БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген, 2007 жылы 22 тамызда «Заң газеті» газетінде № 128 (1331) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұсынылып отырған қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықта бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта:
атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 28-тармақшасының 17-бабына сәйкес және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жасалып отыр.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Нұсқаулық жобалау алдындағы, жобалау құжаттамасына сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметті ұйымдастырудың барлық сатыларында оны әзірлеу және жүргізу туралы шешімдерді қабылдау кезінде ҚОӘБ өткізудің жалпы тәртібін айқындайды.
ҚОӘБ келесі жобалық құжаттамалар үшін жасалады:
1) Кәсіпорындарды, объектілерді, кешендерді салу саласы немесе даму бағдарламасын негіздеу сатысында;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қала құрылысы мен құрылысты жобалау;
3) Кәсіпорындарды, объектілерді, кешендерді салудың техникалық-экономикалық негіздемесі және есептері, оның жұмыс құжаттамасының жобалары (кеңейту, жаңарту, техникалық);
4) технологияларды, техника мен жабдықтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі жобалық құжаттама.»;
6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ІV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5 cыныбына жататын қызмет түрлері жатады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі нәтижелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына жіберілетін жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.»;
20-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Алдын ала ҚОӘБ шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау алдындағы (инвестициялау алдындағы) құжаттамада, шаруашылық және өзге де қызметке кірісудің бастапқы кезеңінде жасалатын бағалау сипатындағы жобалау алдындағы құжаттамада, сондай-ақ жобалық құжаттаманы әзірлеудің алдындағы «Инвестицияларды негіздеу» негізгі жобалау алдындағы құжатта жасалады, ол төмендегілерді қамтиды:»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Бағалау сипатындағы жоспарлау алдындағы құжаттаманы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынғанға дейін көзделіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі ұсынылатын материалдарды жұртшылықпен бірге талқылауды өткізеді.
25. Көзделіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жобалау алдындағы құжаттамада қарастырылған Алдын ала ҚОӘБ жасау кезінде барынша ұтымды үлгімен таңдалған көзделіп отырған қызметтің нақты объектілері мен құрылыстарын жобалауды бастау (жіті жобалау) жөнінде шешім қабылдауға негіз болып табылады»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жұмыс жобасына (жұмыс құжаттамасына) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін (бұдан әрі - Бөлім) әзірлеу ҚОӘБ рәсімінің үшінші кезеңі болып табылады.
Бөлім ҚОӘБ жобалау сатысында қабылданған, көзделіп отырған қызметті іске асыру бойынша жекелеген техникалық шешімдер жұмыс жобасын (жұмыс құжаттамасын) (3-қосымша) дайындау кезінде айтарлықтай өзгерген жағдайда әзірленеді. Бұл жағдайда бөлімді әзірлеу ҚОӘБ екінші кезеңінде жасалған ҚОӘБ материалдарына қатысты түзетуші сипатта болады.»;
4-1 бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын;
«4-1. Технологияларды, техника мен жабдықтарды қолдану жөніндегі жобалау құжаттама үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері»;
42-1 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдары мен жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техника мен жабдықтары қолдану жөніндегі жобалау құжаттамасына арналған ҚОӘБ осы нұсқаулыққа сәйкес тиісті жоба аясында өткізіледі.»;
42-2-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«42-2. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіндерді (әкелінетіндерді), өндірілетіндерді қоса алғанда, көлік құралдары мен жабдықты қоспағанда өздік (әзірленген және қолданылуға жоспарланған) технологияға, техникаға жобалау құжаттама үшін ҚОӘБ мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі:»;
48-тармақ алып тасталсын;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. ҚОӘБ өткізуі барысында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының тапсырыскері:
1) құжаттаманы дайындаудың барлық кезеңдерінде ҚОӘБ бойынша барлық қажетті экологиялық іздестірулер, зерттеулер және жұмыстардың (рәсімдердің) орындалуын ұйымдастырады;
2) жұртшылыққа хабарлауды және оның ҚОӘБ жүзеге асыру барысында қатысуын қамтамасыз етеді;
3) ҚОӘБ материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
4) Көзделіп отырған (ұсынылып отырған) қызметтің түрін таңдау кезінде ҚОӘБ нәтижелерін ескереді;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына Қазақстан Республикасында бекітіген тәртіп пен рәсімдерге сәйкес ҚОӘБ материалдарын ұсынады;
6) жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманың барлық өту кезеңдерінде (келісу, бекіту) құзырлы органдардың шарттарын, кепілдемелерін және ұсыныстарын орындайды;
7) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерлерін болдырмау (нормативті деңгейлерге дейін төмендету) жөніндегі шаралардың тиімділігіне жауап береді.»;
50-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Тапсырыс берушімен бірге мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімін өту кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ҚОӘБ бойынша ұсынылатын материалдарды қарауға қатысады.»;
51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау адындағы және жобалау құжаттамасына ҚОӘБ материалдарын әзірлеу кезінде қоғамдық пікірді есепке алу жүзеге асырылады. Қоғамдық пікірді есепке алу жұртшылықтың ҚОӘБ материалдарын әзірлеу мен талқылауға қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі және оны көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің тапсырыскері ұйымдастырады.»;
1,2,4,5-қосымшалардың мәтіні жоғарғы оң жақ бұрышта мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша;
Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша;
Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша;
Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша»;
3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, Қазақстан Республикасы эталон бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне енгізу үшін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 253 бұйрығына
қосымша
Қоршаған ортаға әсерді
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарын әзірлеу
сатыларының Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де
қызметті негіздейтін жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманы
орындаудың сатыларына сәйкес келуі
Қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарын әзірлеу сатылары |
Жобалау сатылары |
Қала құрылысын жобалау сатылары |
1. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау - Алдын ала ҚОӘБ (бірінші саты) |
Инвестициялар негіздемесі, техника-экономикалық негіздеме, техника-экономикалық негіздемелер, бизнес-жоспарлары және басқа жобалау алдындағы құжаттар, кен орындарды игеру және технологиялық сұлбалардың жобалары |
Қала құрылысын жоспарлаудың, облыстардың аумақтарын дамытудың кешенді сұлбалары және қала құрылысын жоспарлаудың, әкімшілік аудандардың аумақтарын дамытудың кешенді жобалары. Қаланың бас жоспарының тұжырымдамалары (ұзақ мерзімді даму қызметі болжамдары). |
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау - ҚОӘБ (екінші саты) |
Жоба, |
Ірі қалалардың бас жоспарлары. Ірі өнеркәсіпті аймақтардың және өнеркәсіптік аудандардың жоспарлау жобалары. |
3. «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы - (үшінші саты) |
Жұмыс жобасы (жұмыс құжаттамасы) |
50 мыңнан кем тұрғыны бар қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары. Кішігірім өнеркәсіп аймақтарын және өнеркәсіп аудандарын жоспарлаудың жобалары. |