейін қабылданған шешімдер мен қолданылған ықпалшалары туралы хабарлайды; еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
65. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды.
66. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Медицина" немесе "Биологоия" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
жұмыс өтілінің осы мекеменде 5 жылдан кем болмауы.
8-параграф. Ұлттық допингке қарсы орталық (ұйым)
жетекшісінің орынбасары (негізгі қызмет бойынша)
67. Лауазымдық міндеттері:
орталықтың басшысы болмаған кезде Допингке қарсы ұлттық орталықтың басшысы болмаған кезде немесе оның тапсырмасы бойынша Допингке қарсы ұлттық орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастырады;
допинг-бақылау инспекторларының жұмысын үйлестіреді, барлық допинг-хаттамалардың толтырылуын, сынамалар бойынша мәліметтердің тіркелуін бақылайды;
уәкілетті органның сала бойынша Орталыққа жолданған ақпараттардың тіркелуін үйлестіреді, тиісті есепке алу - есеп беру құжаттамаларын жүргізеді;
сапа жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіріп, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады;
өнім берушілер мен сервистік ұйымдармен Орталықты қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді;
нормативтік құжаттардың жинақталуын жүзеге асырып, Орталықты қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді;
ДДҚА Стандарттары мен хаттамаларына сәйкес, допинг-бақылауға сынамалар алуға арналған жабдықтардың күйі мен санына бақылауды жүзеге асырады;
допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізуге қатысады;
дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен, допинг-бақылау аясындағы дүниежүзілік ғалымдардың ассоциациясымен, Ұлттық олимпиада комитетімен және допингке қарсы ұйымдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады;
допинг-бақылау жүргізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;
допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізеді.
68. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды.
69. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Медицина" немесе "Биологоия" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
жұмыс өтілінің осы мекемеде 3 жылдан кем болмауы.
8-параграф. Жетекші ғылыми қызметкер
70. Лауазымдық міндеттері:
ДДҚА допингке қарсы кодексіне, халықаралық стандарттарына және ДДҚА техникалық құжаттарына сәйкес, ғылыми-зерттеу талдауларды жүзеге асырады;
допингке қарсы бағдарламасын іске асыру үшін әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысады;
допингке қарсы бақылау сұрақтары бойынша кеңес берушілік-әдістемелік көмек көрсетеді;
допинг-бақылау және допингке қарсы білім бойынша әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық парақшалар, буклеттерді әзірлейді;
ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады;
зерттеулер мен допинг-бақылау бағдарламаларын өткізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
71. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды.
72. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
"Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", "Биологоия" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.
9-параграф. Допинг-бақылау инспекторы
73. Лауазымдық міндеттері:
ДДҚА Тестілеу бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес, биологиялық сынамаларды (қан, несеп) алу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
сынамаларды алу орнын тексеруді іске асырады, ДДҚА Тестілеу бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін спорт жарыстары кезінде допинг-бақылау станциясын дайындайды;
ДДҚА техникалық құжаттамалары мен хаттамаларына сәйкес, допинг-бақылау станцияларында жұмыстарды орындау үшін ілесушілердің даярлығын қамтамасыз етеді;
ДДҚА техникалық ережелері мен хаттамаларында белгіленген талаптарға сәйкес, допинг-бақылауға тестілеудің есеп беру-есепке алу нысандарын толтырып, ДДҚА сайтында мәліметтерді тіркейді;
сынамаларды беру тізбегінен өту қауіпсіздігін сақтауды және спортшының допинг-бақылаудан өтуі туралы ақпараттың қамтамасыз етеді;
жиналған биосынамаларды ДДҚА аккредитациялаған допингке қарсы зертханасына жеткізеді.
74. Білуі тиіс:
ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі;
допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды.
75. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
орта-кәсіптік (техникалық немесе медициналық білімі) мамандағы бойынша еңбек өтіліне талап қойылмайды.
4-тарау. Спорттық медицинадағы басшының лауазымдық мінездемесі
1-параграф. Ұйымның басшысы
76. Қызметтік міндеті:
ұйымның өндіріс әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмысын басшылыққа алады, ұйымның мүліктерін қолдану;
спорт және дене шынықтыру мәдениетін дер кезінде және сапалы дәрігерлік және дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
құрылысты бөлімшелердің нәтижелі жұмыстарын қадағалап барлық құрылысты бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастырады, олардың жұмыстарын спорттық медицинаға дамуына бағыттайды;
спорттық дәрігерлердің, профильді мамандардың, сылаушылардың және орта медициналық қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеруін қамтамасыз етеді, спорттық медицина саласында шетелдік тәжірибені зерттеп, деңгейін жоғарлату;
жаңа техника мен технологияларды, басқару мен ұйымдастырудың прогрессивтік формаларын және қолданыстағы ғылыми-негізделген нормативтіқ материалдар мен қаржылық және еңбек шығындарын пайдалана негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру;
оның міндетіне жүктелген қаржылық, экономикалық, әкімшілік- шаруашылық сұрақтарын шешеді, қызметкерлерге – орынбасарларға, құрылысты бөлімшелердің меңгерушілеріне берілген жұмыстарды орындауға тапсырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру, қолдау сұрақтарын шешуге жауапкершілікке алады;
өзіне берілген міндеті бойынша бұйрықтар шығарады;
ұйым қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланыстардың қаражатын заңға сүйене пайдаланады, ұйым қызметіне арналған еңбек қауіпсіздігінің шарттарын және қаражат тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын бекітеді;
ұйым қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланыстардың қаражатын заңға сүйене пайдаланады, ұйым қызметкерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігінің шарттарын және қаражат тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын бекітеді;
еңбек жағдайын қолайлы және қауіпсіз шарттарын жасау, құрылысты бөлімдерде еңбек тәртібінің жағдайын қамсыздандырады.
77. Білу керек:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексі (бұдан әрі - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі);
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
спорттық медицинаны.
78. Біліктілікке қойылатын талаптар:
мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
алғашқы немесе жоғары біліктілек дәрежесі келесі мамандықтар бойынша болуы қажет: "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Спорттық медицина" бойынша бірінші немесе жоғары кәсіби санатының болуы;
мамандығы бойынша осы мекемедегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы қажет.
2-параграф. Басшының орынбасары
(медицина бөлімі бойынша)
79. Қызметтік міндеттері:
дене шынықтыру және спортта құрылысты бөлімшелерге уақытылы және сапалы медициналық және дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
мекемені мамандырылған кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарында шара қолданады;
спортшыларды диспансерлік есепке уақытылы алуын қадағалайды және ұйымдастырады, емдік тексерудің толықтылығын, кезеңдік тексеру шараларын, диспансерлікке алғандағы сапасын талдау жұмыстарын қадағалайды;
спорт түрлерінің федерацияларымен, мемлекеттік органдарымен және спорттық шараларды және оқу-жаттығу жиынтығын медико-биологиялық және дәрілермен қамтамасыз ету.
80. Білу керек:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі;
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы;
"Білім туралы" Заңы;
"Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Заңы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
спорттық медицина.
81. Біліктілікке қойылатын талаптар: