«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов ____________________
2016 жылғы 18 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев ___________________
2016 жылғы 23 маусым
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды
жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту
қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайтын осы қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайды:
1) автобустар және шағын автобустар (жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы);
2) жүк автомобильдерi (рұқсат етiлген жалпы салмағы тiркеменi қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етiлген пайдалы жүктеме тiркеменi қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам);
3) мамандандырылған автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған);
4) арнайы автомобильдер (әр түрлi, басым көпшiлiгi көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).
2. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан шығу тәртiбi
3. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат құжаттары бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шет мемлекеттерге шыққан жағдайда, тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) кодексiнде (бұдан әрі – Салық кодекс) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасы төленгеннен кейiн автомобиль көлігі саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат құжаттарын ала алады.
4. Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.
5. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары оларды бұрын берген органға қайтарылуға жатады.
6. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттары басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
7. Егер шетелдiк рұқсат құжаттарының бөлiнген саны тасымалдаушылардың өтiнiм берген жалпы санынан аз болған жағдайда, тасымалдаушылардың арасында шетелдiк рұқсат беру құжаттар бланкiлерiн бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 тіркелген) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына (бұдан әрі - Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары) сәйкес жүргізіледі.
8. Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздерi мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкiн.
9. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсатын (отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты орындаған кезде күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен «А» түрінің шетелдік рұқсатын) беру Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiруiн (шығуын), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуі тәртібі
10. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi рұқсат беру құжаты - жүруге берiлген рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
11. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат негiзiнде жол берiледi.
12. Шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
13. Рұқсат құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады.
Рұқсат құжаттарының бланкiлерiн дайындау, есепке алу және пайдалану Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.
14. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралдары мен жүктерге кедендiк құжаттарды кейiннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды.
15. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң арасындағы жүктердi, жолаушыларды және багажды халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдiк өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат және басқа да құжаттар (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және басқа да құжаттар) Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ресімделуге және автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуға және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетілуге тиіс.
17. Жолаушылар мен жүктердi шетелдiк автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункттiң арасында тасымалдауға жол берiлмейдi.
18. Мемлекеттерiмен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тепе-тең айырбастау жүргiзiлмеген шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүрiп өтуi Салық кодексiнде белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
19. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келісілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
20. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүрiп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етiледi.
21. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
Бұл ретте тiркемелер немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерi болуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және
шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі тәртiбi
22. Уәкілетті орган белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретiн параметрлерiнен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi рұқсат құжаттың – ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттың (бұдан әрi – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген).
23. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары береді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларына сәйкес арнайы рұқсатты уәкілетті органның не мемлекеттік кіріс органдарының басшысымен толтырады және мөрмен куәландырады.
24. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.