Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 желтоқсанда № 9015 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 602 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 272 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7971 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 31 қазанда № 710-716 (27788); 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 818-823 (27894) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау                     Өңірлік даму
      министрінің міндетін атқарушы        министрі
      _______________ Е. Байжүнісов        ______________ Б. Жәмішев