Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 шілдеде № 13979 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. «Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 11851 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы               Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі         Ұлттық экономика министрі
     _____________ А. Мұхамедиұлы         ___________ Қ. Бишімбаев

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ______________ С. Айтпаева
      2016 жылғы 24 маусым

Қазақстан Республикасы  
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының 
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 және       
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрығына
1-қосымша        

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы
мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі–Өлшемшарттар) 2015 жылы 29 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141 бабының 3-тармағына сәйкес жасалды және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін және оларды тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына әсер ететін тексерулер жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.
      2. Осы өлшемшарттарда мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне, оның салдарының ауырлық деңгейін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдылығы;
      2) тексерілетін субъектілер – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      4) талаптарды сақтаудағы өрескел бұзушылықтар – тарихи-мәдени мұра саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы, оның ішінде:
      тарихи-мәдени мұра объектілерін жою фактілеріне, тағылық актілеріне, өңін айналдыру, жалған дәріптеу, бұрмалау, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтінінен үзіп тастауға және басқа жерге көшіруге жол бермеу;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге тиісті лицензияның болуы;
      5) талаптарды сақтаудағы маңызды бұзушылықтар – тарихи-мәдени мұра саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы, оның ішінде:
      қорғау міндеттемесінің орындалуы;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде белгіленген қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы;
      тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстардың жүргізілуіне жол бермеу;
      тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілуіне жол бермеу;
      халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын уәкілетті органның келісімімен жүргізу;
      жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы жергілікті атқарушы органдарға алдын ала хабарлама жіберу;
      6) талаптарды сақтаудағы болмашы бұзушылықтар – тарихи-мәдени мұра саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және сақтау тәртіптерінің сақталмауы.
      3. Іріктеп тексерулер үшін субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
      4. Іріктеп тексерулер Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 12389 болып тiркелген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 әдістемесіне сәйкес, реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен талдау және бағалау нәтижелері бойынша тиісті есептік кезең басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша әр жарты жыл сайын уәкілетті органға жіберілетін іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      5. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.
      6. Іріктеп тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты қолданылады.
      Жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты қолданылады.
      7. Іріктеп тексерулер жылына бір рет жүргізіледі.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалайтын субъективті
өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:
      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу туралы деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      9. Тексерілетін субъектілердің тәуекелдер дәрежесінің субъективті өлшемшарттарын бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Мұндай жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заң бұзушылықтың деңгейі (өрескел, маңызды, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заң талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы және саны;
      3) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын сараптау нәтижелері.
      10. Субъективті өлшемшарттар олардың маңыздылығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты, осы Өлшемшартлердің қосымшасында көрсетілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес, 3 ауырлық бұзушылық топқа - өрескел, маңызды және болмашы болып бөлінеді.
      Бір немесе одан да көп өрескел бұзушылық айқындалған жағдайда, тексерілетін субъект 100 көрсеткішке ие болады, бұл, тексерілетін субъектіге қатысты тексеру жүргізуге негіз болады.
      Өрескел бұзушылық болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау мақсатында маңызды және болмашы дәрежелерінің жиынтығы есептеп шығарылады.
      Маңызды тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау кезінде
07 коэфиценті қолданылып, ол келесі формуламен есептелінеді:
      Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7,
      сонда:
      Р3 – маңызды тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р1 –маңызды тәуекел дәрежесінің жалпы саны;
      Р2 – анықталған маңызды тәуекел дәрежесінің бұзылған талаптарының саны.
      Болмашы тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау кезінде 03 коэфиценті қолданылып, ол келесі формуламен есептелінеді:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3,
      сонда:
      Рн – болмашы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р1 –болмашы тәуекел дәрежесінің жалпы саны;
      Р2 – анықталған болмашы тәуекел дәрежесінің бұзылған талаптарының саны.
      Тексерілетін субъектіні анықтау бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші: тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі меже бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша көрсеткіштерді қосу жолымен анықталады:
      Р = Р3 + Рн,
      сонда:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Р3 – бұзылған маңызды тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Рн – бұзылған болмашы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
      11. Белгіленген тәуекел дәрежесінің көрсеткішіне сәйкес, тексерілетін субъект:
      1) 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатады және оған байланысты іріктеп тексеру жүргізіледі;
      2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатпайды және оған байланысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

Тексерілетін субъектілердің
тарихи-мәдени мұра объектілерін
қорғалуы мен пайдаланылуына
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына   
қосымша        

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен
пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылықтың деңгейі

Бұрынғы тексерулер нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың орындалмауы жағдайында қолданылады)

1

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге тиісті лицензияның болуы

өрескел

2

Қорғау міндеттемесінің орындалуы

маңызды

3

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын уәкілетті органның келісімімен жүргізу

маңызды

4

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы жергілікті атқарушы органдарға алдын ала хабарлама жіберу

маңызды

5

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде белгіленген қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы

маңызды

6

Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортының болуы

болмашы

7

Тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшасының болуы

болмашы

8

Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасында қорғау белгілерінің немесе жыртылған жердің, немесе қоршауларының немесе олардың шекара сызықтарының бойында отырғызылған бұталар белгілерінің болуы

болмашы

Жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

маңызды

2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын сараптау нәтижелері

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін жою фактілеріне, тағылық актілеріне, өңін айналдыру, жалған дәріптеу, бұрмалау, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтінінен үзіп тастауға және басқа жерге көшіруге жол бермеу

өрескел

2

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстардың жүргізілуіне жол бермеу

маңызды

3

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілуіне жол бермеу

маңызды

Қазақстан Республикасы  
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 және      
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрығына
2-қосымша       

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына
мемлекеттік бақылаудың тексеру парағы

___________________________________________________________ саласында
(Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес)
_____________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілер) ұқсас топтарының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                          (№, күні)
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН _____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері _____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін жою фактілеріне, тағылық актілеріне, өңін айналдыру, жалған дәріптеу, бұрмалау, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтінінен үзіп тастауға және басқа жерге көшіруге жол бермеу





2

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге тиісті лицензияның болуы





3

Қорғау міндеттемесінің орындалуы





4

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде белгіленген қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы





5

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстардың жүргізілуіне жол бермеу





6

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілуіне жол бермеу





7

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын уәкілетті органның келісімімен жүргізу





8

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы жергілікті атқарушы органдарға алдын ала хабарлама жіберу





9

Тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшасының болуы





10

Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасында қорғау белгілерінің немесе жыртылған жердің, немесе қоршауларының немесе олардың шекара сызықтарының бойында отырғызылған бұталар белгілерінің болуы





11

Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортының болуы





Лауазымды адам (адамдар) _______________ _______________________
                            (лауазымы)           (қолы)
________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _______________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
_______________
    (қолы)