«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
20 шілдедегі 2016 жылғы
№ 639 бұйрығына
қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі
бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары |
Бөлінген орындардың саны |
Мамандықтардың атауы |
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі |
125, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар |
Мейіргер ісі |
75, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар, соның ішінде «Массажист» біліктілігімен 16 орыс тілінде білім алушылар |
Зертханалық диагностика, «Медициналық зертханашы» біліктілігі |
25 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат |
25 орыс тілінде білім алушылар |
|||
2. |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы |
150 қазақ тілінде білім алушылар |
Емдеу ісі |
75 қазақ тілінде білім алушылар |
Фармация |
50 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Мейіргер ісі |
25 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
3. |
Астана қаласының Медициналық колледжі |
25 орыс тілінде білім алушылар |
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат |
25 орыс тілінде білім алушылар |
4. |
Көкшетау медициналық колледжі |
25 орыс тілінде білім алушылар |
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат |
25 орыс тілінде білім алушылар |
5. |
Қызылорда медициналық колледжі |
25 қазақ тілінде білім алушылар |
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат |
25 қазақ тілінде білім алушылар |
6. |
Павлодар медициналық колледжі |
25 орыс тілінде білім алушылар |
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат |
25 орыс тілінде білім алушылар |
7. |
Батыс Қазақстан медициналық колледжі |
25 орыс тілінде білім алушылар |
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат |
25 орыс тілінде білім алушылар |