Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 639 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 шілдеде № 14051 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
20 шілдедегі 2016 жылғы
№ 639 бұйрығына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.02.2017 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары Бөлінген орындардың саны Мамандықтардың атауы Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық жоғары медицина колледжі

780, оның ішінде 399 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

26 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

404, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар 198, соның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде білім алушылар саны –25, "Массажист" біліктілігімен білім алушылар саны – 16

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

49 орыс тілінде білім алушылар, соның ішінде жаңадан қабылдау: 25

Ортопедиялық стоматология

қазақ тілінде білім алушылар – 25, оның ішінде жаңадан қабылдау – 25

Зертханалық диагностика

201, оның ішінде 125 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде жаңа қабылдау: 25

Фармация

50 орыс тілінде білім алушылар, оның ішінде жаңа қабылдау: 25

Гигиена және эпидемиология

қазақ тілінде 25 білім алушы, оның ішінде 25

2.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

150 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

қазақ тілінде білім алушылар саны 75

Фармация

қазақ тілінде білім алушылар саны 50

Мейіргер ісі

қазақ тілінде білім алушылар саны 25

3.

Астана қаласының жоғары медициналық колледжі

25 орыс тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

қазақ тілінде білім алушылар саны 25

4.

Көкшетау жоғары медициналық колледжі

25 орыс тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

қазақ тілінде білім алушылар саны 25

5.

Қызылорда жоғары медициналық колледжі

25 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

қазақ тілінде білім алушылар саны 25

6.

Павлодар жоғары медициналық колледжі

25 орыс тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

қазақ тілінде білім алушылар саны 25

7.

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі

25 орыс тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

қазақ тілінде білім алушылар саны 25