Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 02.06.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларында:
4, 5, 6-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Субсидиялар дайындаушы ұйымдарға тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша төленеді.
Субсидияларды есептеуді өтінім қосымшасына сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.
Дайындаушы ұйым өнімді өткізгенде осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан асырған жағдайда, субсидия мөлшері барынша рұқсат етілген құн бойынша есептеледі.
Егер өткізілген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан төмен болса, субсидия мөлшері нақты құн бойынша есептеледі.
Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығының сомасынан төмен қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген қосылған құн салығының сомасына тең болады.
Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығы сомасына тең болады.";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Субсидияларды төлеу тәртібі және субсидия аясында алынған қаржы құралдарын қайтару";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Басқарма дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді. Өтінімге қосымшамен берілген субсидия сомасын есептеуді жасау дұрыстығын тексереді және субсидиялар төлеу (мәліметтер сәйкес келген және есептеу дұрыс болған жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (мәліметтер және есептеулер сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Дайындаушы ұйым субсидия беру үшін белгіленген шарттарды орындамаған жағдайда, Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес субсидия аясында алынған ақшалай қаражат қайтаруға жатады:
1) егер дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізгеннен түскен кірісі тиісті есептік жылдың жиынтық жылдық кірісінің 90 пайызынан кем болса және (немесе) субсидиялар сомасы тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасынан көбірек болса;
2) дайындаушы ұйымның өтінімде дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі кірісі жиынтық жылдық кірісінен 90 пайыздан кем емес болған жағдайда, қаржылық бақылау органдары дайындаушы ұйымды тексеруді аяқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарды жазбаша түрде хабардар етеді.
Осы тармақты қолдану мақсатында есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша барлық кезекті және қосымша декларациялар ескеріледі.
Субсидиялар шеңберінде алынған ақша қаражатын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру басқармаға жүктеледі.
Субсидиялар шегінде алынған ақшалай қаражатты дайындаушы ұйым он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет кірісіне 206108 "Өзге де салықтық емес түсімдер" бюджеттік сыныптама кодына қайтаруды жүргізеді".";
көрсетілген Қағидаларға 1, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшасымен толықтырылсын.
2. "Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 5-3/261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11329 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б.Сұлтанов
2016 жылғы 11 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2016 жылғы 6 сәуір
Нысан
______жылға есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім
Кімге:_________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Кімнен:________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінімді берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелген орны:___________________________________
_______________________________________________________________
Дайындаушы ұйымның деректері: | |
БСН | |
ЖСК | |
БСК | |
Өтінім берушінің есептік шоты (жиырма мәнді) | |
Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: | |
Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы: | |
БСН | |
ЖСК | |
БСК |
(теңге)
1. | Есептік жыл үшін декларациялар бойынша ҚҚС төлеуге есептелген сома | |
2. | Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы | |
3. | Есептік жыл үшін жиынтық жылдық кіріс сомасы | |
4. | Есептік жыл үшін "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнім өткізуден түскен кіріс сомасы | |
5. | Жиынтық жылдық кірістің жалпы сомасындағы тізбе бойынша өнім өткізуден түскен кірістің үлес салмағы (кемінде 90%) | |
6. | Дайындаушы ұйымның шотына аударуға жататын субсидиялар сомасы | |
7. | Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы хабарламалар деректемелері |
Субсидиялар сомасын есептеу осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз. Дұрыс емес мәліметті ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидия сомасының есебі сәйкессіздігі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған ақшалай қаражатты қайтаруды жүргізуге міндеттенеміз.
Субсидиялар алу мақсатында дайындаушы ұйымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдары алған барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың пайдалануына рұқсат етеміз.
Дайындаушы ұйым басшысының
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________
Өтінім қабылданған күн 20__жылғы "____"___________
Есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге қосымша |
Нысан
_____ жылға субсидиялар сомасын есептеу
(теңге)
№ | Тауарлық-көліктік жүкқұжат нөмірі | Толтырылған күні | Алушының атауы | Тауардың атауы | Саны (көлемі) | Тауар бірлігінің ҚҚС-сіз бағасы | Тауардың ҚҚС-сіз құны | ҚҚС сомасы | Өнім бірлігінің ҚҚС-сіз барынша рұқсат етілген құны | Өткізудің барынша рұқсат етілген құны бойынша ҚҚС-сіз сомасы | ҚҚС сомасы | Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
8-баған= 6-баған* 7-бағанға | 9-баған = 8- баған *12% | 11-баған = 6-баған *10- бағанға | 12-баған =11-баған * 12% | 1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-бағанға; 2) егер 7-баған 10-бағаннан кем болса, 13-баған=9-бағанға | ||||||||
Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы, есептік жылға есептелген салық төлеушінің жеке шоты бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауы тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер).
Дайындаушы ұйым басшысының
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________ мөр орны
Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________
Нысан
_______ жыл үшін дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер
______________________________________________________________
(Мемлекеттік кіріс органының атауы)
(теңге)
№ | Дайындаушы ұйымның атауы | БСН | Салықтық есеп деректері бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы | _______ жыл үшін жеке шот бойынша төлеуге есептелген және саналған ҚҚС сомасы | ____ жыл үшін есептелген шегінде төленген (жеке шот бойынша) ҚҚС сомасы |
Басшы _____________________________ _____________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)
мөр орны
Нысан
Дайындаушы ұйымдарға төленген субсидиялар сомалары туралы есеп
20__ жыл "____" ___________
Мемлекеттік органның атауы __________________________________
Субсидиялар атауы ___________________________________________
Есеп кезеңі _________________________________________________
Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ____________
_____________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
_____________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның коды (кіші бағдарламаның))
(теңге)
№ | Дайындаушы ұйымның атауы | БСН | Заңды мекенжайы | Төленген субсидия сомасы |
ЖИЫНЫ: |
Әкім ______________________________ __________ мөр орны
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)
Бірінші басшы – төменде
тұрған Бюджеттің бюджеттік
бағдарламаларының әкімшісі __________________________ ________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігіне барынша рұқсат етілген құн
(теңге)
№ | Тауардың атауы | Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы кодтары | Өлшем бірлігі | Барынша рұқсат етілгенқұны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Тірі ірі қара мал | – | килограмм | 471 |
2. | Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар | 014310 | килограмм | 554 |
3. | Тірі түйелер және түйе тектілер | 014410 | килограмм | 534 |
4. | Тірі қойлар мен ешкілер | 014511, 014512 | килограмм | 480 |
5. | Тірі шошқалар | 014610 | килограмм | 394 |
6. | Тірі үй құсы | 01471 | килограмм | 266 |
7. | Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы | 014721 | ондық | 148 |
8. | Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті | 101111 | килограмм | 1 079 |
9. | Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті | 101113, 101114 | килограмм | 1 072 |
10. | Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті | 101112 | килограмм | 846 |
11. | Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті | 101115 | килограмм | 1 240 |
12. | Сауын ірі қара малдың шикі сүті | 014120 | литр | 78 |
13. | Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті | 101210 | килограмм | 504 |
14. | Картоп | 011351 | килограмм | 55 |
15. | Сәбіз | 011341 | килограмм | 62 |
16. | Қырыққабат | 011312 | килограмм | 51 |
17. | Баклажан | 011333 | килограмм | 70 |
18. | Қызанақ | 011334 | килограмм | 135 |
19. | Қияр | 011332 | килограмм | 99 |
20. | Сарымсақ | 011342 | килограмм | 420 |
21. | Пияз | 011343 | килограмм | 38 |
22. | Қант қызылшасы | 011371 | килограмм | 12 |
23. | Алма | 012410 | килограмм | 182 |
24. | Алмұрт | 012421 | килограмм | 249 |
25. | Айва | 012422 | килограмм | 450 |
26. | Өрік | 012423 | килограмм | 211 |
27. | Шие | 012424 | килограмм | 242 |
28. | Шабдалы | 012425 | килограмм | 259 |
29. | Қара өрік | 012427 | килограмм | 202 |
30. | Түтілген жүн | 101141 | тонна | 300 000 |
31. | Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы | 101142 | бірлік | 2 700 |
32. | Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы | 101142 | бірлік | 2 500 |