Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 маусымда № 13806 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:

      110 "Жалақы" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 116-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "116 Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      110 "Жалақы" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 116-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "116 Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары";

      мынадай мазмұндағы анықтамамен толықтырылсын:

      "Осы ерекшелiк бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары көрсетiледi";

      130 "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару" кіші сыныбында:

      135 "Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары" ерекшелігі бойынша:

      Анықтама бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салық бойынша бюджетке жүргізетін аударымдар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар төлеу. Сонымен қатар осы ерекшелік бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары көрсетіледі.";

      2) "Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы

      № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. 01-116-нысан (20-1-қосымша) Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары шығыстарды есептеуге арналған.

      Осы нысан бойынша есепті жасау кезінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын басшылыққа алу керек.

      20-1-қосымша сонымен қатар 135 "Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары" ерекшелігі бойынша жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстарын есептеу үшінде қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы Министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 243 бұйрығына қосымша
  Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну
қағидаларына 20-1-қосымша
01-116-нысан

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстар есебі

      Кодтары

      Жылы |_______________________|

      Мәлiметтер түрi (болжам, жоспар, есеп) |_______________________|

      Функционалдық топ |_______________________|

      Бағдарламалардың әкiмшiсi |_______________________|

      Мемлекеттiк мекеме |_______________________|

      Бағдарлама |_______________________|

      Ерекшелiк |_______________________|

Қызметкерлер саны

Қызметкерлердiң ай сайынғы табысы

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерi

Бiр айдағы жарна сомасы (2-бағ.х3-бағ.)/100

Бiр жылдағы жарна сомасы 4-бағ.х12

1

2

3

4

5

бiрл.

мың теңге

%

мың теңге

мың теңге


      Орталық атқарушы органның

      жауапты хатшысы/ мемлекеттiк

      мекеме басшысы _______ __________________________________

       (қолы) тегі, аты, ә. (болған жағдайда))

      Бюджеттік бағдарлама

      басшысы _______ __________________________________

       (қолы) тегі, аты, ә. (болған жағдайда))

      Бас бухгалтер

      (ҚЭБ бастығы) _______ __________________________________

       (қолы) тегі, аты, ә. (болған жағдайда))